ТҮРКІСТАН:ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 3585 АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар.

Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған.

Оның ішінде, 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген.

Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 95-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері, 1595 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген.

Автокөлікпен тасымалдауда 151азамат инватакси, 8 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді.

Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 245 азамат қоларбамен қамтылды.

ТҮРКІСТАН: ДӘН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНДАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан

№4 С.Сейфуллин атындағы мектеп лицейі

Ш.Ниязов атындағы ЖОМ

№22 Б.Момышұлы атындағы ЖОМ

№14 Қазыбек би атындағы ЖОМ

№21 М.Пошанов атындағы ЖОМ

№24 М.Шоқай атындағы ЖОМ

№8 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ

№12 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ

№13 Ә.Науаи атындағы мектеп гимназия

№17 Ататүрік атындағы мектеп гимназия

№6 М.Мәметова атындағы ЖОМ

№16 Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

№9 Некрасов атындағы мектеп гимназия

№7 С.Ерубаев атындағы мектеп интернаты

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Қожа Ахмет Яссауи атындағы кәсіптік колледжі

Е.Тәңірбергенов атындағы индустриалды педагогикалық колледждерінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарына Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-сінің теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу өткізді. Мамандар оқушылар мен жастарға соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалып жатқанын айтты.Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отырғанын онымен күресуде мемлекетіміз барша күш салып жатқанын жеткізді. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.Заманауи терроризм – бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шекараларының шегінен шығып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген күрделі, көпқырлы және аса жағымсыз саяси-әлеуметтік құбылыс. Жаһандық зұлымдықпен күресудің тиімді әдістері мен нысандарын зерттеуге арналған мемлекеттер басшыларының қатысуымен көптеген халықаралық конференциялар өткізілді. Осы форумдарда терроризмге тиісті халықаралық реакцияның оған қарсы күресудің халықаралық жүйесі талап етілетіндігі туралы бірнеше рет айтылды. Терроризмге қарсы тұру үшін бізге терроризмнің мәнін нақты анықтау қажет.Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады.Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.Экстремизм – бұл қоғамдық-саяси жүйенің идеологиялық және институционалдық негіздерін жоққа шығаратын және заңды конституциялық тәртіпті тез арада күштеп өзгертуге шақыратын түбегейлі идеяларға негізделген саяси тәжірибе. Заманауи терроризм мен экстремизм қоғам мен мемлекеттік қауіпсіздігіне белсенді түрде әсер ететін ауқыммен, әлеуетті арттырумен, террористтік және эксртемисттік топтар ықпалды саяси құрылымдарға айналумен, террористтер мен экстремисттердің іс-әрекеттерінің қатыгездігімен және т.б. нысандармен сипатталады. Терроризм, экстремизм және ұйымдастырылған қылмыс – бүкіл әлемдік қауымдастық үшін аса қауіп-қатер ретінде саналады. Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс жасайды деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет.Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады. Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді. Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Әр түрлі себептермен дәстүрлі дінді жоққа шығаратын адамның көзқарастарына негізделген жастардың діни ізденісі ХХ ғасырдың жалпы көрінісін табады. Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе,  дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Себебі, адамның жеке тұлға ретінде көбінесе жас жылдарында қалыптаса бастайды. Діни көзқарастағы (деструктивті діни бағыттардың ықпалына түскен) кейбір жас азаматтар өздерін қоғам мен мемлкетке қарама-қарсы қойып, қазақ халқының рухани мәдениетіне және ұлттық дәстүрлеріне теріс көзқараспен қарайтын болды. Оларда тіпті зорлық-зомблық тәсілдерін қолданумен мемлекетіміздің саяси құрылымдағы зайырлы сипатын өзгертуге ықыластары пайда болуда. Бұл көріністер қоғамда жаңа саяси-әлеуметтік пішіндердің қалыптасуына себептес.Жалпы, дін саласында мемлкетімізде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұйымдастырылған жұмыс өзінің нәтижесін беріп, ал оның тиімділігі бірлікпен бірте-бірте өседі.Мемлкетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы кезеңде жұмыстың стратегиялық жолмен таңдалған бағыттарын жалғастыру, іс-тәжірибені біртіндеп жақсарту маңызды. Енді біз конфессияаралық келісімге, жоғары мәдениетке және қоғамды тәрбиелеуге негізделген еліміздің рухани байлығын сақтау және одан әрі арттыру үшін бәрін жасауымыз керек.

Түркістан: Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

Бүгін қаржы пирамидасы бойынша Түркістан облысы полицейлерінің тергеуінде болған екі мыңнан астам жәбірленушінің ісіне нүкте қойылды. Нақтырақ айтсақ, полицияға 2020 жылдан бастап “Evolution Corporation” мен “Индиго 24” ЖШС қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтардан арыздар түскен. Олар республиканың 6 облыс пен қалаларының тұрғындары.

Сол сәтте жасалған қылмыстың ауқымы ескеріліп, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен қылмыстық іс Түркістан облысы Полиция департаментінің базасында жүргізіліп, тәжірибелі тергеушілер тобы құрылған болатын. Топты Түркістан облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі Алтынай Жолымбекова басқарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір жылдан астам уақыт бойы жалғасты.

Жедел қолға алынған жұмыстар нәтижесінде қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысы бар деген күдікпен полиция қызметкерлері 25 адамды анықтап, ұстады. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді.

Осы уақыт ішінде полицейлер мен прокурорлар күдіктілердің кінәсінің дәлелдерін жинау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Сараптаманың 15 түрі тағайындалды.

Тергеушілер қылмыстық топтың бірнеше жылдар бойы салымшыларға ақшалары еселеп қайтатыны бойынша уәде етіп, тұрғындардан алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденгенін анықтады. Қылмыстық топтың ұйымдасқан сипатта болғаны, жоспарланған түрде әрекет еткені және әр қатысушының рөлдері нақты бөлінгені дәлелденді. Нәтижесінде тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1000 томдық қылмыстық істі сотқа жолданды.

Бүгін осы қылмыстық іс бойынша соттың үкімі шықты.

Атап айтсақ, қаржы пирамидасының ұйымдастырушы, құрылтайшылары болып саналатын 3 адам 12 жылға, ал олардың орынбасарлары болған 5 күдікті 10 жылға, қалған 17 күдікті 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста.

 

 

Төлеби: Пәтерлерді тонап, 5 миллион теңге шығын келтірген ер азамат қамауға алынды

Төлебилік полиция бөліміне тұрғындардың бірі арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу түнде үйіне терезе арқылы кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Ұрлықты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын сотты болған ер адам. Күдікті кезекпен діттеген 4 үйге ұрлыққа түсіп, жәбірленушілерге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұры жәбірленушілердің үйінен жымқырған алтын бұйымдар мен ақшаның бір бөлігін өз қажеттілігіне жұмсап, қалғанын сатып жіберген. Айғақты зат ретінде күдікті ер азаматтан ұрланған теледидар алынды. Күдікті қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді!

 

 

 

Созақте кеңсеге ұрлыққа түскен сезікті ұсталды

Созақ ауданының полиция бөліміне кеңсе қызметкері арызданған. Онда түнгі уақытта белгісіз біреулер ғимаратқа терезе арқылы кіріп, 200 мың теңге болатын теледидар мен 250 мың теңгелік ноутбугты қолды еткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада шыққан учаскелік полицейлер бірден жедел-тергеу тобына хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын 450 000 теңге. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Созақтық полицейлер қажетті жедел іздестіру шараларын атқарып, нәтижесінде ұрлық қылмысын жасаған азамат анықталды. Яғни бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, сезікті түнгі уақытта ғимараттың ішінде ешкім жоғын пайдаланып, теледидар мен ноутбугты жымқырған. Одан кейін ұрланған затты өзге біреуге сатып жіберіп, ақшаны қажеттілігіне жұмсаған.

Айғақты зат алынып, иесіне табысталды. Бүгінде сезікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдарды жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке мүліктеріне барынша сақ болуларын ескертеді.

 

Жетісай: Құжатсыз мал тасымалдаған 7 жүргізуші жауапқа тартылды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдаушы көліктерді қатаң бақылауға алған. Яғни ауданның маңызы бар жолдарында төрт түліктің құжаттары жіті тексерілуде. Мал базарға рейдтiк тексерiс жұмыстары жүргізілуде.

Осындай тексеру шаралары нәтижесінде, мал базарға сатуға әкелген ірі-қара және ұсақ малдарының құжаттары жоқ, сырғаланбаған деректер анықталды. Бұл бойынша мал иелерiне түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша 7 әкiмшiлiк хаттама толтырылды. Іс құжаттары жинақталып, заңды шара қолдану үшін аумақтық ветеринария инспекциясына жолданды.

Жалпы шара барысында 20 автокөлік тексерілді. Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз мал тасымалдау, белгіленбеген орындарда бөлшектеу мен малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында, атқарылып жатқан жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді.

Келесте кәсіп ашуға көмектесемін деп тұрғынарды сан соқтырды

Кәсіп ашуға көмектесемін деп, 5 тұрғынды алдаған ер адам ұсталды.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Әйел өз арызында, танысы «кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін» деп сендіргенін жеткізді. Сонымен қатар аталмыш алаяқ, жәбірленушіге Шымкент қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деп те уәде берген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған 2 миллион теңге берген.

Алайда ақшаны алған сезікті ұшты-күйлі жоқ болған, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, тіпті 1 жылға жуық уақыт өткізген. Алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында келестік қырағы полицейлер іске кірісті. Жәбірленуші тараптан сұрастырды. Жан-жақты ақпарат жинақтады. Соның нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ оның тағы бірнеше тұрғынды алдағаны белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп, жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жұмыссыз күдікті жалпы 5 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде.

 

 

Мақтаарал: Көлікті мас халде айдаған...

Мас халде көлік тізгіндегуші қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Мақтаарал АПБ-нің патрульдік полиция тобының инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды үнемі өткізіп отырады. Осындай кезекті тексеріс кезінде, полицейлердің назарына жүрісі күдікті, жарық шамын жақпай, қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігі ілінді.

«Атакент-Мырзакент» тас жолында анықталған көлік, полицейлермен бірден тоқтатылды. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның алкогольдік ішімдік ішкені күмәнданды. Медициналық зерттеу қорытындысы жүргізушінің «жеңіл дәрежелі» мас екенін растады.

Осылайша жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593, 602, 230-баптарымен үш бірдей хаттама толтырылды. Сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» тіркеуге алынды.

Жүргізушіге қатысты жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде көлік иесі 15 күн әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқармауды қатаң түрде ескертеді.

Жетісай: Бейнежазба арқылы ұсталған ұры...

Жасөспірімдердің түсірген бейнежазбасы ұрыны ұстауға көмектесті.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта оның үйіне ұры түсіп, алтын жүзік, алтын білезік және 13 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбiрленушiге 150 000 теңге материалдық шығын келген. Аталған дерек бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Дәл осындай арызбен полицияға тағы бірнеше тұрғын хабарласты. Оның бірі 80 000 теңге ақшасы мен 150 000 теңге болатын алтындарын белгісіз біреу қолды еткенін көрсеткен. Ал келесі тұрғын болса, үйіне жасырын кірмекші болған ұрыны байқап қалып, нәтижесінде ұрының қашып кеткенін жеткізген. Тұрғындардың жиғанын жымқырып, мазасын қашырған ұрыны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру амалдарын жүргізді.

Жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Көрген-білгендерден сұрастырды. Соның нәтижесінде көршілерінің қақпасы құлып тұрса да үйінде адам тығылып отырғанын түсіріп алған жасөспірімдердің бейнежазбасын назарға алды. Осы арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны, жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, ақша қажет болған жігіт пәтер ұрлығын жасаған. Яғни күндізгі уақытта есігі құлып тұрған үйлерге заңсыз кіріп, ақша мен алтындарды жымқырған. Осылайша оның 6 жайт ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды, жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Сезіктіден айғақты зат ретінде алтындардың бір бөлігі тәркіленіп алынды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осылайша Жетісай ауданында жасөспірімдер түсірген бейнежазба арқылы үй ұрысы ұсталып, қылмыс ашылды.

 

 

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды дрон көмегімен анықтауда

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ қауіпті учаскелердегі апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесіп, заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып іс-шараларды жүргізуде.

Жалпы жыл басынан бері облыс жолдарында 450-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде облыстық маңызы бар жолдардағы ЖКО 55,4% -ға артты. Төтенше жағдайларды қарау кезінде басты себептердің бірі қарсы жолаққа шығу. Мәселен аталған кезеңде облыста қарсы қозғалыс жолағына шығудың 47 дерегі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3% - ға көп.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Бүгінгі профилактикалық-рейдтік шара кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылды. Әуеге ұшырылатын бұл құрылғы заң бұзушылықтарды түсіріп, содан кейін бейнежазба полицейдің планшетіне жіберіледі. Бұдан әрі тәртіп сақшылары жолда құқық бұзушыларды тоқтатып, әкімшілік хаттамаларды рәсімдеп, жүргізушілерге ескерту жасады»-деп атап өтті.

Мысалы полиция қызметкерлері Кентау қаласына кіреберіс жерде профилактикалық рейд жүргізді. Жүргізушілерге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны және автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін шара көрілген. Бір көлік айыптұраққа қойылып, айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары мұндай тәжірибе оң нәтиже көрсетіп, жүйелі түрде оның жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде де жалғасатынын атап өтті.

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтаудан басқа, автокөлік жүргізушілері арасында жол ережесін қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолға шықпау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.