Түркістан: Ордабасыда сүт кластері дамиды және 500 адамды жұмыспен қамтитын тігін фабрикасы ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты. Мемлекеттік қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС МАМАН -2024» БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» Бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды. 

Түркістан облысында өндірістік аймақтар саны артады

Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 гектарға ұлғаяды.

Түркістан облысында биыл 29 елді мекенде ауыз су мәселесі толық шешіледі

Түркістан облысында ауыз су саласына 2023 жылы 70 нысанның құрылысына бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлініп, 36 нысан құрылысы аяқталды, қалған 34 нысан 2024 жылға өтпелі болды. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылды, 9 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылды.

Түркістан облысында биылғы І тоқсанда 38,4 мың адам жұмыспен қамтылған

Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша Түркістан облысында бірқатар жобалар қолға алынған болатын. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру туралы талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Түркістандағы «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы паркінде өткен шаққа саяхат жасауға болады

Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ.

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды.

Дархан Сатыбалды Сенат депутаттарымен кездесті

Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты жұмыс сапарымен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сенаторлармен кездесіп, өңірді дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Алдағы жоспарларды баяндап, негізгі басымдықтарға тоқталды.

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысының әкімі тұрғындармен бірге «Жібек жолы» саябағына көшет отырғызды

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аяғында Түркістанда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Тарихи шаһар кезекті рет жасыл желекпен толықтырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жібек жолы» саябағында көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындарды экобелсенді болуға шақырды.

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысындағы шегірткемен күрес жұмыстарымен танысты

Түркістан облысында алғаш рет зиянкестермен күреске робототехниканы пайдалану жолы таныстырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен “шайқасқа”дрондарды қолдануды қарастырып жатыр.