ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің алғашқы концерті Түркістан қаласынан басталмақ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында бастау алады. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығында өткен баспасөз-мәслихатында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы теміржол вокзалына қауіп төнбейді

«Арыстағы вокзалды жоғалтудамыз! Тарихи-мәдени нысанды бұзып жатыр!». Әлеуметтік желі мен жергілікті басылым беттерінде осындай жаңалық тарап еді. Бұл жалған ақпарат болып шықты. 115 жылдық тарихи ғимаратты ешкім бұзбайды. Керісінше, Арыстағы апаттан зақымданған «Арыс-1» теміржол вокзалы қайта қалпына келіп, жаңаланады. 

Түркістан облысы: Түлкібас жастарының сұранысы іске асып жатыр

Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы – сол елдің жастарының қолында. Ал жастардың тың идеяларына қолдау білдіру әрқашанда маңызды. Биылғы Жастар жылына орай Түлкібас ауданында жастардың көтерген меселелерін қолдау мақсатында ауқымды шаралар іске асуда. Солардың бірі – «Жастар аллеясы». 

Түркістан қаласына шетелдік журналистер келді

Бүгін Түркістан облысына бір топ шетелдік басылымдардың тілшілері келіп, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне саяхат жасады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын халықаралық деңгейде ілгерілету шеңберінде шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен мәдени баспасөз туры Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. 

Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. 

Кентауда «Асыл әже» атты байқау ұйымдастырылды

Кентауда «Асыл әже» байқауы өтті. Түркістан облысы, Кентау қаласында жасы 60-тан асқан әжелер сахнаға шығып, түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, алдымен өздерін көпшілікке өлең жолдарымен таныстырған әжелер, екінші кезеңде ертегілер айтудан өзара бақ сынады.

Түркістан облысы: Арыс шаһарының балалары еліміздің батысы пен шығысына демалысқа аттанды

Бүгін түсте Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына аттанып кетті. Сонымен бірге кешке қарай 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. 

Түркістан облысы: Арыстық 200-ге жуық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер «Мейір» ардагерлер үйінеаттанды. Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.