Түркістан: облыс әкімі кәсіп ашуға ниетті инвесторлармен кездесті

Жеке инвесторлар Түркістан қаласында бизнес ашып, кәсібін дөңгелетуге ниетті. Олардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына дайындық талапқа сай жүруде

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына жыл сайын ерекше дайындық жүргізіледі. Әсіресе су қоймаларының еріген суды қабылдай алуы аса маңызды. Осы және өзге де дайындық жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Жиында өңір басшысы жауаптыларға маңызды мәселерге бей-жай қарамауды тапсырды.

Түркістан облысында су қоймалар салынып, каналдар бетондалып жатыр

Түркістан облысында су қоймаларын салу, жөндеу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасады. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.

Түркістан: Арыста мыңға жуық шабандоз қатысқан көкпар өтті

Арыс қаласында «Көмекбай» атшабарында Жайдарман және web сериалдардың жұлдыздары «Миллион» командасының демеушілігімен елден бата алу көкпар сайысы өтті. Дүбірлі додаға республиканың түкпір-түкпірінен бөлек, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстаннан білегі болаттай шабандоздар қатысты.

Түркістан облысы: Президент тапсырмасының орындалуы бойынша жиын өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Аталған жиында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеген еді. Бүгін Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалды Президент тапсырмасының орындалуы бойынша аппараттық жиын өткізді.

Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2000 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр

Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2000 оқушыға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған мектептің құрылыс барысымен танысып, мердігерлер мен жауапты басшыларға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.

Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді.

Солардың бірі Әл-Фараби ауданы аумағында өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағы аумақтарын, «Қошқар ата» өзені жағалауын, алаңдағы жол үсті көпірін, «Жер Ана» монументін, аялдамаларды жуу мен тазалау, ағаштардың түбін әктеу, шөптерді ору, абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.

Жалпы, тазалық жұмыстарына 4500-нан астам адам қатысып,, 56 арнайы техника жұмылдырылды,10,6 шақырым аяқ жолды тазаланып, 5500 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 85 м3 қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.

Іс-шараға қала әкімі - Ғ.Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы -Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – К.Төлебаев, белгілі опера әншісі М.Мұхамедқызы, қоғам белсендісі - А.Бесбаев, «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының жетекшісі – А.Мәуленов, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар, еріктілер және басқа да азаматтар белсенді атсалысты.

Түркістанда мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев пен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі.

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

#TazaShym қаласының аумағын жинау және абаттандыру бойынша жалпы қалалық іс-шараға қатысты.

13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта "Таза өлке" деп аталады - апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалайды.

Аудан тұрғындары мен белсенді жастар "Бадам" өзенінің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Таштракт көшесінде қоқыстарды жинау, шөптерді жинау және қоқыс жәшіктерін тазарту жұмыстары жүргізілді.

Іс – шараға Мемлекет және қоғам қайраткері - О.Рахманбердиев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – А. Юсупова, аудандық Жастар ресурстық бөлімінің басшысы-А. Шынтореева, белсенді жастар және басқа да қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр.

 

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!