Отырар ауданының әкімі Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінің халқымен кездесті

Тәуелсіз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. Халықты толғандыратын өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылатын осындай келелі жиын Балтакөл және Маяқұм ауыл округтерінде өткізілді.

Отырарда «ұстаздар күні» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Бүгін ұстаз қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз жолы - Ұлы жол» тақырыбында мерекелік концерт болып өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, білім саласында еңбегімен еленген барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

ШЫМКЕНТ: АМАНАТТЫҚТАР ЖОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫН «ЖАҢАТАЛАП» ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРДІ

 Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты  «Жаңаталап» тұрғын алабында Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті. «AMANAT»  партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдықожаев Жолдаудағы басым бағыттарды атап берді.

Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті.

Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және жаңа технологияға негізделген экономика құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және  Жолдауда айтылған 5 бағдарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту, жолдардың сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты қалыптастыру арқылы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

Айта кетейік, аталмыш тұрған алапта инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып келеді. Мәселен былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен  қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында. Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Жайлы орта қалыптастыру бағдарын ұстанған Шымкенттің «Жаңаталап» тұрғын алабында бүгінде 2 ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.

 

"aq-qara.kz" ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

 

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі бүгін Қаратау ауданында жалғасты.

 Кездесуге 400-ден астам халық, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысы Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

 Мегаполисте соңғы 9 айда атқарылған шаруа қыруар, маңызды аспект - қала бюджеті 2017 жылдан бері 4 есеге өсіп, 133 млрд теңгеден 583,5 млрд теңгеге артқан. Бұл қаржы әлеуметтің әлеуетін арттыруға, сондай-ақ маңызы бар нысандардың салынуына, денсаулық, білім, ауылшаруашылық сияқты түрлі салаларды дамытуға жұмсалуда.

Мысалы, биыл денсаулық саласы 100% компьютерлік техникамен қамтылды. Қазіргі таңда қалада 44 емхана, 4 көпсалалы аурухана, 22 компьютерлік томография, 14 магниттік резонанс томографиясы бар.

 

“Матриалдық-техникалық базаны жаңғырту бойынша биыл жоспарды 79,2%-ға орындадық. Алдағы уақытта 6 емхана мен ПЭТ/КТ сәулелі терапия, 800 орындық университет клиника салуды көздесек, бұған қоса 200 орындық периниталдық орталық ашуды да жоспарлаудамыз”,-деді шаһар басшысы.

 Бұдан өзге де оңды істерді қорытындылап, баяндама жасаған М.Әйтенов Қаратау ауданының әкімі Р.Мулкемановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады. Ол халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.

 Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақтарға жауап берілді.

Айтып өтейік, қала әкімі М.Әйтенов жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 127 кездесу өткізді. Көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған.

 

ШЫМКЕНТ: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Шымкенттегі №137 жалпы орта мектепте өткен жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов қатысты.

Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталып, ондағы саяси және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жайында сөз қозғалды.

— Мемлекет басшысы биыл жыл басынан бері Қазақстан халқына екі Жолдау арнады. Наурыз айындағы Жолдау негізінде саяси реформа жүзеге асырылып, референдум өтті. Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа Қазақстан құру мақсатында күрделі шаруалар атқарылды. Ал, қыркүйек айындағы кезекті Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, еліміз үшін ең маңызды, әрі жауапты науқан кезектен тыс Прездент сайлауын өткізу жайы қозғалды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауды тапсырды. Жуырда арнайы құжат қабылданған соң, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғайтын жаңа омбудсмен тағайындалады. Яғни бұл көптеген проблеманың жедел шешілуіне септігін тигізбек, - деді Ж.Бектаева. 

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов кезектен тыс Президент сайлауының өтуі және Президенттің 7 жыл мерзімге сайлануы әлем саясаткерлерінің қолдауына ие болып отырғанын атап өтті. «Бұл елімізде демократиялық принциптің сақталып отырғанын көрсетеді. Биыл Президент сайлауы өтсе, келер жылы Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек», - деді ол.

Айта кетейік, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының №87, №137, №52, №51, №56 жалпы орта мектептердегі мүшелері жиын барысында еліміздегі саяси науқанға қатысты сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Қазығұрт: «Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ анықталды

Қазығұрт полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, оған танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң ол танысына 100 000 теңге берген. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 1 жылға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар жұмыссыз жергілікті тұрғын, ер адам анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленуші әйелдің ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар.

ОТЫРАР: Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып беріп алғыс арқалады

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, ауыл маңындағы мал жайылымнан 3 бас сиыры түнгі уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін жеткізген. Жоғалған сиырларын табу үшін мал иесі, полицейлерден көмек сұрады.

Аталған ақпаратты алысымен отырарлық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Осы аймақты жетік білетін полицейлер, айналаны толық шолып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Нәтижесінде, жоғалған сиырлар 25 шақырым жердегі егістік алқаптан табылды.

Осы орайда малдарының аман-есен табылғанына қуанған мал егесі полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді: «Мен Құрбанова Сәрсенкүл Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғынымын. Осыдан екі апта бұрын 3 бас сиырымнан айырылып учаскелік испектор Жасұлан Пірімжанов сол жоғалған сиырларымды тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!».

Сарыағаш: Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Кольт» атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте күдікті азаматтың күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «марихуана» есірткісі екені расталды.

Ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені анықталды. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан: «Түркістаным -Тұраным» қолөнер шеберлерінің фото көрмесі өтеді

«Түркістаным -Тұраным» қолөнер шеберлері, фото көрме, суретшілер көрмесі байқауының қағидасы бекітілді.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Түркістаным -Тұраным» қолөнер шеберлері, фото көрме, суретшілер көрмесі байқауы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты

«Түркістаным -Тұраным» қолөнер шеберлері, фото көрме, суретшілер көрмесі байқауы ұмыт болып бара жатқан қолөнерді дамыту мен жандандыру, ел ішінде елеусіз жүрген қолөнер шеберлері мен ісмерлер, фото суретшілер мен қылқалам шеберлері өздері әзірлеген бұйымдарды, тұрмыстық заттарын көпшілікке ұсыну, жаңарған Түркістанның көрікті жерлерін бейнелеу, фотоға түсіру және кескіндеу, ел ішіндегі дарынды қолөнершілер, фото және суретшілерді анықтау.

Байқаудың ережесі мен шарттары:

- Байқауға қолөнер шеберлері, фото суретшілер мен қылқалам шеберлері қатыстырылады.

- Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

- Қатысушы үміткерлер 3 (үш) жанр бойынша қатысады:

1. Қолөнер шеберлері (қолөнердің барлық түрлерінен)

2. Фото көрме - «Түркістаным -Тұраным» тақырыбында біріктірілген бұрыштама (стенд) жасауына болады.

3. Суретшілер көрмесі (көлемі 100х120 дан кем болмауы тиіс)

Қатысушы үміткерлер байқауға ұсынған туындылары мен қолөнер бұйымдарын белгіленген орынға көрме етіп қояды.

Қазылар алқасы қатысушыны бағалау кезінде байқау талаптарына

сай өнер түрлері бойынша қолөнер бұйымдарының жасалуына, шеберлігіне, ой ұшқырлығына назар аударады.

1. Жеңімпаздарды марапаттау

«Қолөнер шеберлері» бойынша:

І-орын (біреу)

ІІ-орын (біреу)

ІІІ-орын (біреу)

Номинация

«Фото көрмесі» бойынша:

І-орын (біреу)

ІІ-орын (біреу)

ІІІ-орын (біреу)

Номинация

«Суретшілер көрмесі» бойынша:

І-орын (біреу)

ІІ-орын (біреу)

ІІІ-орын (біреу)

Номинация

Үміткерлер құжаттарын 20.10.2022ж дейін қалалық мәдениет үйіне тапсыруы тиіс.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: -Өтініш;

-Шығармашылық өмірбаян;

-Түрлі-түсті сурет 113 Х 18 (1 дана)

-Жеке кәулігінің көшірмесі;

Байқаудың өту мерзімі, өтетін орны қосымша хабарланады.

Анықтама алу үшін: Қалалық мәдениет үйі,

Б.Саттарханов №49

Тел: 8 775-273-78-76 Майгүл

8705-690-36-35 Ақмарал

8778-959-09-50 Райымбек