Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілеп, актив алдында таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Нүкенов жауапты қызметті сеніп тапсырған өңір басшысына алғысын білдіріп, өз міндетін барынша адал атқаратынын жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.