Шымкент: Аппараттық мәжілісте барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Бүгін Шымкент қаласының  әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен  аппараттық мәжіліс өтті.  Мәжілісте жылу маусымына дайындық,   мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерде,  БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері қаралып,  мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау қорытындысы талқыланды  

Отырар ауданында балық шаруашылығын дамытуға ниет білдірушілердің қатары күн санап артып келеді

Түркістан облысында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аталған кәсіпті Отырар ауданында да дамытуға ниет білдірушілер қатары арта түскен. Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тауарлы балық шаруашылығын дамытуды қолға алған Талапты ауыл округіндегі «Баққара» шаруа қожалығында болды.

Отырар ауданының әкімі туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Көне тарихымыздан сыр шертетін бай мұраларымызды насихаттай отырып ішкі туризмді дамыту алға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан Отырар ауданындағы киелі орындармен танысып, табиғатты тамашалауға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай жасалуы қажет.

Отырар ауданы: аппарат жиынында бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысқан жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, талқыланды.

Отырар ауданы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелеріне арналған кеңес өтті

Бүгін Отырар ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Отырар ауданында жиын өткізді

Бүгін ауданда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары бойынша мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизовтің төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Дария Нұрышова, Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ербол Назаров, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерік Сейсенов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

«Отырар» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Отырар өнері және саз» мектебінің теңгеріміндегі «Отырар» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерь жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсат жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілетін дамыту, білім алу құндылықтарын арттыру және бас қызығушылықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Отырар ауданында түлектерге аттестат тапсыру шарасы ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов аудан орталығындағы үздік білім беру ұйымдарының бірі Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында болып, мектептің бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасына қатысты. Алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басып жатқан барша түлектердің қадамдарына сәттілік тілеп, ата-аналар мен ұстаздарға алғысын айтты.