Super User

Super User

Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталады

Шымкентте 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. 

Шымкенттегі балалар темір жолы серуен аймағына айналады

Қаладағы жаңғыртылып, жаңарып жатқан жобалардың басым бөлігі демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Шымкенттегі балалар темір жолының бойы да дәл солай демеушілер көмегімен темір жол рельстері алынып, оның орнына заманауи талаптағы веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылатын болады. Яғни, балалар темір жолы қайта қалпына келтірілмейді. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Сыздықбеков А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолын аралау барысында мәлімдеді. 

Шымкентте 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді

Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде айтты. 

Шымкент: Денсаулық сақтау саласында ашықтықты енгізу мақсатында ауқымды жобалар қабылдануда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл туралы толығырақ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде баяндады. 

Осы RSS каналға жазылу