Super User

Super User

ШЫМҚАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ

Жастар ресурстық орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы директоры, мемлекеттік органдар басшылары, Академияның жас мемлекеттік қызметшілер, орталық мамандары және түлектердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік қызмет-бұл мемлекеттік жүйеде маңызды механизм, соның арқасында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру қалыптасады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет ашықтық, құзыреттілік, әдептілік, тиімділік, Қазақстан азаматтарының сұраныстарына бағдарлану сияқты негіздерде құрылады.Дөңгелек үстелде еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмыс мәселелерін талқылады.

Кездесуде академия филиалы адам ресурстарының сапасын жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің білімін, дағдылары мен іскерлігін үздіксіз арттыру жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

Академия түлектері академияда оқудың артықшылықтары туралы атап өтті. Атап айтқанда, кәсіби және жеке құзыреттерін арттыру, халықаралық тағылымдамадан өту, білім алу және 2 дипломдық білім беру, оқу кезеңінде жұмыс орны мен лауазымын сақтау. Мемлекеттік қызметшінің санасын өзгертетін және көшбасшылық қасиеттері мен болашақ құзыретін дамытатын оқытудың қысқа мерзімді практикалық-бағдарлы бағдарламаларын әзірлеу, ұйымдастыру және жылжыту.

Одан соң жастар жас актер Олжас Мұсабековпен кездесті.  Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актеры Олжас Мұсабековпен жастар кездесті.
Олжас Мұсабеков өзінің шығармашылығы жайында және жетістікке жету жолын талқылап, өмір жолында өткен қызықтарымен студент жастарға бөлісті.Кездесудің мақсаты: еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру. Отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Айта кетейік, Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде. Кеңес отырысының қорытындысында қала әкім жастармен айына бір рет кездесіп отыратын болып шешім қабылданды. Шымкентте 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрады.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Шымкент: Полицейлер жоғалған ұл мен екі қызды тапты

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, 12 жасар жасөсіпірім бала үйінен шығып, қайта оралмай, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Өз бетінше іздеп, таппаған ата-анасы полицияға жүгінген. Хабарды алған бойда Еңбекші ауданы Полиция басқармасынан жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, ата-анасынан мән-жайды сұрастырады. Содан жедел-іздестіру жұмыстары жүргізлді. Баламен жақын арада байланыста болған куәлерден жауап алынып, жүруі мүмкін жерлер қаралды. Саябақтар мен ойынханалар тексерілді. Нәтижелі жұмыстың арқасында жасөспірім бала дін аман табылып, ата-анасына табысталды.

Осы түста айта кетейк,  Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалған қыздарды да анасына қайтарды.

Шымкент қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 8 жастағы екі қыздың жоғалып кеткені туралы арызданған. Анасының сөзінше: “ Балалары «Нұрсәт» ықшам ауданындағы би үйірмесіне автобуспен барған. Содан кейін олар байланысын тоқтатыпты. Ал, тәрбиешілерге телефон соққанда ол қыздардың сабаққа келмегенін біліп, дереу полицияға жүгінген. Жоғалған бүлдіршіндерді іздеуге шұғыл түрде Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды түгелімен тінтіп, түрлі куәгерлерден жауап алды.

Нәтижесінде, Шымкент қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жасөспірімдердің дұрыс емес аялдамадан түскендерін анықтады. Анықталғандай, олар жолда ұйықтап қалып, аялдамаларын өткізіп алған. Тәртіп сақшылары қыздарды аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Мегаполис тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларына жауапкершілік танытып, олардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін бақылауды күшейтуге шақырады. Әр ата-ана өз баласына деген жауапкершілікті жіті түсінгені жөн. Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл ҚР Полициясына - 30 жыл. Атаулы мерекеде қала әкімі М.Әйтенов шымкенттік полицейлерді құттықтап, Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыстады. Салтанатты шараға қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жергілікті атқарушы мекеме басшылары, ішкі істер органының ардагерлері де қатысты.

Жиылғандар алдымен қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жиында сөз алған қала әкімі Қазақстан полициясы отыз жыл ішінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен еліміздің тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды құрылым ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанын айтты.Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің ізгі тілегімен жалғасқан жиын жас полицейлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Тарихта өшпес із қалдырған кемеңгер генералдардың жолын берсін деген ниетпен ант қабылдау рәсімін арнайы Ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері өткізді. Құқық қорғау саласына жаңадан қадам басқан тәртіп сақшылары; милиция генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы мен Оспанов Асқар Шуашұлының алдында Отанға адал қызмет етуге ант берді. Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы жас полицейлердің болашағына сенім білдіре отырып, жолдарының ашық, абыройларының асқақ болуын тіледі.

Сондай-ақ, тәуелсіз елдің тәртіп сақшылары Полиция департаменті алдында сақадай сап түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Халықтар Ассамблеясы залында жалғасқан мерекелік шарада қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы арнайы әзірленген деректі фильм мен Ішкі істер министрінің құттықтауы назарға ұсынылды. Шырайлы шаһарды гүлдендіру жолында полицейлермен жұмыла еңбек етіп келе жатқан қала әкімі Мұрат Әйтенов пен маслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов 50-ге тарта полиция ардагерлері мен тәртіп сақшыларына Президент алғыс хаты мен қала әкімінің алғыс хат, естелік сыйлықтары табыстады. Өз кезегінде полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков тарихта өшпес із қалдырған Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қызмет барысында қаза болған полицейлердің жақындарына сый-сыяпат табыстады. Бұдан бөлек, қадірлі қонақтардың ішінде Департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері бар екенін атап, талантты бүлдіршіндерге ұлттық аспап домбыраны сыйға тартты.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда полицияға 109 автокөлік, былтыр 3 868 дана бейнебақылау камераласы алынды. Алдағы уақытта қолдау әлі де жалғаса береді.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

ШЫМШАҺАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында жыл соңына дейін 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда. Аталған жұмыстар 2021 жылы басталып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталған. 

Атап айтқанда  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша, сапалы жарықпен қамту тамыз айында толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Нұртас шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары қатар атқарылуда. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.

Айта кетейік, биыл Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары да жүзеге асуда. 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы 2 кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 72 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.  Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 74 пайызы аяқталған.

Жалпы, қаладағы тнфрақұрылыммен  ұамту құрылыстары жүріп жатұан аудандардың бәрі де қала басшысының жіті бақылауында. Шаһар басшысы сол нысандарды аралап, жұмыс барысын жіті бақылауында ұстап отыр.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Осы RSS каналға жазылу