Түркістан: МӘМС жүйесінің медицинаны қаржыландыруы 1,7 есеге артқан

Түркістан облысында МӘМС қорының медициналық саланы қаржыландыруы 1,7 есеге артты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі - шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Түркістан: облыс әкімі білім саласындағы мәселелер бойынша тапсырма берді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім беру инфрақұрылымын дамыту туралы жиналыс өткізді. Саладағы өзекті мәселелер талқыланған отырыста әкім жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Түркістанда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістанда Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Ауған соғысы ардагерлері қатысты.

ШЫМКЕНТ: ТӨРТІНШІ РЕТ СОЛТҮСТІККЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан өңіріне Шымкенттен төртінші рет 33 тонна болатын гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тонна жүк, құны 40 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын. Бүгін Шымкент қалалық ҚХА мен Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығы және еріктілердің атсалысуымен тұрмыстық заттар мен азық-түліктер жиналды.

Бұл жолы жергілікті ассамблея белсенділері эвакуациялық пункттердегі адамдарға үрлемелі қайық, су соруға арналған насос, резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга деген сынды заттарды арнайы тізім бойынша жөнелтудеміз. Бұл біздің ерікті түрде жасап жатқан көмегіміз. Бұған дейін азық-түлік өнімдері мен тұрмысқа қажетті заттармен қоса қаражат есебінде қолдау көрсеткен болатынбыз. Алдағы уақытта ел болып осы сыннан бірлікпен өтетінімізге сенеміз,-дейді Түркістан және Шымкент Жанар май құю станциялары ұжымының басшысы Мырзашүкіров Пердебай.

Елімізде болып жатқан соңғы төтенше оқиғаларға байланысты барлық өңірлерде «Жүректен жүрекке», «Күшіміз бірлікте» деген ұранмен гуманитарлық көмек көрсету акциялары өтуде. Жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының атсалысумен Шымкент қаласында да белгіленген пунктерге қажетті тұрмыстық заттар мен қаржылай көмектер жиналуда. Су басқан оқшау және шалғай ауылдар ғана емес, ірі қалалар болғандықтан шығынға батқандар көп. Сондықтан мемлекеттің қолдауынан бөлек, әр өңірде белсенді азаматтар арнайы хор мен пунктер ашқан. Еріктілер кез келген уақытта өз көмегін ұсына алатындай етіп барлық жағдай жасалған. Шымкент қаласындағы жеке кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар бұл оқиғаға қол қусырып қарап қалмады. Әртүрлі қажетті заттардан бөлек ашылған қорларға қаржылай көмек көрсетуде.

Бұл тұрғыда жастар жағыда белсенділік танытқан. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады деген студенттер алдағы уақытта да көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді. Бүгінге дейін Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығынан онға жуық ерікті эвакуацияланған өңірлерге барып, азаматтарға қолдау көрсеткен.

 

Түркістан: «Ауыл аманаты» жобасымен кәсібін ашып жатқан тұрғындар саны артуда

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Былтыр республикалық бюджеттен Түркістан облысына бағдарлама аясында 19,7 млрд теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың соңына дейін аталған қаражат толық игеріліп, 3 215 несие алушы қаржыландырылды. Нәтижесінде 3517 жаңа жұмыс орны ашылды.

Түркістан: табысты жасырмау, салықтан жалтармау – үлкен міндет

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында тіркелген 80 мыңнан астам шаруа қожалығының 81,3 пайызы салық органдарына еккен өнімдерін жеке өзінің қажеттілігі үшін пайдаланатынын көрсеткен. 13 мың шаруа қожалығы ғана еңбек бағытын табыс көзі ретінде көрсетіп, салық декларациясын ұсынған.

Түркістан: Сарығаштағы шипажайларды зерделеу басталды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туризм саласын дамыту бағытында жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Оның ішінде Сарығаштағы шипажайлардың жұмыстарын үйлестіру мәселесі де назарға алынған-ды. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде.

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы жаңа бағытта дамиды

Түркістандағы халықаралық әуежайдың жұмысын жандандыру, жолаушылар ағымы мен рейстер санын көбейту бағытында жаңа жоспарлар жүзеге асады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған салаға жауапты басшыларды қабылдап кеңес өткізді. Әуежайды туризм саласымен үйлестіре отырып дамыту керектігін айтып, жауаптыларға тапсырмалар берді.

Түркістанда салынып жатқан жаңа нысандарда петроглифтер бейнеленеді

Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Өңір басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте салынып жатқан нысандардың сәулеті мен жаңа жобалар таныстырылды. Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Мәдени-рухани орталықта салынып жатқан жаңа нысандардың үлгілері талқыланды.