Бидғат ұғымының мағынасы

Ислам дінінің таралуы мен қарқын алып дамуы тарих беттерінде баяндалғанындай, Орта Азияның  мұсылмандану кезеңі түркі қағандары тұсында бастауын алып, Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп қабылдады. Қазақ мемлекеті құрылуы кезеңінде нығайа түсіп, қазақ халқының тарихы мен руханияты, мәдениеті мен дәстүрінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болды. Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Түрлі мұсылман бірлестіктері мен діни білім беретін оқу ордалары ашылды.

Алайда исламды тану тұрғысында діни танымның таяздығынан діни топтар, ағымдар мен түрлі ұйымдарда қатар пайда болды. Олар діндегі мәселелерде талас­-тартыстар тудырып, қайшылықтар жасап отырды. Соның бірі мұсылмандар арасында жат ағым өкілдерінің  қолданып жүрген тәсілдерінің бірі – қоғам арасында «бидғат» мәселесін көтеріп, олардың түсінігіндегі діни ұстанымға қайшы барлық пікірлерді бидғат деп айыптаулары. Осындай әрекеттерімен олар мұсылман қоғамына сызат түсіріп, алауыздық отын тұтатты. Негізінен «бидғат» ұғымы жаңа құбылыстың бәріне бірдей тыйым салмайды. Бірақ нақты хадис аяттарға қайшы келіп, шариғи бекітілген үкімді жоққа шығарып жатса, ол бидғат болып табылады. Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабын алады және өзглерге үлгі болары анық.

         Бидғат – ойдан шығару, жаңа нәрсе жасау, жаңа, бұрынсоңды болмаған жаңалық  деген мағыналарды береді. Тілдік мағынасында «бидғат» – бір нәрсенің діни мәселеге немесе дүниелік істерге жататындығына, адам сол істің орындалуын діннің бір бөлігі деп санайтын-санамайтындығына қарамастан, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Фиқһ саласында бидғат енгізуші не болмаса ғылыми жаңалық ашушы адамды (мубтади′) бидғатшы деген дәреже берген.  

         Бидғат – ислам дінінің негізінде кез келген бір құндылығын алып тастау немесе  ислам дініне  жаңадан жат нәрселерді енгізу, сол секілді, дінде құпталған  заттарды оған киліктіру дегенді білдіреді. Бұл анықтамадан бидғаттың тек қана исламға бір жаңалық енгізу емес, сондай-ақ оның құрамынан бір нәрсені алып тастау екенін ұғуға болады. Демек, исламға және  оның негіздеріне кереғар жаңалықтар енгізу бидғат болғаны сияқты, оның ішінен бір нәрсені алып тастау да бидғат, әрі бұлай ету үлкен күнә болып табылады, тіпті кейде діннен шығаруға алып баратын тұстары бар. Бұл бидғаттар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ.

         Ғибадатта бидғат – деп Пайғамбар (с.а.с) және төрт халифасының заманында болмай дінімізге кейіннен кірген, ойдан шығарылған сенімдерге, сөздерге, амалдарға және әдеттерге айтылады. Ғибадатқа бидғат араластыру үлкен күнә болады. Бидғатты сүннет деп орындау харам. Бұлардың барлығын дін деп, ғибадат деп дінге қосу немесе діндегі маңызды нәрселерді дінге қайшы нәрсе, дінде бұл нәрсе жоқ деп айту бидғат болып табылады. Бидғаттардың кейбіреулері күпір, кейбіреулері үлкен күнә болады.

Бұл жөнінде құранда және хадис шәрифте былай бұйырылды: «Дін атына ойдан шығарылған барлық нәрсе бидғат болып табылады, барлық бидғаттар адасушылық, барлық адасушылық та жаһаннамға апарады» (Бұхари, Муслим, Ибни Мажә, Нәсаи) сынды ғалымдар анықтама берген.

         Ғалым Имам Науауи «Тахзибул Асма уа Луғат» кітабында баяндалып келген ғалымдардың анықтамаларынан түсінеріміз: бидғат – Пайғамбар (с.а.с) кезінҒде болмаған жайт, егер Құран мен хадисте оны дәлелдейтін негіз болмаса қабылданбайды және ол жақсы немесе жаман болып екіге бөлінеді. Бұған Пайғамбар (с.а.с)  «Сахих Мүслімде» келген басқа бір хадисі дәлел болмақ:

         «Кім Исламда қандай да бір жақсы әдет бастаса, сол өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады, және бұл олардың сауабын еш кемітпейді, сол секілді кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзінің амалы үшін жаза тартады және соны істейтіндердің де жазасы еш кеміместен сондай болады»

          Қорыта келе, ғұламаларымыз жақсы және жаман бидғаттың ортасын ажыратып алудың басты өлшемі – ислам шариғатының жалпы ережелері екенін айтты. Яғни, Пайғамбар (с.а.с) уақытында байқалмаған іс- әрекет осы шариғат ережелеріне сәйкес келсе, онда ол қателікке апаратын бидғат болып саналмайды. Керісінше, бұл мақтауға тұрарлық, «жақсы бидғат» саналады. Бұл дегеніміз, Пайғамбардың (с.а.с) қалдырған сара жолымен жүрудің нақты айғағы болмақ.

Е.Ештай 

Теолог маман 

ШЫМКЕНТ: «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн түрде өткен байқауға этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты.

Айта кетейік, аталмыш жарысқа Республиканың барлық өңірлерінен 5-12 жас аралығындағы 531 бала өтініш берген болатын.  Олар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда байқау «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге тағзым» тақырыптары бойынша өтті. Қазылар алқасы балалардың жұмыстарын қарап шығып, үздік 10 оқушыны жеңімпаз деп таныған.

–«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ілгерілету жөніндегі тапсырмасымен үндесіп, үйлесіп жатыр. Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет. Тілдің маңызын арттырып қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың бойына дарытуға әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Бұл – ортақ міндетіміз. Бала жастан тілді үйретудің де маңызы жоғары, - деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.

М.Шотанов республиканың әртүрлі өңірлерінен келген байқау жеңімпаздарын марапаттап, оларға арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Марапаттау рәсімінде қазылар алқасының мүшесі Зәуре Оралбаева мен Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов сөз сөйлеп, жеңімпаз атанған оқушыларды құттықтады.

Естеріңізе сала кетейік, «Мың жүйрік» ағартушылық жобасы  былтыр бастау алған. Қазақ тілін меңгеруге арналған ағартушылық жобаға республика аумағында тұратын 300-ге жуық этнос балалары қатысып, ережеде көрсетілген талаптарға сай 4 бағыт бойынша өз өнерлерін бейнеролик арқылы ұсынған. Қазылар алқасының төрағасы Қ.Сапарханұлы қатысушы үміткерлердің өнерін жан-жақты сараптай келе, олардың ішінен ережеге сәйкес 10 баланы таңдады. Атап айтқанда, ұйғыр этносының өкілі Мехриай Абдуллаева (Алматы қаласы), әзірбайжан этносының өкілі Азат Рамисұлы (Түркістан облысы), маңғыстаулық орыс этносы өкілі Ева Джоева, украин этносынан Эмиль Коваленко (Шымкент), қызылордалық Амелия Пак (корей этносы), тараздық түрік қызы Эльзара Халилова, шымкенттік балақай Темурбек Халмұрат, араб этносының өкілі Ахмед Шавки (Шымкент), павлодарлық неміс ұлтының өкілі Евгений Шлиттер, шымкенттік татар этносының жас өкілі Наиль Юскаев және олардың жетекшілері марапат төрінен көрінді. Оларға арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталған еді.

 

 

"AQ-QARA.KZ" ақпарат

Cарыағаш: Аяқ киіміне есірткі жасырған шетелдік қамауға алынды

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Наоми» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдікті азаматтың аяқ киімінен есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «гашиш» есірткісі екені расталды.

Ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені анықталды. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан:Полицейлер есірткі жарнамалаған 214 сайтты анықтады

Түркістан облысының полицейлері интернет әлеміндегі есірткі саудасына тосқауыл қою, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Мәселен жыл басынан бері ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлерімен, осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 214 есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау бойынша шешім қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органға жолданған.

Жалпы облыс полицейлері 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысын тіркеді. Оған қоса 208 есірткі теріс қылықтары анықтады. Оның ішінде 19-ы есірткі сату қылмысы, 19-ы аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і есірткі контрабандасы. Есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ 200 000 түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.

Түркістандық тәртіп сақшыларымен бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылып, есірткісіз қоғамның қалыптасуы жолындағы іс-шаралар іске асырыла бермек. Есірткімен күрес – ешқашан тоқтамайды!

Түркістанда «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты Түркілер форумы өтуде

«Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты Түркілер форумының ашылу рәсімі Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті. Шара  университеттің 30 жылдық мерейтойына орай өтті.  Аталған шараға бүгінгі таңға дейін университет қабырғасында білім алған түлектер мен ардагер ұстаздар, студент жастар келіп қатысты.

Форум, түлектер Аллеясының ашылуымен және көшет отырғызумен басталды.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өтті. Онда оқу орда ректоры Жанар Аманкелдіқызы, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ брифингте университетіміздің негізін қалаушы тұңғыш ректор, ҚР ҰҒА-ның президенті, академик Мұрат Жұрынұлы, оқу орданың құрылған күннен бастап тарихынан ұмытылмас естеліктермен бөлісті.

Жиын түлектер форумының салтанатты шарасына жалғасты. Алдымен университет жайында танытым видеоролигі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, өткенге шегініс жасалып, университетімізде талай от жалын шәкірттің санасына білім сәулесін ұялатқан, бүгінде қатарымызда жоқ марқұм болған ұстаздарға арнау қойылды.
Осылайша әсерлі жалғасқан шарада университет ректоры Жанар Темірбекова мен Ректор Өкілі Женгиз Томар, құттықтау сөз сөйлеп, қара шаңырақ саналатын білім ордасына келген түлектерге өз ризашылықтарын білдірді.
Шараның ашылу салтанатында ҚР ҰҒА-ның президенті, академик Мұрат Жұрынұлы, университет тарихынан құнды мәліметтерді айта отырып, форумға келген түлектерге, шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Форум барысында Академик Мұрат Жұрынұлына «университеттің құрметті профессоры» атағын беру рәсімі өтті.
Аталған форумда, университетіміздің 30 жылдығына орай Медиа және PR орталығының фото-маманы Нахып Шынтеміровтың фото көрмесі көпшілік көрерменге ұсынылды. Онда оқу ордамыздың әр жылдардағы сәтті кадрлары мен ірі іс-шаралардың суреттері ілінді.
Айта кетейтін жайт, алғаш рет ұйымдастырылып отырған түлектер форумы екі күнге жалғасады. Онда түрлі сессиялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен майталман мамандардың шеберлік сыныптары өтетін болады. Сонымен қатар, университеттің даму болашағы туралы баяндамалар және түлектердің ұсыныстары мен пікірлері талқыланбақ. Форум соңы түлектердің университет кітапханасына «Кітап сыйлау» акциясымен жалғасып, арнайы мерекелік концертпен қорытындыланатын болады.

ТҮРКІСТАН КІТАПХАНАШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы екі бірдей жетістікке жетіп отыр. 13-14 қазан күндері Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ұйымының отырысы өтіп жатыр. Мұнда облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбековаға «Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапаттады. Бұл мәртебе еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек бір кітапханашыға беріледі.

– Жыл сайын Одақтың кезекті отырысы ұйымдастырылып, түрлі мәселелер талқыланады. Биылғы жиында ҚР Мәдениет туралы Заңының 24-ші бабы – кітапхана ісі бойынша өзгеріс енгізу туралы қарастырылып, кітапханашылар өз ұсыныстарын білдірді. Әрі қарай Заң жобасы Парлаентке ұсынылатын болады. Аталмыш номинацияға лайықты деп таныған басшылыққа алғысым шексіз. Бұл арқылы үлкен жауапкершілік, таудай сенім артылды. Бұл – Түркістан облысындағы 395 кітапхананың бірлесе атқарған еңбегінің нәтижесі, – деді Жанат Сәдібекқызы.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясындағы «Кеңістікте бағдарлау» республикалық байқауында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы III орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды. Екі ай көлемінде зағип, көзі нашар көретін балаларға арналған тактильді кітаптарды кітапхана қызметкерлері Алия Жұмабек пен Дана Байдәулетова, Сұлтанбекова Айнұр өз қолымен тіккен болатын.

Айта кетейік, халықтың рухани игілігі үшін еліміздің кітапхана ісін нығайту жолында күш-жігерін аямай еңбек етіп жүрген руханият шырақшылары жақын күндері кәсіби мерекелерін тойлауы мүмкін. Яғни, елімізде 24 қазан –Кітапханашылар күнін атап өту жоспарлануда.

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАЗЫБЕК ИСАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістанда халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырымды айттым далаға» шығармашылық кеші өтті.

Алдымен келген қонақтар шығармашылық кітап көрмесін тамашалап, Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген «Текті сөздің төресі» термелер жинағының тұсауын кесті. Содан соң мерейтой иесіне арналған «Тәуелсіздік тарландары» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Ақынның туған жері шағалалы Шардарадан бастау алып, Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда жалғасын тапқан кешті жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек жүргізіп отырды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңір басшысының құттықтауын жеткізіп, ақынға құрмет көрсетті. Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев те Түркістан өңірінен шыққан ақынның қоғамға сіңірген еңбегі мол екенін айтты. Бұдан әрі Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды- драма театрының әртістері Қазыбек Исаның өлеңдерін оқыды.

Мерейтой иесінің әріптестері мен достары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері ақжарма тілектерін арнады. Кеш барысында бишілер мың бұрала би билесе, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Кеш соңында мерейтой иегері сөз алып, келген көрерменге алғысын білдірді. Шәмші Қалдаяқовтың «Отан» әні кеш шымылдығын жапты.

ТҮРКІСТАН: "АЯҚТАЛАТЫН ЖҰМЫСТЫҢ СОҢЫНДА ЖҮРІП, АТҚАРЫЛАТЫН ТІРЛІКТІ ЕСТЕН ШЫҒАРЫП АЛМАҢЫЗДАР"

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бөлім басшыларымен өткен жиналыста осылай деді.

Тапсырмалардың орындалуы туралы есептер тыңдалғанда қала басшысы 2023 жылғы жоспарға бірінші кезекте енгізілетін мәселелерге арнайы тоқталды.

"Жұмыс жоспарын осы кезден тиянақтаңыздар. Құжаттарды рәсімдеу кешіктірілмесін. Ұсыныс сектор жетекшілерімен бірге дайындалуы тиіс.

Барлық мәселені өзектілігіне қарай зерделеп, жоспарлаңыздар", - деп, орынбасарлары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

ШЫМКЕНТ «ЕЛ БОЛАШАҒЫ – КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ШАРАСЫ ӨТТІ

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Ел болашағы – кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өтті. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шымкент қаласының жас жазушылары, әдебиет сүйер қауымымен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

– Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың нақты мақсаты болуы тиіс. Жастар қазір кітаптан алыстап барады. Керісінше, біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар, азаматтар өз ұлтын сүйеді. Өмірге деген құштарлығы артады. Интеллектіміз өскенде біздің тұрмысымыз түзеліп, өндірісіміз де дамиды, – деді М.Отарбаев.

Еркін форматта өткен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Зиялы қауым өкілдері, жас оқырмандар әдебиетті дамыту мәселелері, кітап оқуға қызықтыру, кітапты жарнамалау бойынша өз сауалдарын қойды.

Айта кетейік, Шымшаһарда 240 мыңнан астам жас бар. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарында 10 мың студент білім алуда. Кәсіпкерлікті дамыту аясында 18 мың жасты жұмыспен қамту көзделуде. Кеңес отырысының қорытындысында қала әкім жастармен айына бір рет кездесіп отыратын болып шешім қабылданды. Шымкентте 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қыркүйек 2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа өз Жолдауын жолдады. Онда жастар мәселесі де назардан тыс қалмады. Яғни жастардың сапалы білім алуы мен қолайлы жағдай қарастыру айтылды.

 

 

ШЫМКЕНТ: ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы «Юнекс» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан жылыжай жұмыскерлері қауымдастығының» төрағасы Мырзахмет Сынабаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқын көрсетілген негізгі бағыттарды атап көрсетті.

-Жолдау – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Сонымен қатар, жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде оң бетбұрыстар жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмысшыларға жағдай жасау, мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Нарықтық кезеңге сәйкес, шығарылған өнімдер де бәсекеге қабілетті болуы тиіс, -деді М.Сынабаев.

«Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы өте маңызды мәселе. Президент Жолдауындағы жаңа саяси практика, жаңа саяси дәстүр –  «жариялылық» принципіне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің зерттеушілердің жаз айларында жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, қазір қоғамда әлеуметтік-экономикалық мәселелер басым. Жолдауда да Мемлекет басшысының осы бағыттарға ерекше назар аударғанын көріп отырмыз»,-деді жиналғандар.

Кездесуде мекеме жұмысшылары айтылған мәселелер бойынша сұрақ жауап алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Қала аумағында мұндай ақпараттық-насихаттық топтың жиындары жалғасын табатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 1 қыркүйекте өткен Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, онда жаңа, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі кезекті қадамдар белгіленді. Осы орайда жұмысшы тобы құрылып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

"AQ-QARA" ақпарат