Түркістан: Саурандық кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығын дамытуда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде балық шаруашылығын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданының шаруалары балық шаруашылығымен айналысуды қолға алған. Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидия беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 500-ге жуық жас маман баспаналы болды

Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді.

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Түркістан облысындағы жұмысын Кентауда қорытындылады

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық десанты Түркістан облысында «Егемен елдің ертеңі – айбынды жастар» акциясы аясындағы іс-шараларын өткізді. Қорытынды кездесу Кентауда ұйымдастырылды.

Түркістанда қазақ-неміс аграрлық университетін ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Түркістанда Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) филиалы ашылмақ. Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз неміс жоғары оқу орны арграрлық саладағы озық тәжірибе негізінде жергілікті жастардың арасынан сұранысқа ие ауыл шауашылығы бағытындағы мамандарды даярлайды. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті Роммель Волрадпен кездесті.

Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған форум өтті

Түркістанда «Бақытты шаңырақ – кемел болашақ» тақырыбында республикалық форум өтті. Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған форумға құқық қорғау органдарының басшылары, ҚР Парламенті мен ҚР ІІМ, жергілікті атқарушы орган, полиция, прокуратура, өкілдері, ата-аналар, отбасы құндылығын дәріптеп жүрген ел ағалары мен аналары қатысты.

Түркістан: облыс басшысы аудан, қала әкімдеріне қатаң талап қойды

Түркістан облысына инвестиция тарту мақсатында аудан, қала әкімдерінің Қытай Халық Республикасына жасалған іссапар нәтижесінде өңірде өнеркәсіптік өндіріс жаңа қарқынмен дами бастады. Облыс әкімінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған шараға өңірдің 210 кәсіпкері әкімдермен бірге барды.

ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ ДА ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы «Шым қала» тарихи-мәдени орынында 300-ден астам қала тұрғындары мен белсенді жастардың, тарихшылар мен этногрофтардың және өнер саласы қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

#TazaShym акциясында 30 м3 қоқыс шығарылып, 5 га тарихи-мәдени орын аумағының шөптері орылды. Аумақтағы 5 км аяқжолдар мен арық-атыздар тазаланды.

Сондай-ақ өнер майталмандары мен белсенді жастар көңілді күймен іс шараның көркін қызықтырып, Шымкент қаласының тарихы туралы ой бөлісіп, жастарға ғибратты насихат жүргізілді.

Тазалық акциясына қатысқан тарихшы-шежіреші, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі М.Әбдіәкім тарихи орындарды күтіп ұстау, оны келер ұрпаққа аманаттау ертеңгі жас ұрпаққа қалдырған мол мұра екенін, жастарды қаламызды таза ұстауға шақырса, белсенді жас Д.Ерханова қаламыздың тазалағын сақтау әрбір қала тұрғындарының міндеті екенін, тазалық денсаулық кепілі екенін жеткізіп, барша жастарды қаламызды таза ұстауға шақырды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

Биыл Түркістан облысында бірнеше кәсіпорын ашылады

Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Жобалар өңірлік инвестициялық штабтың отырысында тұрақты талқыланады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен инвестштабтың кезекті отырысында 9 жобаның жай-күйі талқыланды.

Түркістан облысында 330 мың гектардан астам жер халыққа қайтарылған

Түркістан облысында мақсатына сай пайдаланбаған және заңсыз жекешеленген жерлерді ортақ қорға қайтаруда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 330,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер беру мәселесі де өзекті. Жер саласындағы өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға бекітілген шаралар баяндалды.