Отырар ауданында су тасқыны салдарын жоюға атсалысқан азаматтар марапатталды

Бүгін Отырар ауданында еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған су тасқыны салдарын жоюға атсалысқан азаматтар марапатталды. Аталған марапаттарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы табыстап, сын сағатта ел бірлігін нығайтуға адал қызмет еткен жандарға шынайы алғысын жеткізді.

Отырар ауданында Рәміздер күні мерекесі жоғары деңгейде ұымдастырылды

Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шара Отырар ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан орталығындағы Тутұғырда орналасқан Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.

Отырарлықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Екпінді желдің әсерімен қолда тұрмай сусыған сары құм төбелерді асып, жалғыз өскен жусанның, одан әрі әр жерде бір көрінген сексеуілдің түбіне жиналып жатты. Қолда бар төрт түліктің соңынан еріп, далалық мәдениет пен дәстүрге бейімделген халық отырықшылыққа да бет бұра бастаған шақ еді.

Отырарда балаларға арналған «Bala Time» ойын-сауық кешені пайдалануға берілді

Бүгін Отырар ауданында тағы бір кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Заманауи үлгіде салынып, аудандағы ең алғаш ашылған балалар ойын-сауық орталығы жылдың 4 мезгілінде балаларға қолайлы қызмет көрсетеді.

Отырар ауданы: депутаттар «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Түркістан облысы аумағында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде Түркістан қаласы мен облыс орталығына келетін күре жолдарға ерекше басымдық берілген. Сондай маңызды жобалардың бірі «Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы жалпы ұзындығы 64,1 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолы қайта құрудан өтуде. Нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары 4 учаскіге бөлініп, іске асырылуда.

Отырар ауданы: жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов ашып жүргізіп отырды.

«Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме ашылды

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сапар орталығы» туристерге қызмет көрсету орталығында «Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме ашылды.

Отырар ауданында кіші футболдан турнир өтті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ел азаматтарының спортқа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді.