СОЗАҚ: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларына түсіндірме жасау жөнінде семинар-кеңес өтті.

Семинар – кеңестің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды семинар кеңесті ашып, бірқатар күн тәртібінде тұрған мәселелерге көпшіліктің назарын аударып, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын сақтауға бағытталған талаптарын түсіндіру мақсатында облыстық, аумақтық инспекциясымен ауыл шаруашылығы басқармасының сала мамандары келгенін айтып өтті.

Жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары және салалық бөлім басшылары, аудандық инспекция қызметкерлері, Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысы, мамандары, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы, мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, орынбасарлары және ауылшаруашылығы тауарын өндіруші жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары Б.Музаппаров инспекцияның негізгі міндеттері мен мақсаттары жайында баяндаса, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясың өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлім басшысы М.Куренбаев өзінің алғы сөзінде, аудан аумағында жеке және заңды тұлғалардың реттелетін салада қолданыстағы Қазақстан Республикасының агроөнекәсіптік кешенді реттеу мақсатындағы заңнамарының талаптарына инспекция тарапынан түсіндірме жүргізуге ықпал ету, алдағы уақытта осы саладағы заң бұзушылықтардың тәуекелдерін болдырмау және олардың алдын алу төңірегінде мәселелерді атап айтып, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен тиісті жеке және заңды тұлғалар арасында қолданыстағы агроөнекәсіп кешенін реттейтін заңдарды жетік білмейтін немесе білсе де елемейтін фактілер кейінгі кезде жұмыс барысында жиі ұштасып жататын жағдайларды көрсетіп, күн тәртібінде тұрған қажетті заңнамалардың талаптарын кәсіби түрде шарушылық субъектілеріне түсіндіру шараларын жасау маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің маманы Е.Ештаев Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптарын түсіндіріп өтті.

Аталған жиында шаруалар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін жеткізді.

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мәжіліс залында аудан жастарымен кездесіп, қаржылық сауаттылықты арттыру дәрістерін өткізді.

Кездесуде жастарға жеке бюджетті бақылау, карталарды қорғау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтарымен, «Ақылды сауда» қағидаты, қаржы пирамидасы мен оның зардаптары, алдын-алу шаралары түсіндірілді.

Алаяқтардың жұмысын кеңінен жүргізіп, құрығына ілінетін адамдардың санын көбейтуіне ғаламторы дамыған қазіргі уақыт үлкен септігін тигізіп отыр. Қаржылық пирамиданы жүргізушілер телефонға телмірген аңғал елді түрлі тәсілдермен алдап, үйде отырып-ақ үлкен табысқа кенелуге болатынын айтып сендіреді. Табысынан айырылған немесе табысын тиімді жұмсай алмайтын азаматтар оңай олжаға кенелуді жөн санап өзінің маңдай терімен тапқанын, жетпесе қарыз немесе пайыздық үстеме ақша, тым болмағанда несие алып алаяқтардың қолына тапсырады. Онысымен қоймай өзінің артынан ертегіге сенгіш өзі секілді бірнеше адамды алып келеді. Міне, осындай жолмен салымшылар қатарын қалыңдатқан қарапайым жұрт алаяқтардың ауызын ақшаға толтырып келеді. Айтылған мерзімде уәде етілген жұмақ мекен де, қап-қап қаражат та көзден бұл-бұл ұшқан соң алданғанын білген салымшы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып, табанынан таусылады. Жапа шегушілер тарапынан жазылған арыздардың ешбірі қараусыз қалдырылмайды, аталған қаржылық пирамидалар ІІМ-нің жүйесіндегі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуға ең тәжірибелі деген білікті мамандардың тергеп-тексеруімен әшкереленеді. Әйтсе де, құзырлы органдар пирамидаларды жүргізушілердің қылмысын дәлелдегенімен қанша адам ақшасынан айырылып, зардап шегіп үлгереді. Міне, осылайша қарапайым ғаламтор да қылмыскерлердің арам пиғылын жүзеге асыруға өз септігін тигізіп отыр.

Қаржылық пирамидаларға қарсы құзырлы органдар тарапынан қыруар жұмыстар жүргізіліп жатса да алаяқтардың арбауына түсіп, «ауызы күйгендердің» саны азаяр емес. Қаржы пирамидасының салқынына бетпе-бет келген біраз отандастарымыз, ағайын-туыс, жора-жолдастарымыз бармақ тістеп, сан соғып қалса, енді біреулері өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне де барып жатыр.

Жүздесу барысында осындай оңай олжа мен «батпан құйрық» компаниялардан бойларын аулақ ұстауға шақырған Гүлзия Қарсыбай жастарды өзімен қоса өзгелердің де қалтасын қағып «қарғысын» арқаламай, адал мен арамның аражігін ажырата білу қажеттігін ескертті.

Түркістан: Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында келісім шарт жасалды

МемлекетбасшысыҚасым-ЖомартТоқаевалдағыүшжылдаазық-түлікқауіпсіздігімәселесінтүбегейлішешуміндетінқойды. Бастымақсатауылшаруашылығысубьектілерін, бизнесөкілдерінқолдайотырып, бағатұрақтылығынқамтамасызету. ОсығанорайТүркістаноблысы, СарыағашауданындаТүркістанөңіріндеертепісетінкөкөністердіөзгеоблыстарменқалаларғажөнелтугефорвардтықкелісімшартжасақтаужөніндекөшпеліжиынөтті. Осыкелісімарқылыкөкөністертиімдібағадасаудаланбақ.

КөшпеліжиналыстаҚРАуылшаруашылығыминистрлігіегіншілікдепарментініңмелиорациябасқармасыныңбасшысыМедетЖәдігерұлы, ТүркістаноблысыауылшаруашылығыбасқармасыбасшысыныңміндетінатқарушыНұржігітМырзахметов, "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерліккорпорациясы" акционерлікқоғамыныңбасқарматөрағасыФайзуллаБайдуллаев, облысжәнеоблыстықмаңызыбарқалаәкімдіктерініңсалалықорынбасарлары, әлеуметтіккәсіпкерліккорпорациялары, қаржымекемелері, ауылшаруашылығысаласыныңөкілдері, ірісаудажелілерініңбасшыларыжәнекәсіпкерлерқатысты.

ЖиындаТүркістаноблысыныңауылшаруашылығындамытудаеліміздегіеңқолайлыөңірекеніайтылып, мүмкіндіктерісараланды. Облыстакөкөністербасқаөңірлергеқарағанда 1,5-2 айбұрынжиналады. Жылдықтұтынунормасынасәйкесоблысхалқыкартоп, сәбізбен 1,5 есе, пиязбен 4,4 есе, жәнеқырыққабатпен 6,6 есеқамтамасызетіледі. Яғни, Түркістаноблысыдиқандарыныңреспубликахалқынәлеуметтікмаңызыбарертемезгілдіккартоп, пияз, сәбізөнімдеріменқамтуғатолықмүмкіндігібар.

АуылшаруашылығыдақылдарынәртараптандыруаясындабиылТүркістанөңіріндеертепісетінкартопты 9,02 мыңгектарға, пиязды 2,0 мыңгектарға, сәбізді 1,24 мыңгектарғажәнеқырыққабатты 7,54 мыңгектарғаорналастыружоспарланған. Нәтижесінде 186,3 мыңтоннакартоп, 55,5 мыңтоннапияз, 30,4 мыңтоннасәбізжәне 187,2 мыңтоннақырыққабаталукөзделуде.

КөшпелімәжілісбарысындаТүркістаноблысыәкімдігіменоблысжәнеоблыстықмаңызыбарқалаәкімдіктеріарасындаауылшаруашылығыөнімдерінөткізужөніндегіөзараынтымақтастықтуралыМеморандумғақолқойылды. ОсытұрғыдаоблысәкімдігітарапынанҚРАуылшаруашылығыминистрлігінекөктемгідалажұмыстарынаберілетінжеңілдетілгеннесиекөлемінұлғайтужөніндеұсыныстаренгізілді.

 

МАҚТААРАЛ: 24 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕНІП, ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы "Turkistan" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуған арналған жеңілдетілген нисие алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларға 3 бағытта қызмет көрсетуде.

Олар консалтинг бөлімі, жобалдарды жасау және сүйемелдеу бөлімі, сонымен қатар рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімдері арқылы кәсібін жаңадан ашпақ болған азаматтар мен жүріп тұрған бизнесін дамыту бойынша тиісті көмектерге ие бола алады.

"2022 жылдың қортындысы бойынша жобаларды сүйемелдеу бөлімі арқылы 52 бизнес жоспары жасалынып, 24 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылды. Оның ішінде мал және егін шаруашылығын дамытуға басым сұраныстар түскен. Жалпы сүйемелденген жоба соммасы – 201 млн теңгеден асады" - дейді "Turkistan" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ-нің Мақтаарал аудандық бөлім басшысы Нұрсұлтан Батырбекұлы.

Рұқсат құжаттарын рәсімдеп беру, яғни кепілге қойылатын мүлік құжаттарын сенімхат негізінде заңдастырылып, 900-ден астам азамат-азаматшаларға кеңес беріліп, 21 жеке және заңды тұлғаларға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге қажетті көмектер көрсетілген.

Келес: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысына бірде бір шағым түспеген

«TÚRKISTAN» Кәсіпкерлергеқызметкөрсетуорталығының Келесаудандықбөлімі 3 бағыттатегінқызметкөрсетедідеп жазылған орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

1. Бағыты - Консалтинг: Мемлекеттікбағдарламаларменсервистікқызметтеркөрсетедіжәнекеңесберіледі.

2.Бағыты-Рұқсатқұжаттарыналуғакөмекберу.

3. Бағыты - Жобалардысүйемелдеу : мұндақаржыұйымдарықұжатқабылдауүшінқажеттіқұжаттартізімінұсынады. Несиеніпарабермейақалуғаболады. Егердекәсібінашуғакедергіжасапжатқанұйымдарғашағымтүсіріпдұрысқұжатындұрысемескеалыпотырғанытуралышағымтүсірсежеткілікті. Біздіңқызметтіңбәрітегінкөрсетіледі. Толыққұжаттарпакетінжинақтап , несиеұйымынатапсырамыз. СонгысөздіНесиеуйымыныңКомиссиясышешімшығарыпбереді. Қаржыұйымыменеджерікәсіпкерменбайланысыпнәтижесінмәлімдейді. Мемлеткеттікбағдарламаларбойыншаберілетінқаражаттыңшарттарына 100% туракелгендеоңшешімінтабады, қаражаталынғансоң 90 күнішіндежұмсалғанқаржыныңесебінтапсыруміндетті. Егерқаржыкәсіпкержоспарындакөрсетілгенжобағамақсатсызжұмсалсатексерунәтижесіндеанықталсанесиеалғансоммасының 25% айыппұлесептеліпалынғанқаржығақосақұйылып , қаржынықайтаруғаміндеттеледі. Бізсіздіңқойғансұрақбелгігеемесжазылғанмәтінгеқарайжауапберілді . Әринеегерфактілерболсанақтыдәлелдердіұсыныңыз. Қателіктербаржердесіздердіңұсыныстарыңызбенкөштүзеледі. Алайдакәсіпкербіздіңмекемеарқылыуақытынүнемдеуарқылыжолшығынынақайтақайташығындалмайбіздіңбөлімарқылықұжаттапсырааладынемесежекеозібіздіңмекемекөмегісізақтікелейбарыпқұжаттапсырадааладыбіздіңқызметтіпайдаланунемесепайдаланбауөзеркінде. Мекемеөзқызметтерінжылбойысәттіорындапхалықпендұрысжұмысжасағанныңарқасындабөліматынаарызшағымтүспеген.

Түркістан: Жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде микрокредит беріледі

Жастарға жеңілдікпен микрокредит беру қағидасы бекітілді. Бұл жайында Түркістан облысы кәсіпкерлерінің әлеуметтік парақшасында жазылды.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит берудің қағидасын бекітті.

Қағидада кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген.

Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта Еңбекмині:

- жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;

- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;

- бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақытымен және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Несиелеу шарттары, аграрлық сақтандыру, АӨК және кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың басқа да шаралары туралы @AgrocreditKZ оқи аласыздар.

 

Түркістан: Кәсіпкерлер үшін жаңа жобалар бар

Жаңа жылдың келуімен жаңа жобалар ашылуда. Жаңа бастамаларда барлығына тек сәттілік тілеймін. Жыл маусымдық дала жұмыстарына дайындықпен басталды. Мамандар аймақтарда жер учаскелерін жалға беру байқауы басталғанын хабарлайды.

Шарттары туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының маркетинг қызметінің кенесшісі Жұлдызай Сеифуллақызы айтып берді.

1. Бизнес жоспар

2. Шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс шараларынын орындау жөніндегі міндеттемелер.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау , өңірдің мамандауына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

4. Өмірбаян

5. Бағдарлама

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының маркетинг қызметінің кенесшісі Жұлдызай Сеифуллақызы кәсіпкерлерге кеңес беріп, кқмектесуге дайын екенін айтады. Бизнес жоспар мәселелері бойынша Түркістан қаласы Қожанов көшесі 42 мекен-жайы бойынша келіп толық кеңес ала аласыздар!

                                   

 

КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта аудан, қалаларда жұмыс жүріп жатыр. Жаңадан кәсібін ашқандардың бірі – Жаңабек Фариза. Кентау тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруда. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды.

Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін курстарға қатысып, үйренген. «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгінде кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Қазір Кентауда аталмыш кәсіп түрімен айналысатын шеберлер саны артып келеді.

«Бұл кәсіптің өз ерекшелігі болғандықтан таңдадым. Енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бұл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді», дейді жас кәсіпкер.