ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды.  Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып,  ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 — Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп,  ерекше әсер алдым. «Балалар жылында»  айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қаласының әкімдігі әрдайым Сіздердің бастамаларыңызды қолдайды,  - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

 

 Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ARMAN ALANI» Қазақстан коалициясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты арнайы ұйымдар,  кәсіптік колледждер мен инклюзивті сыныптар атсалысты. Ә.Қастеев атындағы өнер колледжі мен Шымкент қалалық жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттер өздерінің қолөнер бұйымдарын қайырымдылық көрмесіне қойып, ерекше балалар үшін шеберлік сағатын жүргізді. Бірі сыршырай жанрында қылқаламмен сурет бояса, бірі ермексазбен түрлі ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасады. Ал, Оқушылар сарайы мен Саз колледжінің шәкірттері қазақтың көркем күйін шертіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай, ақ, танымал киім дизайнерлері ұлттық киімдер мен салтанатты киімдердің дефилесін өткізді.

  — Фестиваль Шымкент қаласы әкімдігінің, Азаматтық Альянс,  Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен  ұйымдастырылды. «АРДА»,  «JanBota», «Рахмет саған, Анашым»,  « I am Bala», «Bambini» оңалту орталықтарынан 150-ден астам бала келді. Алдағы уақытта бұл фестиваль жыл сайвн дәстүрлі түрде өткізетін боламыз. Қолөнер шеберлері мен колледж студенттері өз бұйымдарын қайырымдылық мақсатында сатылымға шығарды.Одан түскен қаржы ерекше балалардың қажеттілігіне, еміне жұмсалмақ,- деді А.Қарабеков атындағы оңалту орталығының директоры Ф.Бакибаева.

 Айта кетейік,  Шымкентте 143 мектепте ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған. Қаланың 88 жалпы білім беретін мектепте 829 бала инклюзивті білім алса,  9 мектепте ашылған 59 арнайы сыныпта 471 оқушы оқиды.  Сондай-ақ,  Шымкентте 5 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді.

Отырарда Қазақстан тарихындағы ерте темір дәуірі жәдігерлерінен тұратын көрме ашылды

25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен 11-26 қазан аралығында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрмесі ашылды.

Отырар: Шәуілдірде ауыл әкімінің сайлауы өтуде

Бүгін, Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлау науқаны өтуде. Таңнан бастау алған сайлауға ауыл тұрғындары белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасап, ауылдың болашағына бей-жай қарамайтындықтарын танытуда.

Түркістан: «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы жиын өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында “Amanat” партиясының мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы қала тұрғындарымен кездесу жиын өткізді.

Қ.Р Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру мақсатында бірақатар баяндамалар оқылды. Атап өтетін болсақ, «Халық қатысатын бюджет» тақырыбында Түркістан қаласы әкімдігінің “Экономика және қаржы” бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы баяндама жасайды. Сонымен қатар, «Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту» тақырыбында Апсен Санжар және «Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ!» тақырыбында Исетова Олмасхан Розбайовна баяндамаларын көпшілікке ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар Жолдауға ерекше қолдау бар екенін жеткізіп, зейнеткерлікке шығу, бір, екі және үш балалы аналарға жәрдемақы беру жұмыспен қамту тақырыптарында ұсыныстарымен бөлісті.

Отырарда «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты республикалық акциясы бастау алды. Аталған акция аясында бүгін ауданымызда жаппай сенбілік өтті.

Отырар ауданы әкімінің есепті кездесуі Көксарай, Аққұм ауылдарында жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов Көксарай, Аққұм ауылының тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Аудан басшысы 3- тоқсанды қорытындылап, ауылдың экономикалық даму көрсеткішін баяндап, елді мекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.

Отырар: аудан әкімі кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты

Отырар ауданы әкімінің сапары Балтакөл ауылында бастау алып, жеке кәсіпкер Бөкейхан Нурдаулет Жантөреұлының иелігіндегі «Бөкейхан» шаруақожалығында болды. 20 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер бүгінде Ресей еліне қауын сатумен қатар қауыннан қақ, қауын құрт өндірісін қолға алған.

ТҮРКІСТАН: ЕЛ ТІЛЕГІ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖАҢА ФОРМАТТЫ ХҚКО БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің “Бекзат” мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесуінде сектор аумағынан Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу бойынша тұрғындар мәселе көтерген болатын.

Осы мәселеге қатысты қала әкімі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы филиалының директоры Бахыт Басымбекке ұсыныс жолдап, ел тілегін жүзеге асыру үшін қолдау білдіруге шақырды.

Ынтымақты тірліктің нәтижесінде бүгін үш бірдей сектор тұрғындарына қолайлы жерде жаңа форматтағы “New” Цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

Аталған нысан Төле би көшесінде орналасқан. Цифрлық ХҚКО-да енді “Шауғар”, “Бекзат” ,“Сауран” мөлтек аудандарының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін иеленді.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма аппаратының басшысы Қуатов Қуандық қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

“Цифрлық ХҚКО-да қызмет көрсететін операторлар болмайды, адамдардың цифрлық қызметтерді алу сауатын ашу орталығы ретінде қызмет жасайды. Әрбір азамат жоғары технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға үйренеді. Себебі осы жерге келу арқылы азаматтар қызметтерді қалай алудың оңай екенін көріп, болашақта бұл жерге келмей үйінде не басқа жерде қызметтерді ала алады”-деді басқарма аппаратының басшысы Қуандық Қуатов.

Бұл заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі. Мұнда азаматтар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қолжетімді пункттер, «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының және планшеттердің көмегімен электрондық өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Келушілер оператордың көмегінсіз өздеріне қажет кез келген құжатты рәсімдеп, цифрлық сауаттылық дағдыларын шыңдай алады.

Сонымен қатар, орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы шақыру батырмасы және жеке терезе жұмыс істейді. Балалары бар келушілерге ана мен бала бөлмесі де қарастырылған.