Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акцияда абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға аудан тұрғындары, жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Аудан көлемінде экологиялық акция аясында ағымдағы жылдың бүгінгі таңға дейін 30 жуық ауқымды сенбілік өткізілді.

Шымкентте апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.

Шымкент қаласында биыл жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарында дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы бірнеше нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, қалада атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, аралап көруді әдетке айналдырған. Әкім кезекті  рет қаладағы нысандарды аралады.

Шымкентте 5 өнеркәсіптік аймақ бар

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын  5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  330,9 млрд теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 287 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

Шымкентте биыл 6336 жаңа жұмыс орыны құрылмақ

2024 жылы Шымкентте 64 иныестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 6336 жаңа жұмыс орыны құрылады. Бұл туралы  Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму  басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы  «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық - инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясын берді.

Шымкентте белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын бар

Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму  басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы  «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық - инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясында айтты. 

36 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша депармент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д. Суртековтың төрағалығымен семинар өтті.

Шымкентте шомылуға тыйым салынған 13 орын бар

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Серік Әуесхан Досболұлы - шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру шаралары туралы түсіндірді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 

Бүгінгі күні, Республика бойынша су айдындарында 43 адам суға батты, оның ішінде 17-і бала. Салыстырмалы түрде көршілес  Түркістан облысында жыл басынан бері 5 жазатайым оқиға орын алған.

Шымкент қаласы бойынша су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелген.

Қаламыздың климаттық жағдайына байланысты, судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің («2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы») қаулысына сәйкес қала әкімі Ғ.Сыздықбековпен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге орындау үшін жолданған.

Аталған жоспар, мүдделі мемлекеттік органдардың жазғы шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шаралар кешенін қамтиды.

Айта кетейік, қалада шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 72 ескерту белгілері орнатылған. Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 195 рет рейд жүргізіліп,  20952 адам қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Бұқаралық ақпараттық құралдарында және әлеуметтік желілерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылуда және тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жолданып отыр.  Осы орайда, Әуесхан Досболұлы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын ескерту хабарламаларға назар салуын сұрады.