Түркістан: Отырарда «Ел-ана» монументі ашылды

Отырар ауданында «Ел-ана» монументі бой түзеді. Сонымен қатар «Құтты мекен-шілік» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.Туған жерді елін сүйген азаматтар түлететіні белгілі. Елбасының «Болашаққа бағдар -Рухани жаңғыру » бағдарламасы да осы мақсатты көздейді.

Түркістан облысының боксшылары Конфедерация кубогін жеңіп алды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеңімпаздары белгілі болды. Екі күнге созылған республикалық бәсекенің бокс додасында Түркістан облысының спортшылары бас жүлдені иеленді.

Түркістан облысының 2020 жылғы бюджеті 595,6 млрд теңге болып бекітілді

Бұл былтырғы жоспардан 24 млрдқа көп. Енді аталған қаржының үштен бір бөлігі өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешілуге бағытталмақ. Әсіресе, білім беру нысандары мен ауыз су және газ құбырларын таруға басымдық беріліп отыр. Сондай-ақ аймақтардағы жолдардың жағдайын жақсартуға күш салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 44 сессиясында айтылды.

Түркістан облысы: Кентауда «Тілдарын-2019» байқауы өтті

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын-2019» байқауы өтті. Байқауға қала және ауылдық округтерден 22 ағылшын тілінің мамандары қатысты.

Түркістан облысы: Кентауда атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері түсіндірілді

Кентау қаласы әкімдігі ғимаратында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтбаев Бақытжан атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері мен жаңа ереже талаптары туралы ақпараттық түсіндірме жиынын өткізді.

«Түркістан – тазалық мекені» эко челленджі ұйымдастырылды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістан - тазалық мекені» эко челленджі ұйымдастырылды. Челленджге сектор тұрғындары, жастар мен қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері барлығы 100-ге жуық азамат қатысты.

Түркістан: Арыста «Ислам ізгілікке бастайтын дін» тақырыбында дәріс оқылды

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі –дін және діни қақтығыстар мәселесі. Ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дінімізді бірнеше тармаққа бөліп алып, ойына келгенді істеп жүрген қандастарымызды жат ағымдардың жетегінен алып шығу мақсатында Арыс өңірінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Арыс қаласында

Түркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Арыс қаласына келді.