Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Абай ауданы әкімінің орынбасары Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы баяндады.
Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткіші келесідей:
- Ауыз су - 100% қамтылған;
- Электр жарығымен - 100%
- Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр.
- Анықтама үшін:
- Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы - 56% құрылысы аяқталған.
- Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.
Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. 2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.
Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.
Ал, аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда:
- асфальт жол - 573 шақырым (48,5%);
- тас жол – 450,2 шақырым (25,7%);
- топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%)
Асфалт мәселесі 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.
Халық қатысатын бюджет 2023 жылы 376,5 млн.тг 13 жоба іске асырылған. Оның ішінде: 10 – балалар алаңшасының (Бозарық, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ) құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 10 балалар алаңшасының құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген.
3 – спорт алаңша (Асар, Достық, Қайнарбұлақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
2024 жылы 491,2 млн.тг 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салу жоспарланған.
Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге, 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.