Super User

Super User

Шымкенттегі мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне дейін көтеріледі

Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақылары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының деңгейіне дейін көтеріледі. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Түркістан облысын қалыптастыруға байланысты бюджетке өзгерістер енгізудің және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берудің шарттары туралы әңгімеледі.

Шымкент: «Бекжан» базары маңындағы жолайырық пен айналма жол тамыз айында ашылады

Шымкент қаласындағы үлкен құрылыс алаңдарының бір болып табылатын Темірлан тас жолының «Бекжан» базары маңындағы жолайырық құрылысында дәл қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Ең басты айта кететін жаңалық – мердігер компания құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр екен. Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Шымкенттің жаңа әкімі абаттандырудың жалғасқанын қалайды

Шымкент республикалық қала мәртебесін алып, әкімдері ауысқанымен, бұрынғы басшылардың бастамасы жалғасын табатын болды. Мұны қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысып шығуынан-ақ аңғару қиын емес. 

Осы RSS каналға жазылу