Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024 11:05

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түркістан өңірінде кәсіпорындар мен өндіріс орындарын бір жерге шоғырландыру, олардың тиімділігін арттыру және инвесторларға қолайлы жағдай қарастыру мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Қазіргі уақытта аталған аймақтардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мәселе таяуда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында жіті қаралып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Аймақ басшысы жұмысты кешіктірмеуді, инвесторларға қолайлы жағдай жасауды, құрылыс жұмыстарының барысында кездескен кедергілерді дер кезінде шешуді тапсырды.

Түркістан қаласында орналасқан «Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Бүгінгі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары 100%-ға аяқталған. Жолдың 1,4 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Жол құрылысын 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Теміржол құрылыс жұмыстары 40%-ға орындалып, теміржолдың 2,1 шақырымына релстер орнатылды.

Сонымен қатар су және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары 70 %-ға орындалып, су құбырының 8,5 шақырымы тартылды. Кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр жүргізілді. Аталған нысандарыдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының тұрықты қадағалауында. «Turan» арнайы экономикалық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мұнда 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, жұмысын бастайды. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 

«Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы 6 кезеңнен тұрады. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев «Тұран» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету барысын баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 5 кезеңнің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2 жобаның құрылысы аяқталды. Пайдалануға тапсыру жұмыстары атқарылуда. Яғни, 1-кезең бойынша газбен қамту жұмыстары жүргізілсе, 3-кезең өрт сөндіру және өткізу бекеттерін салу, абаттандыру, байланыс желісімен қамту, қоршау жұмыстары аяқталған. Газбен қамту жұмыстарын «Баянды Құрылыс» ЖШС жүргізген. Жоба құны – 1,58 млрд теңге. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалған.

Қазіргі таңда «ИнтерГАЗ» АҚ-на қарасты АГРС-14-ке тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үшінші кезеңді «Баянды Құрылыс» ЖШС жүзеге асырған. Жоба құны – 1 млрд теңге. Бүгінгі таңда пайдалануға тапсыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қалған кезеңдер бойынша жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.Жиын барысында индустриалды аймақтардағы өзекті мәселелер де ортаға салынды. Ондағы жүзеге асып жатқан жобалар мен инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы қаралды. Түркістан облысында жалпы ауданы 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ бар. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Сауран аудандарында орналасқан.

Қазіргі уақытта құны 114,2 млрд теңгені құрайтын 79 жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында 5 624 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Атап өтсек, машина жасау бойынша 5 жоба, тамақ өнеркәсібі бойынша 6 жоба, жеңіл өнеркәсіп бойынша 14 жоба, құрылыс бағытында 44 жоба, экономиканың басқа да салалары бойынша 11 жоба іске қосылуда. Арнайы аймақтарды инфрақұрылым жүйелерімен қамту, инвесторларды тарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Түркістан өңірінде бірнеше бағыттарда өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті бар. Біріншіден, өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі мол. Сонымен қатар пластмассадан жасалған бұйымдар пластикалық ойыншықтар, пластикалық ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және т.б. өндірісін дамытуға болады. Екіншіден, агроөнеркәсіп кешені саласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі екені белгілі. Ірі қара және ұсақ мүйізді мал басы (5,9 млн.), ет экспортының көлемі (80%), сондай-ақ жеміс-жидек экспорты (26%) бойынша үнемі алдыңғы қатарда. Бүгінгі таңда өңірде дәнді, жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағытқа ие. Түркістан облысының негізгі инвестициялық кешендері – дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар мен қатысушыларына түрлі салық жеңілдіктерін беретін «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы. Арнайы экономикалақ аймақ шамамен 4000 га аумақта орналасқан және 6 қосалқы аймақтан тұрады, олар: тарихи-мәдени орталық (862 га), әкімшілік-іскерлік орталық (1580 га), 3 өнеркәсіптік аймақ (365 га - Оранғай, 180 га - Түркістан, 35 га - Кентау) және әуежай (967 га).

Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Олар Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Түркістан және Кентау қаласында орналасқан. Индустриалды аймақтарда құны 24,054 млрд. теңге болатын және 2614 жұмыс орнын құрайтын 56 жоба орналасқан. Оның ішінде құны 15,542 млрд. теңге болатын және 2087 жұмыс орнын құрайтын 40 жоба іске қосылып, жұмыс атқаруда. Биыл 266 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жобаны іске қосу межеленген. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.

Түркістан қаласының индустриалды аймағының 40 га аумағында инфрақұрылым жүргізу үшін 904 млн. теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған (автожол – 4,21 км, электрмен жабдықтау – 23,3 км, сумен жабдықтау – 11,9 км, кәріз – 4,03 км, газбен жабдықтау – 1,1 км, телефондандыру – 7,9 км, трансформаторлары 6 дана). Түркістан облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Түркістанда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Дайын өнімдерді ұқсата, тереңдете өңдеп, сапалы тауарларды заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, тұтынушыға жеткізетін орындар облыстың барлық аудандарынан ашыла бастады. Бүгінде облыста жалпы көлемі 538 га құрайтын 9 индустриалды аймақ орналасқан. Олар Түркістан қаласында, Кентау, Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында орналасқан. «Turkistan» индустриялды аймағы 2019 жылы құрылған.

28 гектар жерді алып жатқан «Мақтаарал» индустриялық аймағы 2014 жылы ашылды. Онда 1330 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асуда. Мұнда 220 адамға арналған жұмыс көзі бар. «Мақтаарал» индустриялық аймағында Мақтаарал мен Жетісай аудандарының жобаларын орналастыру мәселесі де реттелген. Негізінен мұнда жоғары технологиялы мақта тазалайтын және жемісті мармелад өнімдерін шығару қолға алынған. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін 2 жоба аясында 66 адам жұмыс істеуде. Таяу болашақта мұнда мақта кластерін жасап, әлемнің түкпір түкпіріне мақта мата өнімдерін жөнелту қолға алынбақ.

35 гектар жерге орналасқан «Шардара» индустриялық аймағы 2015 жылы құрылған. Мұнда 1125 млн. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалдығын өңдейтін, гафрокартон мен одан ыдыстар жасау және мақта өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Индустриалды аймақтың бір артықшылығы, мұнда электр энергиясы арзан, ауызсу және суармалы жер бар. Қызылқұм магистралі Шардара–Арыс–Шымкент, Шардара–Абай–Шымкент тас жолына және Шардара су қоймасына жақын орналасқан.

Созақ ауданы – өңірдегі жер көлемі ең ірі аймақ. Ауданның ең үлкен қазынасы – табиғи қазба байлығы. Сондықтан «Созақ» индустриялық аймағының салалық бағыты – пайдалы қазбаларды өңдеу, химия өнеркәсібі және фармацевтика өнеркәсібі, тау-кен өндірісі. Оның жалпы ауданы 50 гектарға тең. Мұнда 1144 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асып, 279 адам жұмысқа тартылмақ.Түлкібас ауданындағы 2015 жылы құрылған 55 гектар аймақтағы индустриялық аймақ бүгінгі таңда қаңырап бос тұр. Мұнда 4 жылдан бері әлі күнге дейін бірде-бір өндіріс орны құрылмаған.

«Қазығұрт» индустриялық аймағы 40 гектар жерді алып жатыр. Мұнда 186 жұмыс орны бар 6 жоба іске асырылуда. Олардың қатарында жылдам дайындалатын тағам өндірісі, сусындар мен құрылыс материалдары да бар. 57 гектарды құрайтын «Бәйдібек» индустриялық аймағына инвесторлар тарту шаралары қолға алынуда.

Кентау – дамыған адами капиталы мен инфрақұрылымдық алаңы бар өнеркәсіптік моноқала. Индустриялық аймақты дамыту кезінде негізінен өнеркәсіпке, жаңа технологияларға, сондай- ақ, жұмыс істеп тұрған өндірістер желісін кеңейтуге басымдық берілді. Аталған аймақ 2016 жылы ашылған. Жалпы аумағы – 25 гектар жер. 261 адамды жұмыспен қамтитын 10 жоба жүзеге аспақ. Аймақтың салалық бағыты – машина жасау, өнеркәсіптік мақсаттағы өнім және электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтар шығару.

«Бадам» индустриялық аймағының жалпы аумағы 115 гектарды құрайды. Мұнда 8 жоба аясында 1189 адам жұмыспен қамтылмақ. Индустриалды аймақтың Шымкент қаласына жақын орналасуы оған белгілі бір дәрежеде артықшылықтар береді. Сонымен қатар, «Бадам» инновациялық технологияларға серпіліс жасап жатқан бірден-бір индустриялық аймақ. Қазір онда әртүрлі құрылыс материалдарын өндіретін зауыттардан бөлек, трактор шығаратын кәсіпорын және 1600 тонналық мұздатқыш қоймасымен бірге бау-бақша алқабы бар.

Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет.

Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкідік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады.

Қол жеткізген және алдымыздағы қолжеткізетін өндіргіш күштің дамуы және материалды – техникалық базаның жағдайының көрсеткіштері мен жетістіктерін бастаушы мүмкіндіктерін және көбінесе аймақтың экономикалық дамудағы жақын арадағы болашағының мүмкіндіктерін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды - оның халық шаруашылық құрылымы мен бірінші орында өндіріс құрылымы анықтайды. Құрылымдық фактор айналым сферасы мен бөлу қатынасы жүйесіндегі және сонымен қатар, макро және микродеңгейдегі шаруашылықтың салааралық пропоцияларды қалыптастыру негізі болып табылады. Құрылымдық фактор қоғамдық қажеттіліктер мен материалдық өндірістің құрылымы арасындағы байланысты тиімді жетілдіру, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды рөл атқарады. Құрылымдық фактор арқылы аймақтың экономикасына көптеген басқа экономикалық негіздегі инвестициялық, базалық, салықтық, бәсекелік және т.б. факторлар әсер етеді. Мемлекеттің және оның ішіндегі аймақтардың экономикалық қалыптасуы, дамуы және жаңғырудағы негізгі рольі құрылымдық факторға бөлінеді.

Халық шаруашылық құрылымын талдауда (салалық және функционалдық аспектілері) нарықты экономикадағы аймақтың экономикасының тиімді қызмет етуіне өндіргіш күшті дамытудың параметрлерінің сапалылығын талқылауға мүмкіндік береді. Бұдан, кең көлемде аймақтың экономикасының дамуы мүмкіндіктерін, тиімді бөлу және экономикалық қарым – қатынастарын , аймақтың болашақтағы дамуы мен жандану жолдарын анықтау.

Экономиканы қайта құру (реформалау), тек облыстың ғана емес сонымен қатар, мемлекеттің халық шаруашылығының салаларын шикізаттармен, материалдармен қамтамассыз етуді, тұрақты экономикалық қатынастың болуын және сұранысқа сай дайын өнім өндіруді талап етеді. Қазіргі таңда, нарықты экономикада экономикалық құрылымды тиімді орналастыру негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда, соның бірі және негізі индустириялды – инновациялық жұмыстар, оның нәтижесіне жетуге облысымыздың экономикалық даму деңгейінің мүмкіндігі толық жетеді.

Қазіргі таңда нарықтық қатынаст жағдайында Қазақстанның және оның аймақтарының, соның ішінде Түркістан облысының да экономикасының, әлеуметтік жағдайының жан – жақты өсуіне байланысты қай саласы болмасын алға басып келеді. Соның нәтижесінде, шаруашылықтың материалды – техникалық базасы да жылдан жылға алға жылжуда. Облыстың экономикасының тартымдылығын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш – ол негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі. Экономикалық қызмет салалары арасында тау – кен өнеркәсібі мен тұрғын үй құрлысы капитал салудың негізгі көздері ретінде айқындалды.

Жалпы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің Республикалық көлемдегі үлесі-2,5%, өнеркәсіп өндірісіндегі негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің үлесі салмағы-2,2% ды құрайды бұл аз ақша емес, бірақта облыстың халық шаруашылығын дамытуға жетуіліксіз. Сонымен бірге, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің едәуір артуы - кәсіпорындар экономикасының тұрақты өсуіне әкеледі, сонымен бірге, аймақтардың экономикасының тартымдылығын танытатын негізгі көрсеткіш.

Түркістан облысы облысы, республиканың ең үлкен аймағының бірі, мұнда негізінен машина жасау және метал өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, кен өндіру өнеркәсібі, отын өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, химия және мұнай химия өнеркәсібі, медицина өнеркәсібі, полиграфия өнеркәсібі, электр энергетикасы, ұн – жармалы және аралас жем өнеркәсібі, микробиология өнеркәсібі, орман және целлюлоза – қағаз өндіру өнеркәсібтері дамыған. Аймақтың шаруашылығының бұл бастаушы салалары қазіргі таңда дамып келеді: Республикалық деңгейде облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы өнімін орта есеппен жан басына шаққандағы үлесі 90% шамасында. Бұл көрсеткіште аймақтың экономикасының алға басқандығын көрсетеді.

Нарықтық экономикада елімізде өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрлымды, агроөнеркәсіп секторларын дамытуға, бәсекелестік қаблетін арттыруға, экономиканың жоғарғы өсіміне қол жеткізуге аса ден қойылуда. Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту мен жандандыру негізінде өнеркәсіптің өңдеуші саласына аса көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өндірістің функционалдық құрылымындағы барлық өндіру және қызмет көрсету салаларында, нарық экономикасының талабына сай жұмысшы – кадырларды кәсіби мамандандыру мәселелерін шешу өте маңызды. Ол халық шаруашылығының салаларын кәсіби мамандандыру, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қанағаттандыру, өнеркәсіптің, облыстың экономикасын, демографиясын, әлеуметтік жағдайын дамытады, өркендетеді.

Соңғы жылдары, экономиканы кайта - құрудың (реформалаудың) тереңдету негізінде, облыстың, Түркістан қаласының экономикасының құрлымдық өзгеруі әр түрлі даму деңгейлерімен ұласады, олар тұтыну мен инвестицияға сұраныстың көбеюінен, отандық өнімдерді және аралық экономикалық қатынастарды жандандыру және т.б, факторлар негізінде халық шаруашылығының барлық салалары және өндірістер, сонымен қатар тұтыну көлемі дамып жандануда.

Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс 5 айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.

Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған.  2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 15 пайызға артып, 78 миллиардқа жеткен.

Құрылғанына 5 жылдан асқан облыс орталығында кәсіпкерлердің де саны артыпты. Шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субьектісі тіркелген. Былтыр олар өндірген өнім көлемі 225 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 26 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиардқа артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болса, былтыр 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиардқа артығымен орындалып отыр.

Байқасаңыз, Түркістан қаласының экнономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс көп. Бұл сандарды, назарларыңызға бекер ұсынып отырған жоқпыз. Көрсетілген миллиардтар артында орасан еңбектер бар және қала халқының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін факторлар. Тағы бір тоқталатын маңызды мәселе тұрғын үй. Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни,  құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалыпты.

«Қазіргі таңда қалада тұрғын үйге 16 645 адам тұрғын үйге мұқтаж азмат ретінде тіркелген. Сол азаматтарды пәтермен қамту мақсатында 2024-жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «Отбасыбанк» арқылы 3317 пәтер сату жсопарланған болатын. Бүгінгі таңда 2351 пәтер сатылды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатылатын болады»,— дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Жалпы, Түркістан қаласында соңғы жылдары өндіріс орындарының қатары көбейіп келеді. Мәселен, облыс орталығындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында 2023 жылы мынадай жобалар жүзеге асырылды: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге,  20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.

Түркістан қаласында 2023 жылы жалпы құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге,  45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3-ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. «Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 млрд.теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары:  «Qas saq mini hotel», құны 200 млн теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 млн теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 млн теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 млн теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 86 рет