ТҮРКІСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. 17-18 қазан аралығында жалғасқан спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысында Түркістан қаласының құрама командасы 1-орынға, Сайрам ауданына келген ұстаздар 2-орынға, Сауран ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған жүлдегерлерге медаль мен кубок, мақтау қағазы табысталды. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп алынып, республикалық спартакиадаға жолдама алады.

Қазығұрт:Полицейлер жоғалған 3 жасар бүлдіршін қызды тауып, алғыс алды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Қуаныш Бақбергенге тұрғындардың бірі хабарласып, көшеде жалғыз жүрген қызды тауып алғанын жеткізді. Мұны естіген полицей бірден баланы алып, онымен тілдесуге тырысады. Алайда тілі толық шықпаған кішкентай қыз, өзінің кім, ата-анасы қайда екенін айта алмайды. Содан 1 сағат көлемінде туыстары полицияға хабарласып қалар деген үмітпен күтеді.

Ешкім арызданбағаннан кейін полицейлер, қыздың табылған жеріне жақын аймақтарды аралап, іздестіруге кіріседі. Сол аумақтағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан адамдардардан сұрастырады. Осылайша бірнеше сағатқа созылған қажетті іс-шаралар нәтижесінде полицейлер, жоғалып кеткен кішкентай қыздың мекенжайын, ата-анасын анықтады.

Тексеру барысында 3 жасар қыз ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткені белгілі болды. Полицейлер табылған бүлдіршінді үйіне қайтарып, әжесіне аман-сау күйінде тапсырды.

Өз кезегінде қыздың әжесі Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне: «Қызымызды тауып берген полицейлерге ризамыз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңдер!»-дейді кішкентай немересімен қауышқан ақжаулықты ана.

Полицейлер психотроптық дәрі алып жүрген ер адамды анықтады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, барлық қала, аудан полицейлеріне «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды. Осы бағытта іске кіріскен жеке құрам түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда жұмыс атқаруда.

Мәселен Келес АПБ тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен сұхбаттасуды ұйымдастырып, профилактикалық іс-шара өткізді. Кезекті ер адаммен тілдесу барысында, оның өзін ұстай алмай, бір жерде тұра алмағанына күмәнданып, оның жеке басын анықтады. Осылайша тұрғынның қалтасынан құрамында есірткісі бар «Трамадол» дәрілері тәркіленді.

Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҢ ТӨРТ ТҮРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері және діни бірлестік өкілдері қатысты.

Бұл іс-шараға ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі, «Сарыағаш медресе колледжі» мен «Балаби қарилар дайындау орталығы», Қазақстан Халқы ассамблеясы, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, ТО Полиция департаменті мен Дін істері басқармасының спорттық командалары қатысты.

Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өткізілді. Марапаттау шарасында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев және Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға алғысын жеткізді.

Сайыс қорытындысында шағын футболдан Түркістан облыстық Полиция департаментінің командасы (100 мың теңге) жеңімпаз атанды. Екінші орынды ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті (70 мың теңге), үшінші орынды Сарыағаш медресесі (50 мың теңге) иеленді. Бұл спорт түрінде «Үздік қақпашы» болып Сарыағаш медресесінен Әбдіразақ Мұхаммедәли танылса, «Үздік қорғаушы» номинациясы Аташев Ғалымжанға (ҚМДБ), «Үздік шабуылшы» атағы (ТО ҰҚК) Жандос Ысқақовқа, «Үздік ойыншы» номинациясы Байдулла Ерікке (Полиция департаменті) бұйырды. Үздік номинация иегерлерінің әрқайсысына 15 мың теңгеден қаржылай сыйлық табыс етілді.

Ал, командалық арқан тартыс сайысында Полиция департаменті қызметкерлері топ жарып, олар 40 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Екінші орынды Дін мәселелерін зерттеу орталығы (30 мың теңге), үшінші орынды Сарыағаш медресесі (20 мың теңге) иемденді. Кір тасын (гир) көтеруде Сарыағаш медресесі командасы (30 мың теңге) чемпион атанса, екінші орынды Полиция департаменті командасы (20 мың теңге), үшінші орынды ТО ҰҚК командасы (10 мың теңге) жеңіп алды.

Қол күресте (армрестлинг) Полиция департаменті командасы қарсылас шыдатпады, олар 30 мың теңге көлемінде жүлдені иеленді. Ал, Балаби Қари құран жаттау орталығы командасы (20 мың теңге) екінші орыннан көрінсе, үшінші орынды ҚМДБ командасы (10 мың теңге) түйіндеді. Жеңімпаздар дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен және естелік кубокпен марапатталды.

Айта кетейік, бүгінгі іс-шара аясында Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы облыстағы діни конфессия жетекшілерін қабылдады. Қабылдау соңында діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге орай алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Еске салсақ, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Биыл бұл жалпыұлттық мерекені Қазақстан 30-ші рет өткізіп отыр.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАР ЕККЕН АҒАШТАРДЫҢ ЖЕРСІНУІ 80%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Түркістанда көгалдандырудың түрлі жобалары жүйелі жүзеге асырылуда.

Өткен жылғы он күнге жалғасқан "ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК" отбасылық эко-акциясы аясында түркістандықтар жүз мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды.

Игі шараға қала тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялылар, ардагерлер және қала тұрғындары атсалысты.

Қаланың жасы мен қарты қатысқан шарада егілген көшеттердің сексен пайызы қазірде көгалданды. Көгалданған ағаштарға ерікті тұрғындардың өздері күтім жасап, қадағалауға алған.

Атап айтқанда, "Самал", "Отырар", 1,2 мөлтек аудандары мен Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы 20 мыңнан астам қарағаш, гужум, айлант, терек және қарағай сынды ағаш көшеттері жайқалып өскен.

Бүгінде аталған аумақтарда отырғызылған ағаштардың отыз пайызы гидрантты жолмен суландырылса, қалған бөлігіне арнайы суғару жүйелері арқылы күтім жасалуда.

«VOICE OF TURAN»: ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ЕУРОПА МЕН АЗИЯ ӘНШІЛЕРІ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІН ШЫРҚАЙДЫ

Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніде 19-20 қазан күндері Түркістан облыстық мәдениет басқармасы Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауын өткізеді. Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын байқау биыл алғаш рет офлайн түрде өткізіледі.

Фестивальге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, Молдова, Грузия, Сербия, Қарашай-Шеркес республикасы, Бурятия, Македония, Болгария мемлекеттерінен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар қатысады.

«Биылғы байқаудың ерекшелігі, Азия елдерінен ғана емес, Еуропа мемлекеттерінен де әншілер келіп қатысуда. Байқауға қатысушы шетелдік өнерпаздар қазіргі таңда Түркістан өңіріне келіп, дайындықтарын жүргізуде. Байқау осыдан екі жыл бұрын бастау алып, карантиндік шараларға байланысты онлайн түрде өтті. Байқау қазақ музыкасы мен қазақстандық композиторлардың үздік шығармаларын, сондай-ақ қазақ әндерін әлемге насихаттау, шығармашыл дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып жатыр»,- деді Әзімхан Қойлыбаев.

Халықаралық байқауда шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар, продюсерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар Гран-при, Бірінші, екінші және үшінші дәрежелі лауреат, сонымен қатар түрлі номинация бойынша арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жобаның бас продюсері, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаровтың айтуынша, қатысушылардың барлығы үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, республикалық, ұлттық, және халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен үміткерлер.

Айта кетсек, бұған дейін аталмыш байқауда 2020 жылы Малдова республикасынан Галина Шкода бас жүлдені жеңіп алса, 2021 жылы Бурятиялық Цыден Еши Бимбаев Гран-при иегері атанған. Халықаралық ән сайының нәтижесінде 4 елдің үздік әншілерінен құрылған «Turan Boys» квартеті бүгінде қазақ әндерін насихаттауда зор үлес қосып жүр.

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКІСТАНДА

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің делегациясы Түркістанға атбасын бұрды. Арнайы сапармен келген елшілер Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетіне табан тіреді. Делегация құрамында АҚШ елшілігінің Бас консулы Кэролайн Сэвидж, қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Чад Киннер, білім беру жөніндегі үйлестірушісі Жанна Тоқтарова, ақпараттық көмекшісі Камшат Төлеулиева бар.

Ең алдымен, делегация оқу орны басшылығымен кездесті. Құрметті қонақтарды университеттің ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Женгиз Томар, қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Пусат Пилтен, ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева, сондай-ақ халықаралық байланыстар департаментінің мамандары қарсы алды.

Жүздесуде қонақтарға университеттің тыныс-тіршілігі таныстырылды. Сондай-ақ, ректор Жанар Темірбекова оқу орнымызға арнайы келген АҚШ елшілігінің Бас консулына алғысын айтты.

Өз кезегінде, Бас консул Кэролайн Сэвидж жылы қарсы алғаны үшін университет ұжымына ризашылығын білдірді.

Кэролайн Сэвидж оқу орнымызда EL fellow бағдарламасы бойынша АҚШ-тан келген оқытушы Кейси Торнтонпен сөйлесіп, университет пен студенттер туралы пікірін естігенін айтты. Өзара диалогтан кейін білім ордасын өз көзімен көруге қызығушылық танытқанын да тілге тиек етті. Сондай-ақ, елші бұдан кейін де студенттерімізге сабақ беруі үшін АҚШ-тан оқытушыларды шақырту жұмысы жалғасатынын атап өттә.

Кездесуде өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері де талқыланды. Басқосу соңында қос тарап бір-біріне естелік сыйлық тарту етіп, қол алысты.

Бұдан әрі АҚШ елшілігінің Бас консулы Кэролайн Сэвидж университетіміздің студенттерімен кездесіп, «Жергілікті серіктестіктегі көшбасшылық» тақырыбында лекция оқыды. Жиында Бас консул студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

 

МАҚТААРАЛ: «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда!

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ТО ПД-ның нұсқауына сәйкес, бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерімен аудан аумағында күнделікті рейдттік тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленіп, бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға Мақтаарал АПБ ЖПҚ қызметкерлері және Мақтаарал ауданының жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 811-бапта «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі»:

1. Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кезде осы Кодекстің 804 немесе 805-баптарында аталған уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті табыс етеді. 

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар. 

2. Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі. 

Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың қағидалары бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. деп жазылған
.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзгеде кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқада себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзгеде табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

Құрметті аудан тұрғындары сіздерден заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып айыппұлдарыңызды уақытылы төлеулеріңізді сұраймыз. Салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, жоғарыда көрсеткендей борышкер тұлғаға қатысты арналған іс мәжбүрлі түрде өндіріп орындау мақсатында аймақтық жеке сот орындаушыларына жіберілетінін ескертеміз!

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 894-бапбында«Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату»:

Ескерту. 894-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 

2. Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады. 

3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi. 

4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды деп көрсетілген.


 

 

 

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.

– Сіздерді 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани келісім күні өздеріңізбен келелі кеңес құрып, пікір алмасуды жөн көрдік. Дін – саясаттан бөлек, мемлекеттен бейтарап болғанмен, рухани құндылық ретінде ажырай алмайды. Елімізде діни конфессия өкілдерінің бір шаңырақтың астында ауызбірлікте өмір сүруі мемлекеттің дамуына оң әсер етеді, – деді басқарма басшысы.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Қарақұлов Еркебұлан, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Смольянов Виталий және басқа да дін өкілдері сөз сөйледі. Сонымен бірге облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов те сөз сөйлеп, пікірін білдірді.

Кездесу соңында діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге орай алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ КАРТИНГТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Rafe» мейрамханасының қолдауымен картинг спорттық жарысы «Jas Team Kart» жобасы аясында өтті.

«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 қатысушы жиналды.

Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төленнің айтуынша, жарысты ұйымдастырудағы мақсат – студент жастардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға жол ашу, олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыруға және спорт саласын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Қазіргістуденттердіңсабақтантысуақыттаспортпенайналысуғамүмкіндігіболмайжататынынаңғардық. Осығанбайланыстыолардыспортқатартып, уақытынтиімдіпайдаланумақсатындакөптегенспорттүрін ұйымдастырудамыз. Соның бірі бүгінгі «Jas Team Kart» жобасы аясында өткен картинг спорттық жарысы. Аталған жоба жастардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, денсаулығын да нығайтатыны анық. Осындай ойынға демеушілік көрсеткен «Sport Villa» ойын-сауық кешені және «Rafe» ресторан басшысына өз алғысымызды білдіреміз, - деді ол.

Бүгінгі өткен спорттық жарысына 7 команда өзара сайысты. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жету керек. —БүгінгікартингспорттықжарысынаОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келген болатынбыз. Осындай керемет жарысқабіріншіретқатысып, сайысқатүстік. Ойынбарысындажаңаортатауып, спортсаласынаөзүлесіміздіқостықдепойлаймын. ТартыстыойынғақатысуымызғамүмкіндікбергенЖастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын, – деді ОҚМПУ студенті Бақберген Мұратұлы.

Жарыс жолында тартысты ойын көрсеткен шеберлер орталық басшысының арнайы дипломымен және кубоктарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық іс-шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген ойын түрлерін өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, бүгінгі жарыста бірінші болып мәреге жеткен Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері. Ал,екінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастарты иеленсе, үшінші орынға Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің түлектері жайғасты.