Жұма, 13 Қыркүйек 2024 11:14

Түркістан қаласындағы «GOLDEN CAMEL» зауыты өз жұмысын қайта бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы бағытта Түркістан қаласында «TUKISTAN» индустриалды аймағы құрылып, онда кәсіпорындар өз ісін жүргізіп отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «TUKISTAN» индустриалды аймағында болып, онда орналасқан «Golden Camel» зауытының жұмысымен танысты. Өңір басшысы зауытты әрі қарай дамыту барысында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін және бұдан басқа да жаңа жобаларға ашық екенін жеткізді.

Пандемия кезінде жұмысын уақытша тоқтатқан «Golden Camel» зауыты өз жұмысын қайта бастады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды былтыр Қытайға жұмыс сапарында «Golden Camel» зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде, Түркістанда «Golden Camel group LTD» төрағасы Ян Джи және «Win Lun» компаниясының басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, тараптар кәсіпорынды қайта жандандыруды қолға алды. Кәсіпорын қайта іске қосылды. Инвестордың айтуынша, бүгінде Түркістанда шығарылған түйе сүті өнімдеріне Қытайда сұраныс жоғары.

Өндіріс орны түйе және бие сүтінен құрғақ сүт шығарумен айналысады. Сонымен қатар мұнда ұлттық сусынды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығарылады. Жылына 2500 тонна өнім өндіруге қауқарлы зауытқа 7 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Өнімінің басым бөлігі шет мемлекеттерге экспортқа шығарылады.

Жалпы, Түркістан қаласында соңғы жылдары өндіріс орындарының қатары көбейіп келеді. Мәселен, облыс орталығындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында 2023 жылы мынадай жобалар жүзеге асырылды: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге,  20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.

Түркістан қаласында 2023 жылы жалпы құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге,  45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3-ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. «Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 млрд.теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары:  «Qas saq mini hotel», құны 200 млн теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 млн теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 млн теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 млн теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан  15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы  25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК,  ЖШС «Ет»  комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі  сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.

2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 млрд 168,0 млн. теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  11,4% құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда  23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары  тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда  109,7% құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі  49,9% құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 млн.теңге, нақты көлем индексі 110,8% құрады.  Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап,  аудан мен қалалар бойынша 1 орында. Түркістан қаласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 355,8 млрд. теңгені құрады. Жоспар – 348,9 млрд. теңге,  орындалуы (111,9 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджет 59,1 млрд. теңге (16,6%), жергілікті бюджет 88,3 млрд. теңге  (24,8%), жеке инвестиция 202,1 млрд.теңге (56,8%), сондай-ақ жалпы 6,2 млрд. теңге (о.і. басқада қарыз қаражаты есебінен 4,8 млрд.теңге (1,3 %), банк кредиттері 1,4 млрд.теңге (0,4 %) тартылған. Жалпы инвестиция бойынша облыстағы қаланың  үлесі 36,6% құрап, аудан, қалалар бойынша 1 орында.

Түркістан қаласы облыс орталығы және қала статусын алуына орай ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар іске асырылмауда. (Егістік жерлер мен мал жайылымдық жерлер жоқ) Агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды – құс фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжай құрылысы секілді ірі инвестициялық жобаларды индустриалды аймаққа, арнайы экономикалық аймаққа немесе қала аумағында іске асыруға заң аясында мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ауыл шаруашалығы саласында жалпы 11 907,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде, мал шаруашылығында 3 860,6 млн. теңгенің, егін шаруашылығында  6 337,7  млн. теңгенің өнімі өндіріліп,  жалпы нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады. Есепті кезеңде ет 903,1 тн өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 98,5%-ға, сүт 9 907,5 тн болып 101,0%-ға, жұмыртқа 646,1 мың дана болып, 91,5 % құрап отыр.  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында – арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) сияқты 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылы аталған 4 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 766 қызмет көрсетілген.

2023 жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1015,2 мың адамға жеттіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (975,5) 4,0%-ға артты.  Сонымен қатар, 2023 жылы шетелдік туристер саны 12,2 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,8% өсті (2022 жылы осы кезеңде 7,1 мың адам). 2023 жылдың 9 айының қортындысымен Түркістан қаласында нөмірлік қоры 2671 төсек-орын құрайтын 59 орналастыру орны жұмыс істейді. Сондай-ақ орналастыру орындарымен 74,5 мың адамға жалпы соммасы 2,25 млрд.тг-ге қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылы Түркістан қаласында 6 қонақ үй ашылса, оның ішінде Qassaq (жұмысшы саны 6, номер саны 12/24), Turan қонақ үйлері ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, Яссы, Шапағат, Май-Бұлақ, Павлин қонақ үйлері ғимаратқа реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп ашылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, «Керуен – Сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салатанаты өткізілді. «Bauyrsaq Fest» ісшарасы ұйымдастырылып, әуе шарлары ұшырылды. Сонымен қатар ұлттық колоритке толы «Gastro Fest» гастрономиялық фестивалі, этноауыл аумағында «Этнофест» мерекелік бағдарламасы, «Silk Road» түйе керуені шеруі ісшарасы өткізілді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысатын «KazAgro/KazFoodTurkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өткізілді

2023 жылы Сыртқы туризмді дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасының Юэцин қаласымен, Тәжікстан мемлекетінің Худжанд қаласымен бауырластық қатынастар орнатылып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.  Түркістан қаласының туристік салада жұмыс істейтін гид-экскурсовод, қонақ үй басшылары, қолөнершілер және т.б. бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру және ынталандыру мақсатында өткен жылдың қазан айында семинар-тренинг өткізіліп, 60-тан маман қатысты. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атануына байланысты бірқатар іс-шаралар жоспары түзілді. Ағымдағы жылы аталған іс-шараның ашылуын және жыл соңына қарай жабылу салтанатын өткізу жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, бауырлас қалалармен түзілген меморандум аясында байланыстарды арттыру, бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен Түркістан қаласының туристік потенциалын жарнамалау және т.б. ісшараларды өткізу көзделуде. Туризм саласындағы мамандарды  ынталандыру мақсатында біліктілікті арттыру мақсатында семинар, тренингтер ұйымдастыру, «Mobilography Fest» фестивалін, «Turkistan Tourism Awards» ісшарасын ұйымдастыру жоспарлануда

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 66 рет