Кеңес отырысында Түркістан қаласындағы «Бірлік» секторының қала аумағына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салынатын салық жүктемесіне наразы шаруалардың да мәселесі талқыланды. Кәсіпкер Шукрулла Ботаев Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы қызметтік міндеттерін уақытылы орындамаудың салдарынан кәсіпкерлерге 3 жыл бойы салық төленбегені үшін жеке есепшоттары бұғатталғанын атап өтті. Жиынды қорытындылаған Орынбасар Әбдікәрімұлы кәсіпкерлердің өзекті мәселесі назардан тыс қалмайтындығына тоқталды. Тиісінше облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қордаланған түйіткілді мәселе бойынша құзырлы органдарға хат жолдап, оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатын болады. Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – сот, арбитраж немесе аралық сот. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі – билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.
Біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағынасын түсіну қажет. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы келесідей анықтама береді: «Кәсіпкерлік – ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады». Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады: а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған; б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды; в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді; г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді.
Екіншіден, кәсіпкер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабының 3-тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады: 1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10-бабы Қазақстан Республикасының әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады.
Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс. 2) кәсіпкерліктің барлық түрлерін экономиканың барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есепке ала тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңымен заңды тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі белгіленген, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі. Қазіргі жағдайда мағынасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс. Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6-бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды. Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса.Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.
Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті. 3) мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға «Жеке меншік кәсіпкерлік туралы» және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады. Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі. Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады. 4) кәсіпкерлік қызметті заңнамалық актімен қарастырылған негіз бойынша шығарылған сот шешімі бойынша мәжбүрлікпен тоқтату. Кәсіпкерлік қызмет кез-келген негіз бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы заңды тұлғаның сот шешімі бойынша таратылу жағдайларын қарайды: банкрот болған жағдайда; заңды тұлғаны оны құрғанда заңнамалық бұзушылық жіберілген кезде тіркелгенін заңсыз деп мойындаған кезде; заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы қызметті әрдайым жүзеге асырғанда; қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті, немесе бірнеше дүркін немесе дөрекі заңнамалық бұзушылықпен, оның ішінде декларация бермеумен жүзеге асырылса; заңнама қарастырған басқа жағдайларда. 5) заңнамалық актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдерін белгілеу. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 2-тармағымен заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған кезде заңды тұлғаны сот тәртібінде таратуын қарастырады. Мұндай актілермен жеке меншік кәсіпкерлік үшін тыйым салынған жұмыстар, тауарлар және қызмет көрсету түрлерін, экспортқа немесе импортқа тыйым салынған немесе шектелген тізілімдер қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін шектеу олардың құрылтай құжаттарымен және олардың құқықтық мәртебесі туралы нормативтік актілермен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық келісімдерімен қарастырылған. 6) мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басқа тұлғаларды және ұйымдарды кәсіпкерлер алдында олардың қызметіне заңсыз кедергі жасағаны үшін заңнама белгілеген мүліктік жауапкершілікке тарту.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 922-бабы мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік қарастырылады. Мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес емес актілер шығарғаны нәтижесінде келтірілген зиян сот шешімі негізінде, акт шығарған органдардың, лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, орнын толтыруға жатады. Зиян орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиян орны осы органдардың билігінде тұрған ақша есебінен жалпы негізде толтырылады. 7) атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдарға кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциясына жататын міндеттерді орындауға келісім-шартқа тұруға тыйым салу. Кәсіпкерлік субъектілерімен келісім қатынастарға түсу «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңымен қарастырылған сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына қайшы, оның 5-бабының 9 тармағы бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік реттеудің болмауы туралы жариялайды.
Түркістандық кәсіпкерлерге айта кетерлік тағы бір жағымды жаңалық, Түркістанда кәсіпкерлерге арналған бөлшек салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді. Бұл туралы таяуда өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.
«Енді Түркістан қаласы мен облыстағы кәсіпкерлер арнайы салық режимін 2% жеңілдікпен төлей алады. Бастапқыда бөлшек салық тек тамақтану саласында ғана қолданылған болса, қазір 364 қызмет түріне қолданылады. Салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа саны 200 адамнан және жылдық табысы 600 000 АЕК (2 215 200 000) млн. тенгеден аспауы тиіс. Ал бұдан жоғары болған жағдайда қосымша құн салығы төленеді. Жеке кәсіпкер де, серіктестік те бөлшек салықты қолдануға құқылы. Жүйе шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында қолға алынған. Бұл ретте сатып алушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін болады»,- деді Сәуле Әбдәшімқызы.
Брифингке қатысқан кәсіпкерлік палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыстың айтуынша, бұл жоба өңірдің кәсіпкерлік саласының дамуына серпін береді.
«Бүгінгі таңда өңірде жалпы 200 000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3 000-ға жуық кәсіпкер қосымша құн салығын төлейді. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 50%-ға дейін түсіру туралы шешімді жергілікті мәслихат шығарып, ал ұсынысты жергілікті атқарушы органдар береді. Осы ретте тиісті шаралар атқарылып, Палата тарапынан кәсіпкерлерге тиімді салықтық мөлшерлеме ұсынылды. Нәтижесінде өңіріміздегі барлық аудан-қалалар бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режим мөлшерлемесі төмендетілді»,- деді Әзірет Ыдырыс.
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы кодексінің 696-3-бабына сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін келесідей шарттарға сәйкес келген салық төлеушілер қолдануға құқылы: Салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын; Күнтізбелік жылдағы табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (яғни 2024ж. шамамен 3 692 х 600 000 = 2 215 200 000 теңгеден); Осы режимді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешесін жүзеге асыра алады.
Экономикалық қызметтің жалпы тізбегі негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге бағытталған 364 қызмет түрі кіреді. Оның ішінде бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай ақ қоғамдық тамақтану және т.б. қызмет түрлері. («Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысы (бұдан әрі-ҚР Қаулысы) 30.05.2023 жылы ресми жарияланды). Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін ставкалары.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді: егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %; корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 3-2-тармағының нормаларын 242-бабы қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 %. Жергілікті мәслихаттар жекелеген салалар үшін мөлшерлемені 2 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі артты. Мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуына мүмкіндік береді. Бұл ретте жергілікті уәкілетті органдардың бөлшек салық ставкаларының мөлшерін 50 пайызға яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі бар (Қызылорда қалалық мәслихатының 30.06.2023 жылғы №45-5/1 санды шешімімен 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді).
Ал, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкерлерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленеді яғни, бұл 8 пайыз. Салық кезеңі. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады. Салық есептіліктері. 913.00 нысанды «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация» 200.00 нысанды «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация». Төлеу мерзімі. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат