Super User

Super User

Түркістан: 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған

Тіршілік атаулының қайта түлеп, жаңаша кейіпке енетін көктем мезгілі шаруаға да қолайлы кезең. Осы кезеңде табиғаттың тірі байлығын қорғаудың да маңыздылығы арта түсетіні шын. Әсіресе су айдындарында балық аулаушылардың қарасы көбейетіні де осы уақыт. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дей тұрғанмен, заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді. Полицейлер рейдтік іс-шара жүргізу барысында балық аулап келе жатқан браконьерді ұстады. Браконьердің жүргізіп келе жатқан «Тойота камри» маркалы автокөлігін тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 97 дана сазан балығын айғақты зат ретінде алды. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүргендігі белгілі болды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ТҮРКІСТАН: ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары шегіндегі бассейндік жүйе бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырып келеді. «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы Балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту мақсатында республика көлемінде жыл сайын акциялар өткізіліп келеді. Бұл туралы Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Түркістан балық инспекциясы бөлімінің бөлім басшысы Боранбай Шәкен Қанайұлы атап өтті.

Акция нәтижесі бойынша,тазалау жұмыстарына 457 адам қатысып, 57 арнайы техника және 17 шағын көлемді жүзу құралдары жұмылдырылып, 44 тоннаға жуық әр түрлі қоқыстар мен суда қалған 494 дана аулардың қалдықтары жиналып тиісті орындарға шығарылды.

Ал, «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы басталғалы Инспекция бойынша 214 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы анықталып, оның ішінде 5 қылмыстық іс ішкі істер органына жолданды. 209 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 54 әкімшілік ісі сот органдарының қарауына жіберілді. Сонымен қатар, жыл басынан балық аулау ережесін бұзғаны үшін 151 жеке тұлғаға 2 млн 388,8 мың теңге айыппұл салынып өндірілуде.

 

"Aq-qara.kz"- ақпарат

ШАРДАРА: ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үйлестіруімен Шардара қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы құзырлы органдармен рейдтік іс-шара өткізілді.

Арнайы рейдтік іс-шара «Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларын алдын алу туралы» Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті. Шара нәтижесінде 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

"Aq-qara.kz"- ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті. Абай саябағында өткен іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен жастар қатысты.

– «Жасыл ел» бағдарламасы құрылған алғашқы жылдары-ақ оң нәтиже беріп келеді. Осы бағдарлама аясында «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтары құрылған. Мұндағы мақсат – жастардың жазғы каникулда бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табу ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы да маңызды. Себебі, сіздер туған қаламыз – Шымкенттің тазалығына, дамуына үлес қосасыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова.
Жиын бұдан кейін концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар көпшілікке арнап ән салды. Жауапты мамандардың айтуынша, биыл 1313 жасты бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

 Айта кетейік, биыл «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына 27 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында бұл бағдарлама жастарға жігер берген өміршең бағдарламаға айналды.

Еліміздің әр аймағынан республикалық штабтың бөлімшелері ашылып, олар күні бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келеді. «Жасыл ел» еңбек жасақтары қала­дағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесіп сенбіліктер өткізеді.  Құрылыс нысандарында еңбек етеді. МҮмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын береді. Ұйымдастырушылар  бұл жоба  жас ұрпақты еңбекті бағалауға үйретеді дейді.

– Әрқайсымыз қоршаған орта, туған жеріміз үшін жауап­кер­шілігі­мізді сезінуіміз қажет, бұл – біздің үйіміз, дейді «жасылелдіктер». Ұйымдастырушылар, бұл жобаға жастардың қызығушылығы артып отырғанын айтады. Оған осында келуге ниет білдіргендердің саныннын артып отырғаны дәліл ола алады екен.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Осы RSS каналға жазылу