Түркістан: оқушылар арасында «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында онкүндік өтуде

Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты білім мекемелерінің мұғалімдері және оқушылары арасында «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында онкүндік өтілуде. Онкүндіктің ашылу салтанаты С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, өтілетін шаралардың жоспары таныстырылды.

Түркістан қаласы: ерлік сабақтары Халық Қаһарманына арналды

Түркістандық ұстаздар мен оқушылар тағы бір игілікті шаралардың куәсі болды. Түркістан қаласының білім бөлімі Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасымен бірге Халық қаhарманы, Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжын Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ауқымды шаралар ұйымдастырып, майдандағы ерлігімен қатар Рейхстагқа ту тіккенімен ел есінде мәңгі қалған батырды еске алды. Салтанатты шара барысында оқушыларға Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі таныстырылып, концерттік бағдарламалар мен сахналық қойылымдар ұсынылды.

Түркістан: ойы ұшқыр оқушылар қалалық турнирде бақ сынады

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытатын, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз пікірі мен ұстанымын ашық жеткізуге мүмкіндік беретін, лидерлік қасиеттерін дамытуды мақсат еткен Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауының нәтижесінде өткен пікірсайыс турнирі де өз нәтижесін көрсетті.

Шымкент: «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында волейбол бәсекесі өтті

Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Есірткіге жол жоқ!” акциясы аясында волейболдан жолдастық кездесу ойындары өтті. Іс-шара саламатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруды мақсат еткен.

Есірткіге қарсы күреске акциясы аясында жоғары оқу орындары арасындағы жолдастық кездесуге Мирас университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия Инновациялық университеті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Спорттық бәсекеде қатысушылар командалық рухты нығайтып, спорттың адам денсаулығына пайдасын көрсете білді. Сайыста командалар жоғары деңгейде шеберлік танытты.

Жарыстың нәтижесі бойынша Мирас университеті командасы 1-орын, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ командасы 2-орынды жеңіп алды. Орталық Азия Инновациялық университеті командасы жүлделі 3-орынға иелік етті. Іс-шараның қорытындысында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында спорт саласындағы заңнаманы жаңартуды тапсырды.

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент аталған заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін беретіні айтты.

«Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркістанда 9-10 сынып оқушылары арасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті

Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен 9-10 сынып оқушылары арасында бөлімге қарасты Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің базасында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Түркістан қаласының орталық кітапханасында «Кітап - патшалығына саяхат» атты ашық есік күні өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Kitap time-2024» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Түркістан қалалық орталық кітапханасында «Кітап - патшалығына саяхат» атты Ашық есік күні өтті.

Шымкент: Тазалық жұмыстары жүргізілді

\«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық науқанға ұласты. Бүгінде бұл шарадан тазалық мекемелері мен ерікті жастарды ғана емес, белсенді студенттер, әкімдік жастарын, ауыл тұрғындары мен ақсақалдардың да белсене атсалысып жүргенін байқаймыз. Бәрінің басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Түркістан қаласындағы 77 мектепте оқушылар мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Түркістан қаласындағы 34 мемлекеттік, 43 жекеменшік мектепте оқушылар жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. «Білім күні» мерекесінде барлық мектептерде салтанатты шара ұйымдастырылып, 1 және 11-сынып оқушылары ұстаздарымен жүздесті.

Түркістанда «Digtal Kazakhstan» заманауи білім беру» атты тақырыппен педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті

Енді санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы да басталады. «Білім күні» жақындаған сайын педагогтардың жауапкершілігі де күшейе түсетіні анық. Себебі, заман жаңаруда, білім іздеген жастарымыздың қатары артып келеді. Сондықтан да еліміздің жарқын болашағы үшін, жастарымыздың білімді, мәдениетті, талғампаз болуы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Биылғы жылдың басты бағыты цифрландыруға қаратылып отырғанының да себебі осы.