Шымкентте сұйытылған газ тапшылығын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен газ өндірушілер, сатушылар, қадағалау органдарының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында қалада сұйытылған газ тапшылығын болдырмау шаралары талқыланды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы.

Мәселен, қалада арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына кірістер депаратаментінің, экономикиалық тергеп тексеру департаментінің, монополияға қарсы ведомство өкілдері мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметкерлері кіреді. Топтың міндеті сұйытылған отын көлемін жасанды тапшылыққа жол бермеу жөніндегі рейдтер өткізу және халыққа қолжетімді бағада беруді ұйымдастыру.

Кеңес отырысында сұйытылған газды халыққа жіберетін қаланың барлық газ құю бекеттеріне қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе CNPC»  компаниясынан қосымша 2051 тонна газ сатып алынды, - деп атап өтті Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов.  Бұдан басқа, бүгін қалаға сұйытылған газы бар 7 вагон келеді. Ертең тағы 12 вагон келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жыл сайын еліміз сұйытылған газ тапшылығына тап болатынын және бұл тұтынудың артуына байланысты екенін хабарлаған болатын. 

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40% құрауы мүмкін, - деп атап өтті Энергетика министрлігінде.

Аталған тәуекелдерді болдырмау үшін 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге).

 

Шымкентте инновациялар мен жоғары технологиялар белсенді дамып келеді

Соңғы жылдары, әсіресе мегаполис статусын алғалы бері Шымкент қаласы экономикалық тұрғыда жоғары қарқынмен дами бастағаны белгілі.Бұған Шымкенттің тоғыз жолдың торабында орналасқан географиялық ерекшелігі де өз септігін тигізіп отыр деп батыл түрде айтуға болады. Бұл ерекшелігі тиімді сауда мен әртүрлі аймақтармен байланыс орнатуға ықпал етеді. Логистика, инфрақұрылымның дамуы Шымкентті ірі бизнес орталыққа, транзиттік сауда алаңына айналдырып келеді.

Шымкенттіктер Қытайдың экономикалық және технологиялық даму аймағымен танысты

Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді.  Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары жасалады. 

Күзде Шымкент-Сиань бизнес форумы өтпек

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков   Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Шымкент: Нұрсаттықтар акцияға белсене қатысуда

Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.  «Нұрсәт» шағынауданындағы №37-49 көпқабатты тұрғын үйлердегі 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.

Шымкент: "Асарлықтар" тазалық жұмыстарында белсенділік танытты

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылуда. Оған қаланың солтүстік аумағында орналасқан Асар шағын ауданынының тұрғындары да белсенділік таныттып, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясын қолдайтындықтарын көрсетті.

Шымкентте жыл басынан бері 11163 жас жастар денсаулық орталықтарына жүгінген

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталықтарына  жыл басынан бері 11163 жас  көмекке жүгінген.  Оның басым бөлігі 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдер.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау апталығының басталуы туралы» тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.