Super User

Super User

Отырар: Жүргізушінің телефонын жымқырған

Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша «Opel vectra» маркалы автокөлігінде «Samsung A-11» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.  Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Анықталғандай күдікті ер адам жүргізушінің көлігіне жолаушы болып мінеді. Көлігінің арты орындығында тұрған ұялы телефонға көзі түседі. Жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұрлық қылмысын жүзеге асырған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының тиянақты жұмысының арқасында күдікті дер кезінде құрықталды. Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау  қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Шардаралық азамат ауласында есірткі өсірген екен

Шардара аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ер адам Шардара қаласының тұрғыны үйінің ауласында есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрғанын айтқан. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті тұрғынның ауласынан 6 түп есірткіге ұқсас өсімдіктің  өсіп тұрғаны анықталды. Полицейлер алынған есірткіге сот-сараптама тағайындап, «қарасора» болып шықты.  Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай ер адам есірткі өсімдігіне ұқсас затты өзі тұтыну үшін өсіріп баптаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз егіп-өсіру заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Денсаулығымызды сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей адамдық қалпымыздан айнымайық. Зиянды заттардың өз өмірімізге, отбасымызға, бүкіл қоғамға зиянын тигізетінін саналы түрде сезінейік.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Жүргізуші куәлігін әперемін деп алдапты

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу «жүргізуші куәлігін жасап беремін» - деп, сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп,  жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.  Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда, күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, күдіктіден ақша алған соң, байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері белгісіз адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Таныс емес, бөтен адамға ақша аударып, өзіңізге тиесілі құжаттардың нөмірін бермеуді ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайтқа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Қазығұрт: Мекемеге ұрлыққа түскен екен

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 дана жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000-ға  жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі  3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі  Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған 2 күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Анықталғандай таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға тұрғын үйлеріңізге, ғимараттарға, дүкенге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де сіз ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Осы RSS каналға жазылу