Отырар ауданы: жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов ашып жүргізіп отырды.

«Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме ашылды

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сапар орталығы» туристерге қызмет көрсету орталығында «Отырардағы керамика өндірісі» тақырыбында көрме ашылды.

Отырар ауданында кіші футболдан турнир өтті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ел азаматтарының спортқа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді.

Отырар ауданы: аппарат мәжілісінде бірнеше өзекті мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан: «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында 100 дана кітапты сыйға тартты

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» деген болатын. Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын бастап және осы игі бастаманы қолдауға шақырған болатын.

Осы мақсатта Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы жазушы Саттар Ерубаевтың биыл туғанына 110 жыл толуына орай атамекені саналатын Отырар ауданы Қарғалы ауылдық кітапханасына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Дәдебай Айбек Арқабайұлы атынан арнайы оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға ұсынды.

Сондай-ақ, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы Нұртас Оңдасыновтың туған ауылы Сауран ауданы Нұртас ауылдық кітапханасына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Дәдебай Айбек Арқабайұлы атынан арнайы оқырмандардың сұранысында жүрген 100 дана кітапты сыйға ұсынды.

Аталған акция аясында «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы Тұрар Рысқұловтың атамекені саналатын Түлкібас ауданы Рысқұл ауылдық кітапханасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан арнайы оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға ұсынғанын да айта кетейік.

Шара барысында Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, сот саласының ардагері Өміртай Қалықұлов сөз алып, ұлы тұлға туралы біраз тың деректер айтты. Ғасыр жасаған ауыл тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының ардагері Төлепбергенов Мұраталы өз естеліктері мен тарих қойнауынан сыр шертті. «Ұлт тарихындағы Ұлы тұлға» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды.

Дәл осындай шарада «Фараб» кітапханасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы жіберген сыйын Қазақ вальсінің королі, ҚР Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған ауылы, Шәмші ауылына оқырман сұранысындағы 100 кітапты жеткізді. Кітап табыстау сәтіне ауыл ақсақалдары, оқырмандар және кітапханашылар куә болды. Сапар Шәмші музей-үйіне саяхатпен жалғасты.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі  ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін кітаптан алған. Кітаптың – рухани қазына аталуы да сондықтан. Кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор. «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – депті атақты  жазушы Максим Горький.  Кітап оқудан қалған ұлт, әсіресе, жас ұрпақ орны толмас ауыр рухани жұтқа ұшырап, азғындыққа құламай қоймайды. Егер біз кітап оқудан тыйылсақ, онда ой ойлаудан да, айналамыздағы құбылыстарды талдау, барлау, болжау, бағамдау қабілетінен де, адамгершілік, кісілік қасиеттен де, тіпті құнды ұтқырлық атаулының бәрінен де айрыламыз. Бұл – сөз жоқ, қауіпті және өкінішке апарары анық.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ, оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.

Жасыратыны жоқ, Техника мен заманауи гаджеттер күн сайын дамып жатыр. Даму үдерісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Десе де оның қоғамға пайдасымен қатар зияны да бар. Бір-бір гаджетті иеленген балалар арасында кітап оқитындар саны азайып кеткен. Соның салдарынан әлемде сауатсыздық деңгейі артқан. Мұндай дағдарыс тіптен дамыған елдердің өзінде айқын көрініс тауып жатыр.

Сауатсыздық әлеуметтік және экономикалық салаға орасан зор зиянын тигізеді. Сол себепті әлемдік тәжірибеде балаларды кішкентай кезінен бастап оқуға дағдыландыру әдістемелері кең қолданысқа еніп келеді. Балаларды кітап оқуға үйрететін ұлттық бағдарламалардың жобалары да жасалып жатыр. Мұның барлығы сауатты ұрпақ қалыптастыру жұмысының алғышарты.

Балалардың шығармашылығын дамыту, кітап оқуға ынталандыру халықаралық мәселеге айналған. Балалар арасында кітап оқуға құлшыныстың жоқтығын жою мәселесінде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жұмыстардың негізіндегі тәжірибелердің нәтижелі екенін көруімізге болады. Демек, жағдайды өзгертуге толық негіз бар.

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кішкентайынан кітап оқуға құлшынысы бар балалар мен жасөспірімдердің болашақта жетістікке жету мүмкіндігі жоғары болады. Сол себепті көптеген елдер «кітап оқуға» шақырудың түрлі айла-тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Техника мен заманауи гаджеттер дамыды десек те оларды басқару үшін де білім қажет.

Мәселен, Ұлыбританияда балалардың кітап оқу үдерісін мемлекет қолдап, өз бақылауына алған. Ол елде кітап оқуға белсенділікті арттырудың кең ауқымды бағдарламалары жасалатын көрінеді. Қазақстанға келетін болсақ, Білім және ғылым саласына қарасты 7096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана жұмыс істейді. Ал білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. 

Қазақстанда оқулықтардың қажетті қоры болғанымен, балалар оқитын көркем әдебиеттің саны көңіл көншітпейді. Деседе, көркем әдебиеттің балаларға қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірлеген еді. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданды. 

Сонымен қатар кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қамтамасыз ету де күн тәртібіне қойылған. Қазақ тілді кітаптардың цифрлы нұсқасын жасау идеясы да жүзеге асырылып келеді. 

Ақпараттық қоғамда оқу мен «кітап оқитын адам» ұлттық құндылыққа айналып бара жатыр. Кітап оқитын ұлт – кітап оқитын балалардан қалыптасады. Қазір әлемнің көптеген елдері кітап оқымайтын жасөспірімдермен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін қарастырып жатыр. Техника мен ақпараттық жүйелердің дамуы оң мүмкіндікке қол жеткізуге болатын құралға айналуда. Адамның бойындағы кітап оқу дағдысы бала күннен қалыптасады.

«Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген ұлылардан қалған сөз бар. Былтыр өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, идеология мәселесіне көп көңіл бөлу керектігін баса айтқаны көпшілікке белгілі. Сондай-ақ, балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызын атап өтіп, арнайы тапсырма берді.

«Қазір еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен шұғылдану керек. Басқа жол жоқ. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек»,- деді Президент.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді. Оның 76 пайызы отандық, 24 пайызы әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері. Отандық шығармалар қатарына Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев сында қаламгерлердің шығармалары енді. Ал әлем әдебиетінің тізімінде Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабиндранат Тагор, Александр Островский, Вальтер Скот, Михаил Лермонтовтың еңбектері бар.

Тізімді жасақтау үшін арнайы құрылған комиссия қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мектеп кітапханашылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескерді. Жасақталған тізім ішінде көне классикалық әдебиет, тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет, әлемдік әдебиеттің үздік үлгілері бар. «Балалар кітапханасы» бағдарламасының басты мақсаты мектеп кітапханаларын маңызды балалар әдебиетімен қамтамасыз ету. Балалар әдебиеті тізімін қалыптастыру және ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту.

Кез келген ақпаратты алу үшін ғаламторға жүгінетін көптеген жастардың кітап оқуға ынтасы жоқ. Мұның бірден бір себебі бала ерте жастайынан ұялы телефон, түрлі планшет, гаджеттермен өседі. Дегенмен әрбір ата-ана кітаптың бала миының өсіп, дамуына, рухани өсіп жетілуіне зор үлесі бар екенін білуі тиіс. Баласының дамып, жетістікке жетуін қай ата-ана оң көрмесін. Бірақ ол кітап оқымай, болмайтын дүние. Кітап оқу миға жаттығу секілді. Заманына сай қазір кітапты электронды нұсқада оқи аламыз. Бірақ қағаз парақтап, әр сөзіне үңіле оқығанға жетпейді. Осы кезде баланы көптеген кітаппен танысуына септігін тигізетін кітапханалардың жөні бөлек. 

Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.

Иә, оқуды әдетке айналдырған жанның ұтары көп. Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал. Неге десеңіз, оқу сауаттылығы – тұлға қалыптастырудағы маңыз­ды көрсеткіштің бірі. Мек­тепте рухани-адамгер­шілік­ке, патриотизмге, ең­бек­ке баулу сияқ­ты, кітап оқу мәде­ние­тін қалып­тастыру да тәрбие жұмы­сының басым бағыттарының бірі­не айналса дейсің. Бұл мектеп оқушы­сының оқу іс-әрекетін дамы­туға, кітап мәртебесін көте­руге, кітап оқуды әдетке айнал­дыру­ға зор ықпалын тигізері хақ.

Оқу не үшін керек? Өзін-өзі жетілдіру, білімін толықтыру үшін. Оқи отырып, ондағы оқиғаны көңілге түйесің, кейіпкердің іс-әре­кетін саралайсың, жақсы жақ­тарын өнеге тұтып, жаман қылық­тарынан жиренесің. Көп оқысаң, көп білесің. Жан-жақты білімді адам түрлі тақырыптардан хабар­дар болып, пікір таластыра алады, білгенімен бөліседі. Қазақ «Бі­лімді мыңды жығады» деп бе­кер айтпаса керек. Білімі ағыл-тегіл азаматқа өзгелердің құрметі ерекше. Кітапты тек оқып қана қой­май, оның таңдаған саламызға, қызме­тімізге қатысты тұстарын көшіріп алып, алдағы жұмысыңа пайдаланып жүру де жемісін береді. Білімге ұмтылыс, оқып-үйренуге құштарлық ізсіз кетпейді. Тұрақты түрде оқитын адамның бәсі биік. Қашанда қай ортада болсын айтары бар, білімі терең, көңілге түйгені мол адамның бі­ліктілігі, бәсекеге қабілеттілігі ба­сым болады.

«Кітап – білім бұлағы, білім  –  өмір  шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Кітапты көп оқу – ол  адамның ой-өрісін кеңейтеді, білімін жетілдіреді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу мәнерін дамытады. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі халқының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда болмасын кітаптың алатын орны бөлек. Адамның кемелденуіне бірден-бір себеп болатын нәрсе ол – кітап оқу. Қаншама дамыған технологиялар шықсада, бірақ олардың ешқайсысы кітаптың орнын баса алмайтыны анық.

Кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Яғни, көп кітап оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Бір мәселені шешу үшін ұзақ уақыт ойланып қиналмайды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен білім ізденіп кітапты көп оқуығанының  арқасында бірнеше тілді меңгерген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ.Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамыту. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана.

«Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін  әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?!

WWW.AQ-QARA.KZ

Түркістандық түлек әлемнің 42 университетінен шақырту алды

Дамир Аюпов – Түркістан қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының биылғы жылғы түлегі. Жастайынан білімге ден қойған оқушы бүгінгі таңда ата-анасын ғана емес, түркістандықтарды жағымды жаңалығымен қуантып отыр.

Түркістандық оқушы өнертапқыштар байқауында жүлдегер атанды

Күні кеше ғана Өскемен қаласында мәреге жеткен Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) байқауы Республикалық кезеңінен жағымды жаңалық жетті. Аталған байқаудың қалалық, облыстық кезеңдерінде топ жарып, еліміздегі қатарластарымен бақ сынаған Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ерсайын Бодауханның жұмысы үздік деп танылып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Шымкенттегі 81 емдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған

Қала тұрғындарының сапалы электр энергиясымен қамтылуы, ауыз су, кәріз жүйесі, жылыту маусымына дайындық, көгілдір отынға қосу жұмыстары  - осының барлығы шаһарымыздың инфрақұрылымына қатысты мәселелер. Бұл саладағы жұмыстың лайықты деңгейде жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал етеді. Сондықтан инфрақұрылымның дамуына қаламызда көп көңіл бөлініп келеді. 

Қайтарымсыз грант алған шымкенттік көпбалалы ана құс шаруашылығымен айналысуда

Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда  өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып,  қайтарымсыз қаржы алған болатын.