Түркістан облысы: Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылады
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға болды.
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық мәдени байланыстарды сақтау және дамыту бағытында екі маңызды мәдени оқиға болды.
Бүгін Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты.
Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 5362 турист табан тіреген. Оның ішінде 473-і – шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 840 туристке немесе 9 пайызға артып отыр.
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін республикалық «JAIDARMAN» ойындарын өткізді. Бұл ойынға елге танымал жайдарманшылар мен құрамалар қатысты. Көрерменге әдемі әзілмен, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, жастардың еңбегін, білімін көрсетуге көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына байланысты жас таланттардың арасында көптеген байқаулар өтуде. Соның бірі – жыл сайын дәстүрге айналған «Turkistan ART fest» жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасындағы облыстық байқау. Аталмыш сынға қатысып, бақ сынаған жас буын биыл да көп болды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылғанына бір жыл толуына орай облыстық музейлер мен суретшілер және қолөнер шеберлерінің «Түркістаным – Тұраным» атты кеңейтілген көрме экспозициясы ұйымдастырылды.
Түркістан облысындағы «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.
Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасынасәйкесхалық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті.