Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның кәсіпорындарын аралап, келіссөздер жүргізді
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты.