ШЫМКЕНТТЕ 15 ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі күні Шымкент қаласы аумағында жалпы 114 тарихи-мәдени мұра нысандары бар. Олар: 30 археологиялық, 56 монументтік өнер құрылыстары, 11 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері болса, 2 нысан киелі орындар қатарына жатады. Аталған 114 тарихи-мәдени мұра нысандарының 7-еуі республикалық, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаевтың мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында, республикалық және жергілікті маңызы бар 15 тарихи және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени мұра нысандарының жай-күйін бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. 

ШЫМКЕНТТКЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕАТРЛАРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және мұрағаттар басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясында мәлім болды. 

Райымбек Сейтметов театрында «Келісімшарт бойынша қалыңдық!» комедиясының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында Эльмира Макашеваның аудармасындағы драматург Асахмат Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық!» комедиясы сахналанды. Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен театр сүйер қауым қатысты.

Бейжіңде Түркістан облысының делегациясы «NAURYZFEST» өткізді

Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Түркістан облысының әкімдігі «NAURYZFEST» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, сәттілік тіледі. Концерт алаңына жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің туристік әлеуеті қамтылған үнпарақтар таратылды.