Бейсенбі, 26 Шілде 2018 13:33

Шымкентте жас данышпандар жарысы өтті

«Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан» атты ментальды арифметика бойынша жазғы турнир өтті. Аталмыш шараны «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интелектуалды даму академиясы ұйымдастырған болатын. Іс-шара елордамыз Астананың 20жылдығы, сондай-ақ Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналған турнир еді. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімі хабарлады. 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайысқа екі жүзге жуық жүйрік оқушы қатысып, үш күнге жоспарланған шарада жас таланттар жылдамдық есебінде емтихан тапсырады. «Жазғы турнирдің мақсаты – ментальды арифметиканың жас шеберлерінің арасында үздігін анықтау және шеберлік сыныптарын өткізу. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы тарихи ескерткіштермен таныстыру. Ал ең басты нысанамыз – әр қалада дарынды балалардың дамуына, жетістікке жетуіне ықпал жасайтын орта қалыптастыру», - дейді ұйымдастыру алқасының төрайымы Гүлнар Үсенова.

Шымкентте өтіп жатқан жазғы турнирге Испания, Индонезия, Малайзия, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі және көптеген басқа елдерден жүлделі орын алған «UCMAS» студенттері қатысуда. Сонымен қатар жазғы турнирдің қонағы ретінде Ильяс Тохтарханов – калькулятор бала, ең ақылды бала ретінде Ресейдің Гиннес рекордтар кітабына енген, «Ұлт алтыны», «Ғажайып адамдар» бағдарламасының жүлдегері арнайы шақыртылған. Аталмыш турнир 3 күндік бағдарламадан тұрады. 1-ші күні жас данышпандар 4 тур бойынша жарысып, үздігі анықталса, 2-күні еліміздің әр аймағынан жиналған балалар облыс, қала аймағындағы тарихи орындармен танысты. Ал 3-күні балаларға арналған ойын-сауық кештері өткізілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1492 рет