Созақта «Жырласа жастар жырласын...» атты жас ақындар айтысы өтті

Түркістан облысының бір жылдығына орай облыстық «Жырласа жастар жырласын...» жас ақындар айтысы өтті. Түркістан облысының Мәдениет басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Созақ ауданындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өткен айтысқа өңірдің аудан, қалаларынан 20 үміткер қатысып, бақ сынасты.

Түркістан облысы: «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Төле би» фильмінің таныстырылымы ұйымдастырылды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің тұсаукесері көпшілікке ұнады. 

Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті

«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті

Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі, қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті. 

Түркістан қаласында фотоөнер орталығы ашылды

 Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» «TÚRKІSTAN» фотоөнер орталығы ашылды. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен қолға алынған бұл орталықта еліміздегі белгілі фотограф, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы жастарға дәріс оқып, мамандықтың қыр-сырын үйретеді. Аталған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен республикалық және өңірлік БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты. 

Түркістанды жас қаламгерлер жырға арқау етті

Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған «Түркістанда түлеген төл тарихым» атты жас қаламгерлер байқауы қасиетті шаһар төрінде өтті.Қара сөздің қасиеті қонған жас дарындар байқауын облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. 

Түркістан облысы: Қазақтың мықты қаламгерлері «Túrkіstan tórіnde» келелі ой қозғады

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Túrkіstan tórіnde» атты сырласу-сұхбат кеші өтті. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Түркістан төрінде» жобасының алғашқы кездесуін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып берді. 

Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыратын жобалар жетерлік

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті. Баспасөз-конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік ОТАРБАЕВ, Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет ИСАБЕК, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ қатысты.