Ордабасы ауданында «ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында медициналық көмек көрсетілді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандағы барлық салалар атсалысатын «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясындағы ардагерлерге деген ілтипат пен құрметтің белгісі ретіндегі іс–шаралар жүйелі жүргізілуде.

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында Шәуілдірде екі бірдей жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында Шәуілдір ауылындағы аудандық мәдениет сарайында отырарлық шығармашыл тұлғалардың көшін жалғап келе жатқан есімі елге танымал суретші, ақын, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлының «Отырар романтизмі» және «Тамшы» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ордабасы ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен түрлі салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін, оның ішінде электронды түрде алу мүмкіндіктерін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын өткізу кестесі бекітілген болатын.

«Отырар ауданының 90 жылдығы», «Ш.Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл» аясындағы іс-шараларға дайындық қызу жүргізілуде

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Қарақоңыр ауыл округінде халықпен кездесіп, есеп берді. Аудан басшысы өткен жылы іске асқан жобалар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Соның ішінде қазақ халқының маңдайына біткен белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың балалық шағы өткен Шәмші ауылында биыл ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда. «Отырар ауданының 90 жылдығы», «Ш.Қалдаяқовтың туғанына - 95 жыл» аясындағы іс-шараларға дайындық жұмыстары басталып та кеткен.

Ордабасы: пробация есебіндегі азаматтарды жеке қабылдау шарасы өткізілді

Ордабасы ауданында аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз аудан прокурорының орынбасары Ерлан Мұсаевпен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жеке қабылдады. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік оңалту және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді көмек көрсету.

Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті

Ордабасы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс XXXI сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы ашып, жүргізді.Сессия жұмысына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, бөлім басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Ордабасы ауданының өнерпаздары республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

24–26 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында өткен IV республикалық “Қызғалдақ – Көктем” эстрадалық ән байқауы жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік сыйлады. Байқауға еліміздің әр өңірінен келген талантты орындаушылар қатысып, өнердің көктеміндей құлпыра түсті.

Ордабасы ауданы: қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров және Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ауылдың ақсақалдары мен құрметті тұрғындары қатысты.