Сарыағаш: Қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек Жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Пайк» атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі береді.

Күдік тудырған азаматты тоқтатып, тексеру кезінде оның күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «марихуана» есірткісі екені расталды.

Сондай-ақ ұсталған орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қатаң жаза көзделгенін ескертеді.

Түркістан облысында жыл басынан бері жол қауіпсіздігін сақтамаудың 440 мыңға жуық құқық бұзушылығы анықталды

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларын азайту үшін Түркістан облысының полицейлері жылдың қай мезгілінде болмасын қызмет атқаруда. Осынау тәуілк бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде, жыл басынан бері 439 524 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған.

Оның ішінде көлік құралын мас халде басқарудың 760 жайты, ал жылдамдықты шамадан тыс асырудың 211 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 32 134 жайты анықталды.

Сондай-ақ талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары үй жануарларының қатысуымен де орын алуда. Себебі, мал жолға шығып, жүргізушілерге кедергі келтіреді, салдарын оқыс оқиға орын алады.

Мәселен, Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған. Бүгінгі таңда малдың қатысуымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында, облыс бойынша жедел шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар жол апаттарының алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын бейнебақылау камераларының саны артуда.

Ал «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша айыптұраққа 1132 автокөлік қойылған. Жалған мемлекеттік тіркеу белгісін таққан 21 автокөлік, басқаруға құқығы жоқ 104 жайт анықталды.

Осы ретте көліктің қауіпсіздік белдігін тақпайтын, техникалық байқаудан өткізуге мән бермейтін жүргізушілер де көп екені даусыз. Сондықтан жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін.

 

 

САМБО КҮРЕСІ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН АШЫҚ АЗИЯ КУБОГЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

2022 жылдың қазан айының 7-9 шы күндер аралығында Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Ашық Азия Кубогынан жеңіспен оралган спортшыларды Түркістан орталық вогзалынан Түркістан қаласының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы және "Amanat" партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Түркістан қаласының мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ануар Амантайұлы арнайы барып жеңістерімен құттықтады, Түркістан облысының мақтаныштары.

Самбо күресінен

Жылқыбаева Айжан 1-орын

Пайыз Жадыра 2-орын

Құрдасбек Гүлзира 2-орын

Есімбек Назгүл 2-орын

Ақжігітова Айнұр 2-орын

Жауынгерлік самбодан

Құрдасбек Гүлзира 1-орын

Есімбек Назгүл 3-орын

Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директор Сарсенбаев Ануар Амантайұлы жеңмпадары мен жүлдегерлерді құттықтайды.

Шымкент: Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығы айтылды

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелері мегаполистегі кәсіпорындарды аралады. Қоғам қайраткерлері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы "Әлем-БТ" кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар туралы пікір алмасты.

– Қазақ халқында "Сананы тұрмыс билейді" деген сөз бар. Мемлекет басшысы Жолдауында осы мәселені көтеріп, экономикаға баса назар аударды. Ел экономикасын дамытуға Жолдаудың тұтас бір тарауы арналды. Сөздің тоқетеріне келсек, шағын және орта бизнеске қолдаудың маңызды екенін, оның ішінде банктер секілді қаржы институттары да жұмыс істеп, қолдау көрсетулері тиіс. Қазақстандағы кәсіпорындар елді өз өнімдерімен қамтамасыз ететіндей жағдай жасалуы керек. Біздің де ойымызша, банктер қаржыны төмен пайызбен кәсіпкерлерге берсе, бизнеске де, тиісінше, елге де пайда болар еді. Президент Жолдауының едәуір бір бөлігі саяси өзгерістерге, оның ішінде Президент және парламент сайлауына арналды. Ал парламент дегеніміз – елге қажет заң шығаратын орган. Сол парламент сайлауы келесі жылы өтеді деп күтілуде, – деді қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметұлы.

Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпорын басшыларымен де сөйлесіп, жұмысшыларға жасалған жағдай, компанияның экономикалық саясаты туралы әңгімелесті.

 Айта кетсек, «Әлем БТ» шұлық фабрикасының іргесі – 2015 жылы қаланған. Тоқу жабдықтарының жоғары технологиялық паркі 246 автоматты құрайды, олар ай сайын 1,5 млн.жұп өнім шығарады, бұл қазақстандық шұлық нарығының басқа өндірушілеріне қатысты даусыз артықшылық болып табылады. Отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Қазір мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын жылына 24 миллион жұп шұлық өндіреді.  Жетекшілерінің мәліметінше, өнімнің 95 пайызы экспортқа шығарылады.

 

"Aq-qara.kz" ақпарат

Шымкент: «STEM пәндерін ілгерілету» сөз болды

«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Университеттердің білім беру бағдарламаларында STEM пәндерін ілгерілету» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды ОҚМПУ оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев жүргізіп отырды.

— STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) -  ғылым, технологиялар, инженерия және математика ұғымын білдіреді. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде кең таралғаны STEAM  және STREM. STEAM-да өнер саласы,  STREAM-да робототехника бағыты қосылып тұр.  Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. Бұл ұғымның маңызы —білім-ғылымды өмірде, өндірісте ұштастыра білумен құнды, - деп атап өтті Қ.Анарбаев.

«Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілі Бақтыбай Әлипов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы білім-ғылым мәселесіне тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Президент әр Жолдауда жастар мәселесі мен білім-ғылым саласының жайына айрықша мән беріп келеді. Мәселен, 2-6 жас аралығындағы балалардың толық балабақшамен қамтуды тапсырды. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» дей келе, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиянақты жүзеге асыруды міндеттеді. Қуантарлық жағдай, бүгінде Шымкентте апатты мектептер мүлде жоқ. Енді бірер жылда 3 ауысымды мектептер де болмайды. Ендігі мақсат — ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы айырмашылықты едәуір азайту. Ол мына сіздердің, жас, білікті мамандардың қолында, - деді ол.

Ал, аталмыш оқу орнының Физика-математика факультетінің деканы Ақмарал Ибашева универститет қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

— STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Бүгінде физика-математика факультеті ғана емес, бүтін оқу орны бұл салаға ерекше мән беріп отыр. Біз жыл сайын қолымыздағы бар дүниелерді пайдалана отырып, түрлі құрылғылар ойластырып жүрген студенттеріміз үшін көрме ұйымдастырып отырамыз. Технологияның жетістіктерін пайдалана отырып, QR-код негізінде тарихи-танымдық ақпарат беретін орталықты жабдықтап шықтық. Яғни, тек техниканың тілін меңгеріп ғана қоймай, оны мәдениетіміз бен әдебиетімізді дамытып, тарихымызды дәріптеу мақсатында қолдана білуіміз шарт, - деді А.Ибашева.

Жиын соңында студенттер көкейтесті сауалдарын қойып, пікір алмасты.

 

"Aq-qara.kz" ақпарат

Шымкент: Жолдаудағы бастамалар халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев №106 мектеп мұғалімдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады.

Қайнар бұлақ тұрғын алабында өткен жиында халық қалаулысы Президенттің Жолдауындағы бастамалар халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететінін айтты.

–Мемлекет басшысы өз Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшері өсетінін жеткізді. «Еңбекақының нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатының басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді» деген еді. Алдағы уақытта зейнетақы жүйесі де қайта жаңғырады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, жоғары шегі 120 пайызына жетеді. 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.  Демек, 2 миллионға жуық азаматтың табысы артады. Зейнетақы мөлшері көбейеді. Бұл  әлемде орын алып жатқан саяси оқиғалардың салқынын қымбатшылық арқылы сезіп отырған бұқараға көрсетілген қолдау. Перзиденттің осы Жолдауы әлеуметтің әлеуетіне тікелей әсер етері анық, - деді Т.Балтабаев.

Аталған білім мекемесінің ұстаздары да Жолдауды жылы қабылдағанын, Президенттің әр бастамасына үмітпен қарайтынын жеткізді.

–Әр Жолдау жарияланғанда ықылас қойып тыңдаймыз. Қ.Тоқаевтың барлық бастамасынан зор үміт күтіп, әділетті, бірлігі бекем болған жаңа мемлекеттің қалыптасып жатқанына қуанамыз, - деді №106 мектептің мұғалімі Зухра Дүйсенбекова.

Жиын барысында Қайнар бұлақ тұрғын алабының инфрақұрылымы, мектепте қосымша білім мен үйірмелер үшін орын тапшылығы, балабақша және демалыс аймақтарын салу мәселесі талқыланды.

Мәслихат депутаты Т.Балтабаев ұстаздар көтерген мәселе жөнінде тиісті басқарма мен аудан әкіміне депутаттық сауал жолдауға, әр айда халықпен жиі кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беруге уәде берді.

 

"Aq-qara.kz" ақпарат

ШЫМКЕНТ: «ҚЫЗЫЛЖАРДА» ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Қызылжар» тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тауып келеді.  Алапта 684  отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды. Бүгінде Қызылжар тұрғын алабы 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.  Жыл басында қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын алап халқымен кездескен еді. Бірқатар қордаланған мәселелер көтерілген кездесуде қала басшысы биыл тозығы жеткен электр желілері мен бағаналар ауыстырылып, трнасформаторлар жаңартылатынын айтқан еді. Ал күні кеше Абай аудан тұрғындарымен есепті кездесуде Қызылжар тұрғын алабын электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталынын айтылды. Аудан әкімінің айтуынша биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселген. Олар Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гараж, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3 көшелері. Жалпы, қала басшысының айтуынша көшелерді асфальттау жұмыстары 2023-2024 жылы жоспарда тұр.Жарықтанырылған көшелер саны - 3.  Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды. Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған. Айта кетейік, атқарылып жатқан жұмыстар  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізілуде. Яғни, жергілікті билік қарапайым жұрттың жанайқайын тыңдап, мәселенің көп ұзамай шешілуін назарда ұстап келеді.

 

"Aq-qara.kz" ақпарат

Шымкент барлық сала бойынша көш басында

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың келтірген мәліметіне сәйкес, өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.  Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.

Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз. Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты. Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.

Айта кетейік, жалпы үшінші мегополис қай жағынан алғанда да көш басында. Естеріңізде болса, 01.07.2022 жылы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифинг кезінде қаланың мегаполис мәртебесін алғаннан бергі негізгі даму көрсеткіштері мен осы жылдың алты айлық қорытындысы бойынша шаһардың даму динамикасы да өте жоғары екенін айтқан еді. Яғни, соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен.

 

"Aq-qara.kz" ақпарат

Қазығұрт: Көші қондық полицейлер 92 жастағы әжейге жаңа төлқұжат табыс етті

Қазығұрттық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады.

Осы мақсатта полицейлерден құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, 1 ғасырға жуық өмір сүріп жатқан әжені анықтады.

Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, үйіне барып, фото-бейнеге түсірді. Осылайша Қазығұрт ауданының тұрғыны Айымхан Түлтебаеваға жеке куәлігін қайта жасап беруге көмек беріліп, дайын құжаты табысталды. Қазіргі таңда 92-ге келген әжеміз 7 ұл 2 қыз өсіріп, одан 60 немере сүйіп, 43 шөбере, 4 шөпшек өсіріп отыр.

92 жастан асқан кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды. Ал ұлы, анасының құжатын жасап берген полицейлерге: «Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Әсіресе, Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің көші қон қызметінің полицейлеріне рақмет айтамын! Үйімізге келіп, анамыз жеке куәлік алу үшін құжаттарды рәсімдеп, қысқа мерзім ішінде табыстағаны үшін!»-деп шынайы ризашылығын білдірді.

Жетісай: Тәртіп сақшылары күзгі терім кезінде қауіпсіздік қызметін күшейтуде

Малға жайлы, егінге қолайлы Түркістан өңірінде күзгі терім басталды. Осыған орай Жетісай ауданының полицейлері күзгі егінді жинап-теру кезеңінде, үлкен көлемдегі жүк көліктері, комбайн, түрлі тракторлармен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жол бойындағы тексерісті күшейтті. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: Құрметті жүргізушілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары жол жүру ережелерін қатаң сақтаңыздар, жолдарда абай болыңыздар