Түркістанда электр желісінің қуатын арттыру мақсатында қосалқы станция салынуда

Түркістан қаласында электр желісінің қуатын арттыру мақсатында Отырар ықшамауданында қуаты 2х40 МВт болатын 110/10/10 кВ «Яссы» қосалқы сатнциясы салынуда,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан: Шардарада иррегациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобасы жүзеге асуда

Түркістан облысы Шардара ауданында "Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру-2" республикалық бағдарламасы аясында 20630 гектар суармалы егістік алқаптарындағы ағын су нысандарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан: Шардаралықтар биыл 18 мың гектарға мақта дәнін себеді

Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары барысында 59 мың 300 гектар суармалы жер игерілуде. Оның 1 мың гектарын күздік бидай, 1500-ін арпа, – 1500-ін күріш, 3000-ын дәндік жүгері, – 500-ін маш, 100 гектарын күнбағыс, 18000 гектарын мақта, 14742 гектарын ескі жоңышқа, 4098-ін жаңа жоңышқа, 3300-ін сүрлемдік жүгері, 250 гектарын картоп, 600-іне көкөніс, 10710 гектарына бақша дақылдарын егу жоспарлануда.

Түркістан: Кентауда күн электр санциясының құрылысы басталды

"KZT Solar" ЖШС және "HEVEL KAZAKHSTAN"ЖШС компаниялары Түркістан облысы Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген.

Түркістан облысында шетелдік компаниялардың қатысумен жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар көп

Түркістан облысында шетелдік компаниялардың қатысумен жүзеге асып жақан инвестициялық жобалар көп. Мысалы,  "Эко Культура" АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда.

2020 жылы Түркістан облысы бойынша жалпы сомасы 397,7 млрд.теңге болатын 97 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған

Қазіргі уақытта "Turkistan Invest" өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.