Super User

Super User

Отырар: Трактордың аккумуляторын ұрлапты

Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша тұрғын үйінің ауласының сыртында тұрған «К-700» маркалы трактордың құны 75 000 теңге тұратын 2 дана аккумляторын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Хабарламаны естіген тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды.  Анықталғандай күдікті жас жігіт сол көшеден күнделікті өтіп, бақылап жүрген. Ер адам ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін арнайы аккумулятор қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау  қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Телефон ұрлаған әйел ұсталды

Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі "Самсунг" маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас  қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары: «Ұялы телефондарды дүкен сөрелерінде, дәмханадағы үстелдерде немесе автомобильдерде қараусыз қалдырмаңыз. Қалта телефоныңызды бейтаныс адамдарға бермеңіз. Телефонды киімнің ішкі қалтасында және сөмкеде сақтау қажет. Егер де, сіз, өзгенің мүлкін ұрлаудың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз»-деп ескертеді.Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі "Самсунг" маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас  қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары: «Ұялы телефондарды дүкен сөрелерінде, дәмханадағы үстелдерде немесе автомобильдерде қараусыз қалдырмаңыз. Қалта телефоныңызды бейтаныс адамдарға бермеңіз. Телефонды киімнің ішкі қалтасында және сөмкеде сақтау қажет. Егер де, сіз, өзгенің мүлкін ұрлаудың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз»-деп ескертеді.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Түлкібастық тұрғынның ауласынан есірткі табылды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. 

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды. Тұрғынның ауласын тінту кезінде 7 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты ретінде алынған зат «қарасора» есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды анасына қайтарды

5 маусым күні таңғы сағат 04:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға такси жүргізушілері хабарласып, Қапланбек кентінің жанындағы Шымкент-Шыназ тас жолында 5-6 жастағы адасқан қыз баланың жүргенін байқағанын жеткізді. Тәртіп сақшылары жедел түрде оқиға орнына шығып, кішкентай қызды полиция бөліміне жеткізді. Олар бүлдіршінді тамақтандырып, ата-анасы туралы сұрады және бірден оның туыстарын іздеуге кірісті.

Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасын іздеуге Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері мен ювеналды полиция тобының инспекторлары жұмылдырылды. Полиция жақын маңдағы аумақтарды аралап, сол аумақтағы тұрғындарға 6 жасар қыздың суретін жолдаған.

Нәтижесінде жоғалған қызын суреттен таныған қыздың анасы аудандық полиция бөлімге келді. Белгілі болғандай, кішкентай қыз түнде үйден көшеге шығып, жоғалып кеткен. Полицейлер кішкентай қызды анасына дін аман табыстады. Тұрғын сарыағаштық полицейлерге алғысын білдірді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары қыздың ата-анасымен баланы қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Балаларды дұрыс тәрбиелемеу жайты бойынша қыздың анасына қатысты жиналған іс құжаттар Сарыағаш аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға заңды шешім қабылдау үшін жолданады.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Балалар жоғалған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласу қажет.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Осы RSS каналға жазылу