Жұма, 08 Мамыр 2020 18:45

Шымкент: Өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

Шымкенттік өнерпаздар арнайы безендірілген 10 автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, қазақ және орыс тілдерінде шарықтата әскери әндерді шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Нақтырақ айтсақ, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мейлінше карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды.

Өз кезегінде ардагерлер де өнерпаздарға өз ризашылығын білдіріп, «еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деп, ізгі тілектерін жеткізіп жатты.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында ұзын-ырғасы Ұлы Отан соғысына қатысушы 40 майдангер және 4 237 тыл еңбеккері өмір сүріп жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 590 рет