Жұма, 13 Қыркүйек 2024 10:29

Түркістан: облыс орталығында шұлық шығаратын фабрика іске қосылды

«Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан «TURKISTAN» индустриалды аймағындағы Brownfield өндірістік ғимаратына инвесторлар тартылып, шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорны іске қосылды.

Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып, кәсіпорынды аралап көрді. Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған. Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2023 жылы Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөздер нәтижесінде өңірде бірқатар жоба жүзеге асады деп жоспарланған.

Былтыр Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толғаны белгілі. Облыс орталығы – Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бағытында қабылданған шаралар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жылда 2 есе өсіп, 3,5 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 есеге артып, 867 млрд.теңгені құрады. 2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 56 млрд. теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2834 жаңа жұмыс орны құрылды.

Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс 5 айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.

Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған.  2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 15 пайызға артып, 78 миллиардқа жеткен.

Құрылғанына 5 жылдан асқан облыс орталығында кәсіпкерлердің де саны артыпты. Шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субьектісі тіркелген. Былтыр олар өндірген өнім көлемі 225 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 26 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиардқа артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болса, былтыр 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиардқа артығымен орындалып отыр.

Байқасаңыз, Түркістан қаласының экнономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс көп. Бұл сандарды, назарларыңызға бекер ұсынып отырған жоқпыз. Көрсетілген миллиардтар артында орасан еңбектер бар және қала халқының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін факторлар.Тағы бір тоқталатын маңызды мәселе тұрғын үй. Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни,  құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалыпты.

«Қазіргі таңда қалада тұрғын үйге 16 645 адам тұрғын үйге мұқтаж азмат ретінде тіркелген. Сол азаматтарды пәтермен қамту мақсатында 2024-жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «Отбасыбанк» арқылы 3317 пәтер сату жсопарланған болатын. Бүгінгі таңда 2351 пәтер сатылды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатылатын болады»,— дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Сондай-ақ, қалада 8 мектеп салу қажет. Бүгінде жайлы мектеп бойынша 3 білім ошағының құрылысы басталған. Тағы 5 мектепті салу көзделіп отыр.Ал өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға түскен. Былтыр қаладағы 4150 отбасыға  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, биыл 1745 жанұя бұл көмекке қол жеткізіп отыр. Мұнан өзге, 5973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химиялық жиынтықтар берілген екен.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 228,0 мың адамға жетті.  Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста  өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Халықтық кеңсе арқылы өткен жылдан бүгінгі күнге дейін жалпы қызмет алған адамдар саны – 77 478 (Оның ішінде 10 112 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілген. 58 994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер, 3 440 тікелей арыз жазғандар мен жеке қабылдауға жазылғандар, 5 717- ИИС ЦОН арқылы қызмет көрсетілген). Бұған қоса, қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. 2023 жылдың қорытындысымен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне 4 621 өтініш қабылданған. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2023 жылдың шілде айынан бері  тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. 2023 жыл соңына дейін 7188 қоңырау түсіп, оның 99,8% шешімі табылды

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш – жалпы өңірлік өнім көлемі жыл қорытындысымен жоғарыда айтып өткеніміздей, 370,8 млрд .теңгені құрап, өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 59%-ға өскен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2023 жылы 25,8 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, 2020 жылдың қорытындысымен тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,8 млрд.тг өнім өндіріліп немесе 61%-ға өскен.

Былтыр жыл қорытындысына сай Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1 015,2 мың адамға жетті, өткен жылмен (382,6 мың адам) салыстырғанда 2,6 есеге өсті. Сонымен қатар, шетелдік туристер саны 12,2 мың адамға жетті, яғни өткен жылмен салыстырғанда 92,6% өсті.  2023 жылы Түркістан қаласында 63 орналастыру орындарын құрап, 2020 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда 96,8%-ға артты.

Түркістанда 76 мектеп (52668 оқушы) бар болса, оның 34 мемлекеттік (42115 оқушы), 42 жекеменшік (10553 оқушы).  Қала аумағында 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 8 мектептің құрылысын жүзеге асыру жоспарланса, оның 3-і (ӘІО-2 (әрқайсысы – 2 000 орындықтан), Яссы тұрғын алқабы – 1 (1 200 орындық)) 2023 жылы құрылысы басталды. 2023 жылы 10 жекеменшік мектептер іске қосылды.  2024 жылы 4 мектеп (№17 Ататүрік, №7 С.Ерубаев, №9 Некрасов, №31 Абай) пен 4 балабақша («Айгөлек», «Арай», «Әлия», «Айгүл») күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, 10 мектеп (№22 Б.Момышұлы, №26 Әйтеке, №4 С.Сейфуллин, №6 М.Мәметова, №16 Т.Бигелдинов, №8 Н.Төреқұлов, №24 М.Шоқай, №5 Ғ.Мұратбаев,  Ш.Ниязов, №12 Қ.Сәтбаев) пен 7 балабақшаны («Балғын», «Балбөбек», «Болашақ», «Бөбек», «Балапан», «Мереке», «Ертөстік») ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл соңғы жылдардағы ауқымды жұмыс болып отыр. Сонымен қатар, мектептер 100% қоршалған, турникетпен 1 мектеп, ішкі әжетхана – 100%, газдандандыру – 30 мектеп, сарқынды су жүйесімен – 22 мектеп, ауыз су жүйесімен – 32 мектеп, орталықтандырылған жылу жүйесімен – 4 мектеп, бейнебақылаумен және SOS батырмасымен – 100% қамтылған.

Түркістан қаласының территориясында медициналық көмек көрсететін – 18 мекеме (1-қалалық емхана (8-бөлімше), 10-Жекеменшік емхана,1-Стационарлық көмек көрсететін перинаталдық орталық, 1-Балалар ауруханасы,1-Ересектер ауруханасы, 3-Жекеменшік аурухана (Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасы диогностикалық орталығы, «Ақмарал» және «Талғат» клиникасы),1-Жедел жәрдем бекеті) жұмыс жасауда.Қала аумағындағы барлық емханалар 4-санатты жедел жәрдем бекетерімен қамтылған. 2020 жылы 6 309 бала туылса, 2023 жыл қорытындысымен 6 471 бала дүниеге келген. Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. Атап айтсақ, 2021 жылдың қортындысымен 3 866 отбасы, 2023 жыл қорытындысымен 3 262 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалып, 15,6%-ға азайған.   Аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және қиын өмірлік жағдайлардағы аналарды ынталандыру мақсатында 2023 жылы «Қамқорлық» жанұя орталығы іске қосылып, 2 568 қызметтер мен 1 858 кеңестер ұсынылды. Бүгінде «ҚАДАМ» білім беру жобасы арқылы 275 азаматша білім алуда және 112 азаматша оқу курстарын аяқтады. Ал «НӘТИЖЕ» әлеуметтік жобасы арқылы 115 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып, 118 тұрғын өз кәсібін ашып, табысқа шықты.

Түркістан қаласының еңбек индикаторындағы негізгі міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта 2023 жылы біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті. Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағытында 2023 жыл қорытындысымен 8 315 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 5 456 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (өнеркәсіп 265, ауыл шаруашылығы 197, құрылыс 462, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 489, қызмет көрсету 348, білім саласы 337, денсаулық сақтау 425, басқалар 1643 азамат). Сондай-ақ 682 жас түлек «Жастар практикасымен», 130 жас – алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 275 азамат – қоғамдық жұмысқа, 201 азамат – әлеуметтік жұмысқа, 395 азамат – «Өңірлік карта» аясында жаңа жұмыс орындарына жолданды. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. Шағын несиемен өз кәсібін ашуға ниетті 39 азамат қамтылды. Қала аумағында 2023 жылы ауқымды 107 – мәдени, 35 – ірі спорттық іс-шаралар өткізілді. 2023 жылы қазан айында 2050 орындық стадионға реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.  Ағымдағы жылға 105 мәдени, спорттық іс-шаралар жоспарланып, белгіленген мерзімдерде өткізілуде. Сонымен қатар, қалада 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Қала аумағында 5 саяси партиялардың өкілдіктері, 3 этно-мәдени орталық пен 27 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.Жастар саясаты бойынша, 2023 жылдың қорытындысымен 480 іс-шара ұйымдастырылып, 14 225 жас қатысты.

Түркістан қаласында 2020 жылдардың қорытындысымен 32 316 абонент болса, 2024 жылы 42 240 абонент құрап отыр.  Оның ішінде, ауыз сумен 41 775 абонент, яғни 98,9% қамтамасыз етілген. Яғни тиісті кезенімен салыстырғанда 9 924 абонентке көбейген.  2023 жылы 3 нысанның құрылысы толық аяқталып, абоненттік қосылымдар жүруде (Мақта зауыт аумағы, ТГДЖ аумағындағы ауыз су құбырларды қайта жаңғырту; Иассы және Шауғар мөлтек аудандарының су құбыры желілерін қайта жаңғырту; Түркістан қаласындағы жаңадан қоныстанған аумақтардағы ауыз су жүйесінің құрылысы).  2 нысанның құрылыс жұмыстары (№1, 2 мөлтек аудандар және «Ремзауыт» аумағындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту; Түркістан қаласы Сұлтанов (н/з) көшесіндегі «Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру» (2600 м3, 2 дана)) 2024 жылға өтпелі.  Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделуде.  Қазіргі таңда, қосымша қоныстанып жатқан тұрғын үйлерді сумен қамту және ескірген ауыз су желілерін қайта жаңғырту бойынша 1 нысанның ЖСҚ әзірленуде.

Келесі мәселе – қаланы жылумен қамтамасыз ету. 2020 жылдары қала аумағында 4 қазандық болса, бүгінгі таңда 17 қазандықтан жалпы орталықтандырылған жылумен қамтылған нысан саны – 347. Оның ішінде, орталықтандырылған көпқабатты тұрғын үй саны – 199 (жалпы көпқабатты тұрғын саны – 313, ал 114 тұрғын үй автономдық жылумен қамтылған), 148 әлеуметтік нысан, жеке және заңды тұлғалар орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде. Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру қажеттілігімен 1 нысанда  құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу құбырларының тозу деңгейі шамамен 79 пайыздан 30 пайызға төмендеді. 2023 жылы тозығы жеткен 3,7 шақырым жылу құбырына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, бюджетке ұсынылды. Жоба іске асқан жағдайда құбырлардың тозу деңгейі 30 пайыздан 10 пайызға төмендейді.

Түркістан қаласында 2020 жылы 38,0 мыңға жуық абонент болса, бүгінгі таңда электр қуатымен қамтылған абонент саны 44 548-ге жетті.  2022-2023 жылдарда жалпы 7 нысанның құрылысы жүргізіліп, 6 нысан пайдалануға тапсырылса, 1 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде қосымша 6 мыңнан астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. 2 нысан қаржыландыруға ұсынылды, абонент саны 2 704  (Айбергенов көшесі бойындағы 35-0,4 Кв кабель желілерін салу, Бірлік 2 және жобадан тыс қалған 7 нысанды электрмен қамту)).

2020 жылдың қорытындысымен табиғи газ тұтынушы 20 450 абонент болса, бүгінгі күні көгілдір отынды 39 032 абонент немесе қала тұрғындардың  98,0% дербес шот ашып пайдалануда. Газ құбырына қосылмаған 798 абонент (2,0%) бойынша ішкі монтаж жұмыстарын атқаратын мердігер мекемелермен бөліп төлеу бойынша ұсыныстар жолданып, 130 отбасыға қолдау көрсетілді. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табиғи газ желісіне қосылуға демеушілер ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылды.  Одан бөлек, «Отырар» мөлтек ауданында 5 қабатты 36 тұрғын үйді (2 136 пәтерді) қазіргі таңда газдандыру жұмыстары аяқталып, дербес шот ашу жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде 301 шақырымы асфальтты (35,6%), 296,9 шақырымы тас жол (35,2%),  361,7 шақырым топырақ (29,2 %) жолдары  құраған болатын. 2023 жыл қорытындысымен 845 шқ құрайтын жолдың 383,9 (45,4%) асфальт жол, 461,1 (54,6%) шқ құрайтын қанағатты жағдайда жолдары бар. Яғни, 3 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы топырақ жолдар шешілді. 2021 жылы 4 нысанның құрылысы басталған. Олар, І.Қожабаев көшесі, Қалаби көшесі, Жангелдин көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолы. Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданында темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.  2023 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 50,3 шқ құрайтын 47 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, толығымен аяқталды. 2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол төселді.

2024 жылы 4 жолдың құрылыс жұмыстарына (Атабай тас жолын реконструкциялау (Ұзындығы 3,07 шқ.). Б.Майлин көшесін реконструкциялау (Ұзындығы – 1,97 шқ.); О.Жандосов көшесін реконструкциялау (Ұзындығы – 3,11 шқ.), Қазыбек би – С.Ерубаев аралығындағы жолдың құрылыс (Ұзындығы – 1,82 шқ.) ЖСҚ әзірленуде. Сонымен қатар, 89 – көшеге орташа жөндеу жұмыстары (Шауғар ж/е Яссы т/а), жайлы мектеп бағдарламасы бойынша – 2 мектеп тұсына, жалпы 102,1 шқ жолға асфальт басу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Түркістан қаласында қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар («Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағыт, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағыт). Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Оның ішінде, 164 дана сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайдағы)  және 56 дана шағын автобустар құрайды.Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 164 автобус (оның ішінде, 2021 жылы – 46; 2022 жылы – 40; 2023 жылы – 78. «Жолаушы» ЖШС 106 автобус, ТехПрофАвто» ЖШС 58 автобус) алынған. Жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 75%-ға жетті.  Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.

2022 жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, қала аумағындағы 123,1 шқ құрайтын 93 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4%-ға жетті (485 көше, 618,6 шқ). 2023 жылы 84 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, нәтижесінде 757 көшесі (895,8 шқ құрайтын) түңгі жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілді. Қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 86,5%-ды  құрады. 2024 жылы 188 көшені жарықтандыру көзделген, нәтижесінде жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 95%-ға жетеді. Күтіп-баптау жұмыстары  жалпы 251 нысанда аумағы 524 га құрайды (оның ішінде, 30 саябақ (237 га), 30 сквер, аллеялар (34 га), 29 көшелер (60 га), 15 жасыл алқаптар (121 га)). Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі. Жалпы қала аумағындағы нысандарды күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ-нің 250 көгалдандыру жұмысшыларымен бірге мердігер мекемелер тарапынан 2200 жұмысшы жұмыс атқарады. Тазалау, суғару, қоқыс шығару, жасыл желектерді күтуге арналған, саябақтармен аллеялардағы аяқ жолдарды және ағаштарды қардан тазартуға, сыпырумен жолақтарды жууға арналған т.б жұмыстар жүргізетін 211 үлкен – кіші  техникалар жұмыс атқарады.

2022 жылдары қалада 77 нысан абаттандырылса, оның 25 нысаны 2023 жылға өтпелі (ойын алаңшалары – 10, саябақтар – 6, ирригациялық жүйелер – 13, абаттандыру – 48).  2023 жылы 51 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізілді (ойын алаңшалары – 35, саябақтар мен сквер – 3, ирригациялық жүйелер – 1, абаттандыру – 12). Оның ішінде, 33 ойын алаңшалары мен 3 сквер (Есенберлин көшесіндегі саябақ, Абылайхан көшесіндегі сквер және Бірлік аумағындағы сквер) құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылданды. 10 аулаішілік нысандар (Балақаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй аумағы; Жүсіп Қыдыр – Төле би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй аумағы; Байтерекұлы көпқабатты тұрғын үй аумағы; Есенберлин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй аумағы және Тауке хана көшесідегі №72,74 көпқабатты тұрғын үй аумағы; Отырар м/а ауласы (2 кезек); Отырар м/а ауласы (3 кезек); Т.Бокин көшесіндегі үйлер ауласы; 2 м/а тұрғын үй аумағы; Сырдария мен Арман тұрғын үй кешендері аумағы) пайдалануға берілді. 2024 жылы жалпы 53 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 23 нысан – ойын алаңшалары, 8 саябақ пен сквер (Керей хан көше бойындағы сквер; Бекзат м/а саябақ; Бекзат аллеясы; Төреқұлов көшесіндегі саябақ; Шипа су аумағындағы саябақ; Ботаникалық бақ аумағындағы сквер; Шаяхметов көшесіндегі сквер; Жандосов көшесіндегі аллея)  және 22 нысан негізгі көшелердің (Қазыбек би, Қожанов, Тауке хан, Байбұрт, Алматы, Ерубаев және т.б.) көгалдандыру жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары іске асады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 60 рет