Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылғыдан 24,8 пайызға артқан
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында қалаға 108,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,8 пайызға артты.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында қалаға 108,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,8 пайызға артты.
Бұл кен өндірісінің 71,7 пайызға, электр және бу беру саласы 8,1 пайызға, негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірілуі 14,8 пайызға, тамақ өнімдерін өндіру 8,4 пайызға, ағаш және жиһаз өндірісі 3,9 есе, өзге металл емес бұйымдарды өндіру (құрылыс материалдары, портландцемент, бетон) 4,5 пайызға, металлургия өндірісі 24,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты.
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков мәлімдеді.
– Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен бүгінде біздің басқарма мемлекеттік бағдарлама аясында үш бағытта істеуде. Олар – өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнес. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызға өсіп отыр. Өңдеу өнеркәсібі саласында жасалынған талдаулардың нәтижесінде бірқатар салалардың да көлемі өскендігі байқалады. Мәселен, өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру, фармацевтика өнеркәсібі, қағаз өндіру, машина жасау және дайын металл бұйымдарын өндіру. Сондай-ақ, қазіргі таңда 2020–2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 3788 жаңа жұмыс орнын құрумен 20 жоба іске асырылуда. Оның ішінде осы жылы 454 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 жоба іске қосылуы жоспарланып отыр, – деді Б.Дүйсебеков.
Басқарма басшысының айтуынша, қала аумағында 2 индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. Аталған аймақтарда 6 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 124 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде оның 4 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 84 жобасы іске қосылған. Бұл индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге салық түсімі түскен. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта жер көлемін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 208 жаңа жұмыс орнымен 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның 2 жобасы осы жылдың ақпан айында аяқ киім табандарын шығару жобасы мен маусым айында А3, А4, А5 форматты қағазөндірісі жобасы іске қосылып, 48 адам жұмыспен қамтылды.
Береке Талғатұлының сөзіне сүйенсек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 95 кәсіпорыннан өтініш түскен. Ал инвестиция жайын жеткізсек, осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қалаға 129,5 млрд теңгеге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 125,1 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар қала аумағында 2020–2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 113 инвестициялық жобалардың базасы жасақталған. Жоба жүзеге асса, 9500-ден аса жұмыс орындары ашылады. Ал осы жылы құны 90,7 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Айта кетейік, бүгінде қалаға инвесторларды тарту мақсатында аумағы 306 гектарды құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шағын және орта бизнес субъектілерін дағдарыс жағдайында қолдау мәселелері бойынша жиын болып өтті. Мәжіліске аудан әкімдері, тиісті салалық басқармалар мен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent» ӘКК қатысты.
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында су басқан үйлер мен аулалар жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті.
Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды.
Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ.
Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.