Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы мектептері Илон Масктің Starlink интернет желісіне қосыла бастады

Түркістан облысының шалғай ауылдарында орныласқан мектептері елімізде алғашқылардың қатарында Илон Масктың Starlink спутниктік интернетіне қосыла бастады. Өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады.

Шымкентте 33 спорттық ұйым жұмыс істейді

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басрама басшысы 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

Түркістан: қаржы ұйымдары басшыларына шаруаларға қолдауды күшейту тапсырылды

Түркістан облысында дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл ретте облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен диқандарға көмек беру шаралары қолға алынған. Өңірдегі «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан да шаруаларға қолдау көрсетілуде. Таяуда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткен жиында аталған қаржы ұйымдары басшыларының есебі тыңдалды.

Түркістан қаласындағы әуежайда халықаралық пошта алмасу орны ашылды

Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан қаласы тек еліміз емес, әлем таныған аймақтар қатарына жатады. Сондықтан логистикалық HUB-тарды орналастыруға да қолайлы. Мысалы, өткен жылы Қазақстан арқылы 8 миллион сәлемдеме өткізілсе, биыл соның 2 миллионы осы өңір арқылы өтеді. Бүгін Түркістан халықаралық әуежайында Халықаралық пошта алмасу орны ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын ендіру кеңінен қолға алына бастаған

Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерді орындау – ағын суды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Су тапшылығы бүкіл әлемде өсіп келе жатқан алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылыну процесі, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі, ысырапшылдық сияқты факторлар алдағы уақытта мәселені еселеп арттыруы мүмкін. Осыған орайда, ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

Бүгін Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келді. Денсаулық сақтау министрі халықпен кездесіп, өңірдегі медициналық нысандарды аралады, азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдап, брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Түркістан: Мақтааралға инвестиция тарту жұмыстары жандана түспек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында облысты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Мақтаарал ауданының әлеуетіне, осы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті.

Түркістан облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығында ардагерлердің үй ауласында сенбіліктер өтіп жатыр

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығында Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында сенбіліктер өтіп жатыр.

ВИЦЕ-МИНИСТР НАЗГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА ШЫМКЕНТТЕ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Үшінші мегаполистің әлеуметтік қызметтерін қолдау, қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатындағы іс-сапарын вице-министр Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмысымен танысудан бастады. 

Ыстамбұл – Түркістан арасында жүк ұшағы қатынай бастады

Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына екі тарап қызығушылық танытып отыр. Айта кетерлігі, тауарды жинақтаушы «Kazakh Cargo» компаниясы болса, тасымалдаушы «Turkish Cargo» әуекомпаниясы.