Мақтаарал: Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді

Мақтаарал: Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді,-деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Республика бойынша ең ірі ешкі сүт өнімдері кооперативі - Ордабасыда

Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Республика бойынша ең ірі "Асыл тұқымды шарушылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" өндірістік кооперативімен танысты.Бүгін ешкі сүтін өндіру және өңдеумен айналысатын шаруашылықтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған кәсіп түрін дамытудың жолдарын талқылап, бір қатар тапсырмалар берді.

Шардара су қоймасына қарасты Шардара, Арнасай тоғандары және су ғимараттарының жағдайы қанағаттандырарлық

Су тасқыны кезеңінде Шардара ауданының халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында, 2020 жылы мамыр айының 6 жұлдызы күні Шардара ауданы әкімі аппаратының, Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің, РМК ОҚФ «Қазсушар» «Шардара су қоймасы» өндірістік бөлімше, Шардара тоғанының және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мамандарының катысумен Шардара, Арнасай тоғандарына (визуальный осмотр) зерттеу жүргізілді.

Кентау: Отбасылық кәсіпке айналған шаруашылық баға тұрақтылығына септігін тигізіп отыр

Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр.

Төлеби ауданында саумалмен емдейтін шипажай ашылады

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс сапары барысында Екпінді елді мекеніндегі саумалмен емдейтін шипажай құрылысымен танысты. Аталған нысан құрылысы 2019 жылдың тамыз айында басталып, 2020 жылдың маусым айында аяқталады,-деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісай жылыжайларында үшінші өнім алу үшін жұмыстар басталып кетті

Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылы жай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді.Бұл туралыЖетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.