Шымкент: Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашады

Шымкент: Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашады

Бұл жайында ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында «Үміт» зағип жандарға арналған мектеп-интернатының қызметкерлерімен кездесу барысында айтылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова,  «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары  Қайрат Сүлейменов, Альбина Балғабайқызы, Сұлтанғали Нұрлыбайұлы қатысты.

Кездесуде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауында айтылған саяси реформаларды жүзеге асуыруда тиіст жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті.

- Биыл білім саласына жаңа өзгерістер енгізілуде. Осыған байланысты қаламызда бірқатар шаруалар атқарылды. Қала бюджетінің 30 % -дан астамы білім саласына бағытталып,167,8 млрд теңге бөлінді. Оқу жылының басынан 1-4 сынып оқушыларына 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Оған 6 млрд жуық қаражат қаралды. Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашады.  Мұғалімдер білімді, ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеп шығару олардың басты міндеті саналады,- деді Альбина Елшиева.

Депутаттың айтуынша,  7 200 баланың жазғы демалыс лагерлеріне жолдамаға 300 млн. теңге бөлініпті. Сонымен қатар, Жолдаудағы саяси өзгерістер жайында Жанар Бектаева сөз алды.

— Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 32 бабына өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп, ол жалпыхалықтық референдумда қолдау тапты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы биыл екі рет халыққа Жолдауын арнаса, бұл елімізде саяси-экономикалық өзгерістердің жүріп жатқанын білдіреді. Жолдаудың бағытымен дамудың жаңа жолымен жүріп өтуге мүмкіндік аламыз. Біздің елімізде ең алдымен адам құқығы қорғалуы тиіс. Бұл жөнінде яғни,  адамдардың денсаулығы, тегін білім алуы, заң алдында өзінің құқығын қорғауы AMANATпартиясының тұғырнамасында айтылған, - деді ЖанарӘлібекқызы.

Елімізде қараша айында болатын кезектен тыс президенттік сайлауда  әр азамат кімге дауыс берем десе де  өз құқығы. Ең алдымен билікке келетін адамды дұрыс таңдасақ қана, мемлекеттің өркениетті, дамыған елдер қатарынан көрінетіні анық.

Жиын соңында қатысушылар мен мектептің қызметкерлері өзара пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

Түркістан: Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысатын үміткерлердің әңгімелесуден өту кестесі

Әңгімелесуден өту кестесі

  1. Набиев Бекзат Мирзанұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:00
  2.  Абдусамат Ерғали Умарұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:15
  3. Данияр Қанат Қайратұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат в 16:30
  4. Өмірбеков Байбек Нұрбекұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 16:45
  5. Құрақбай Құнанбай Дәулетұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:00
  6. Оманов Сапарали Ахбаралиевич, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:15
  7. Шамшат Мұхаммедхайдар Оралбайұлы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тәуке хан, 100 үй, 2022 жылдың 18 қазаны, сағат 17:30

Түркістан: Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер "Адал көмек" жобасы аясында өз шешімін тапты

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.

Келелі жобаның негізгі мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.

Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін денсаулық сақтау саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.

Олардың қатарында, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Түркістан қалалық емханасы, Түркістан қалалық балалар емханасының өкілдері бар.

Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері денсаулығына байланысты портал ашу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді, сондай-ақ екі азаматқа мүгедекттік топ алуына шешім шығарылып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жолдама берілді.

Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.

ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өңірде өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша көмек көрсету үшін қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар медициналық-әлеуметтік есепке алынады. Облыстағы қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға құқықтық-психологиялық көмек көрсететін орталық қызметін бастады. Онда психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі.

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мен әйелдердің денсаулығын қорғау туралы мәселелер қозғалды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар туралы да айтылды.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қылмыстың алдын алу мақсатында полиция тарапынан көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Тіркелген қылмыстарды сараптаған мамандар отбасындағы жанжалдың орын алуына көп жағдайда ішімдік себеп екенін айтады. Сотқа жолданған іс құжаттардың 64% екі жақтың татуласуына байланысты қысқартылған.

Облыс бойынша босану жасындағы әйелдер саны 444 мыңнан асады. Оның ішінде жүкті әйелдер саны – 32 303. Жыл басынан бері 37 мыңнан астам нәресте дүниеге келген. Әйел денсаулығын жақсартуға бағытталған барлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, ұрпақты болуға қабілетсіз деп танылған пациенттерге экстракорпоралдық ұрықтандыру әдістері ұсынылады. Биыл 670 квота бөлініп, 520 жұп арнайы медициналық орталықтарға жолданды.

Ана өлім-жітімін төмендету бойынша шаралар кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру, екпе егу, контрацепциялау, жүктілікке алдын-ала дайындау, цифрландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтитын жоспарлар шеңберінде іске асырылуда.

САЙРАМ: «УЧАСКЕ» ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Сайрам ауданы аумағында 2022 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсуіне байланысты елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарды анықтау, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату және аумақта қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында өткізіліп отырған «Учаске» ЖПІШ барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, ІІО-да есепте тұратын тұлғалар, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер, саяжай алқаптары, жертөлелер, мал қоралар, қасапханалар мен өзге де орындар тексеріледі.

Іс-шараның алғашқы 10 күнінде барлығы 770 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалға берілетін 12 пәтер, 18768 тұрғын массивтері, 51 шаруа қожалықтары, 45 сауда орындары мен базарлар, сонымен қатар ІІО-да есепте тұратын 128 тұлға мен 584 қару иелері тексерілді.

Аталған іс шара барысында Сайрам АПБ қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара жалғасуда.

САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА ЖӘНЕ ТАУЛЫ ҚАРАБАҚТАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына және әскери борышын өтеген азаматтардың Таулы Қарабақтан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, аудан орталығында іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ардагерлерге құрмет көрсету, ерлік жасаған ардагерлерді еске алу және жастарды отан қорғауға шақыру.

Республикалық Қарабақ этносаралық ұрыс қимылдарының төрағасы, облыстық төрағалар, «Түркістан облысы Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысы Таулы Қарабақ этномәдени бірлестігінің төрайымы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылары мен өкілдері, аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, "AMANAT" партиясы Сайрам ауданы филиалының Атқарушы хатшысы Алмас Абдикадиров, Таулы Карабах этносаралық қақтығына ауданнан қатысқан жауынгер ардагерлер қатысты.

Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта батырларға тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жариялап, рухтарына арналған құран бағышталды. Екінші дүниежүзілік соғысында мерт болған сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Мұнан кейін аталған іс-шара Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде жалғасты.

Іс-шараға келген қонақтар мен ардагерлер Таулы Карабах этносаралық қақтығысында әскери борыштарын өтеген жауынгерлердің ерліктері аталып, Әзербайжан елінің Шуша қаласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер Ж.Төлегенов және Е.Барынбетовтерді құрметпен еске алып, үнсіздік жарияланды.

Облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдерінің ұйымдастыруымен Карабақтағы бейбіт халықтың өмірі мен этноаралас қақтығыстың басталуы туралы көрініс сахналанып, «Гарабах» би ансамблінің «Гарабах» биі орындалды.

Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «Таулы Карабах ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Базарбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Ж.Урманов құттықтап, ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Облыстық Таулы Карабах этносаралық ұрыс қимылдары қорының төрағасы М.Дәрібаев, аудан прокуроры және Таулы Қарабақ этносаралық қақтығысының ұрыс қимылдарының Сайрам ауданы бойынша төрағасы Бахтияр Батаев ардагерлердің ерліктері жастарға үлгі екенін айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Түркістан облысының «Гарабах» әзербайжан ұлттық этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева Әзербайжан елінен арнайы жолданған алғыс хатты Б.Батаевқа тапсырды.

Шара Жеңіс күні және сарбаздардың құрметіне арналған концерттік бағдарламада ұласты. Ән аясында таулы Карабахтағы қақтығыс туралы бейнероликтер көрермендерге ұсынылды.

 

САУРАН АУДАНЫ ЖАСТАРЫНЫҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ

25 қазан Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Сауран ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "ӘН-САLIKЕ" ән кеші өтті.

Әуезді ән кешінің шымылдығын облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы ашып берді.

Кештің басты мақсаты - Сауран ауданындағы дарынды жастардың талантын паш ету, жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін ояту, мәдени ортаны қалыптастыру болып табылады.

Сауран ауданының Түркістанға тарту еткен ән кеші жастардың көңілінен шығып, әуелеген әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өнерлерін ортаға салды.

Әуенді кеш барысында Сауран аудандық Жастар орталығының мамандарынан құралған “Жастар” триосының әні мен кештің финалдық бөлімінде шырқалған “Жастар” әні көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 

Сайрам ауданы аумағында «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Сайрам ауданы аумағында үстіміздегі жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шараның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, жолын кесу, есірткі притондарын жоюға бағытталған жұмыстар жүргізу, жастардың жаппай демалу орындарында есірткі құралдарын таратуды болдырмау, көпшілік орындарда рұқсатсыз фармацевтикалық жұмыспен айналысатын жеке тұлғаларды анықтау.

Құрамында есірткі заттары бар және тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, есірткі құралдары мен жабайы өсетін сораның тізбесіне енгізілген өсімдіктерді жоюға шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заңсыз егістер мен өсетін жерлер, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктер анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

ЖАНАРЛАРДЫ ЖАУЛАҒАН ЖАЙДАРМАН— ШЫМКЕНТТЕ

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының концерт залында «Жайдарман-2022» маусымашары өтті. Фестивальге еркін құрама командадан жасақталған 15 топ өнер көрсетті.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Жайдарман ойындарының мақсаты — жасөспірімдердің бастамаларына қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасын нығайту. Оларды ізденіске үйретіп, шығармашылығын шыңдау.

Қазылар алқасының құрамында танымал әзілкеш Қабдол Тілеков, Оңтүстік өңірінің мақтанышы, әлем чемпионы Біржан Жақып, Әзіл әлемі театрының белгілі актеры Медет Досқанаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдықожаев және Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбек болды.

— Жайдарман ойнау оңай емес. Бұл ойын көп ізденіс пен еңбекті қажет етеді. Дегенмен, қазіргі жайдарманшылар бізге қарағанда бақытты. Себебі оларға барлық жағдай қарастырылған, тек дайындықпен келсе болғаны. Бірінші рет өнер көрсетіп жатқан командалардың әзілдері өтімді болды және олардың бойынан мықтылықты байқадым. Келешекте биік шыңдарды бағындырары көрініп тұр, -деді Медет Досқанаев.

Бұл жолғы маусымашар сахна төріне алғаш қадам басқан жас жайдарманшылардың тұсаукесері болды. Олар қоғамда орын алған өзекті мәселелерді әзіл-қалжыңмен жеткізіп, көрермен көңілінен орын таба білді.

— Жайдарман ұзақ үзілістен кейін сахнаны қайта жандандырды. Маусымашар –жайдарманшылар үшін үлкен мереке болғандықтан, олардың жүзінен қуанышты байқадым. Бүгінгі ойында барлығы жақсы ойын көрсетті. Болашақта да жергілікті өңірдің командалары барша көрермендерді өзінің өткір әзілдерімен қуантады деген үміттемін,-деді Заманбек Орынбеков.

Күлкі мен әзілге толы болған ойынның қорытындысы бойынша бүгінгі маусымашарда өнер көрсеткен барлық команда келесі кезеңге өтті.

19 қазан күні «Жайдарман» ойынының 1/4 кезеңі өтетін болады. Командалар өз жанкүйерлерін "Жайдарманның" жайдарлы сайысында күтеді.

 

ШЫМКЕНТ: «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІ БАҒАЛАУЫМЫЗ КЕРЕК»

Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Ж.Тәшенов атындағы университетінде кездесу өтті. Жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

1 қыркүйекте жарияланған жаңа бағдарламалық құжат әртүрлі салаларды қамтиды. Жолдаудағы өзгерістер әлеуметтік салаға да, бірқатар заңнамалық шараларға да әсер етеді. Қоғам қайраткері Еркін САТҚАНБАЕВ өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарын кеңінен әңгімелеп, «Еліміздің басты құндылығы – адам» екеніне ерекше тоқталды.
«Ұлттық сипаттағы реформалар көп талқыланды. Қазақстандықтар 2024 жылдан бастап баланың шотына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызынан төлем түссе, мемлекет оларды қалай қолдауға болатынын белсенді түрде қарастыруда. Ал жастарға ең төменгі мөлшерлемемен – жылдық 2,5 пайызбен несие уәде етілді. Бұл несиелер он мыңдаған жас қазақстандықтарға кәсіпкерлікте бағын сынауға көмектесуі тиіс», - деді спикер.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент филиалының доценті Сәуле РЫСПАЕВА мемлекет алдында ашықтық, сенім және жариялылық арқылы жаңа Қазақстанды құру бойынша басым міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Бұл қоғамның негізгі құндылықтары. Сонымен қатар, біз ұлтаралық келісімді қорғауымыз керек. Айналамызда күрделі геосаяси және экономикалық жәйттер тұр, біз Қазақстандағы – тұрақты дамуды, бейбітшілік пен өркендеуді қастерлеп, бағалауымыз керек», - деді С.Рыспаева.
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшы Гүлбақыт ДУЛАТОВА Елбасы Жолдауының республикалық және халықаралық ауқымдағы ең маңызды құжат екеніне назар аударды.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында саяси жаңғыртудың жалғасы болып саналатын экономикалық реформаларға ерекше назар аударды. Ең алдымен мемлекет барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейіне және халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға кепілдік беріледі. Осы жолғы халыққа жолдауында жиі айтылатын сөздердің бірі – Әділетті Қазақстан. Әңгіме ұлттық байлықты бөлудегі жаңа, адал көзқарас туралы болды. Сондықтан бүгінгі таңда студенттер мен мұғалімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет», - деді Г.Дулатова.
Жиын соңында баяндамашылар бірлікті жан-жақты нығайтып, әділеттілік қағидаттарын берік ұстансақ, біз қуатты да табысты ел боламыз дегенді баса айтты. Тақырып төңірегінде студенттер сұрақ-жауап алмасып, ой-пікірлерін білдірді.