Мақтааралда 10 тракторға хаттама толтырылып, 2 көлік айыптұраққа қойылды

Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында, әсіресе мақта терім науқаны алдында рейдтік-профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Мақта теретін комбайн, терілген мақтаны тасымалдайтын трактор және тіркемелеріндегі жарыққа шағылыс беретін арнайы белгілері бар-жоқтығын анықтау, сонымен қатар тіркемелерге терімшілерді отырғызбау жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш рейдтік іс-шара кезінде, жалпы 51 комбайн, трактор және оның тіркемелері тексерілді. Құқық бұзушылық анықталған 10 трактор жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 2 трактор айыптұраққа қойылды.

Ақпарат ретінде айта кетсек, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері атқарған жедел шараларының нәтижесінде, 2022 жылдың 9 айында жол көлік оқиғасы 5,6% пайызға, ал қаза болғандар саны 22,2% пайызға төмендеген.

Тәртіп сақшыларының саралауы бойынша жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі, жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауының салдарынан болады. Мысалы автокөліктің жылдамдығын шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, елді мекендерде орнатылған жол белгілеріне назар аудармау, жаяу жүргіншілер өткелдерінде ережені сақтамау, автокөліктерін мас халде басқару, кешкі жарық шамдарын жақпау, бұрылыстар мен өткелдерде, жол ойықтарына назар аудармау, автокөліктердің техникалық ақауларына қарамау т.б.

Сондықтан құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары, шаруалар және жүргізушілер!

Сіздерден көлік басқару барысында жол ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Түркістан: Дүкеннен киім ұрлаған әйел анықталды

Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығындағы киім сататын дүкендердің бірінен арыз келіп түсті. Онда жәбірленуші тарап, дүкеннен белгісіз біреу ұрлық жасап, 60 000 теңгеден астам шығын келтіргенін жеткізген. Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында түркістандық тәжірибелі полицейлер бірден іске кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын қарап шықты.

Жақын аумақтарды мұқият тексерді. Соның нәтижесінде күдікті анықталып, тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, жас әйел болып шықты. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай, күдікті әйел дүкенге сатып алушы ретінде келген. Содан өзіне ұнаған бірнеше жаңа киімдерді, сөмкені ешкімге білдіртпей салып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер ұрланған заттарды күдіктіден айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан: Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтуде

Барлық NIS мектептерінде тоғызқұмалақтан желілік спартакиада басталды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада бастау алды.

Дәстүрлі додаға Түркістандағы NIS атынан 8 В сынып оқушысы Абдиламитова Жасмина, 8 С сынып оқушысы Кертай Жеңіс, 10 А сынып оқушысы Тобаханова Нұрзада және 10 В сынып оқушысы Алимбай Мейіржан қатысып бақтарын сынауда. Айта кетейік онлайн спартакиада Түркістандағы NIS желісінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Биылғы жылы дәстүрлі спартакиада Халықаралық бакалавриат мектебінің базасында өтіп жатыр, сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде NIS IB оқушылары Нұрсая Үмбетәлі мен Ерасыл Жағалбаев жүргізіп, бірегей ойынның тарихы мен ережелеріне тоқталып өтті.

Онлайн спартакиадада төрешілер құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі Нұржан Қоңырбаев пен Орал қаласындағы спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімі жаттықтырушысы Бауыржан Шурин және тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Құсайынов төрелік етті.

Биылғы жылы спартакиадаға Зияткерлік мектептердің жүзге жуық оқушысы қатысады, байқау аясында #Тоғызқұмалақта тапқырлық бар челленджі де бастау алды.

Тоғызқұмалақтан V онлайн спартакиада PlayOk платформасында 2022 жылдың 10-13 қазан аралығында қашықтан өтеді.

ШЫМКЕНТ: ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРЫ БАР АТА-АНАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

«Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының таныстырылымы өтті. Енді әрбір ерекше балаға қарап отырған ата-ана «TEN QOGAM» орталығында орналасқан қоғамдық бірлестікке тіркеліп, әлеуметтік, медициналық тұрғыда бағдар ала алады. Сондай-ақ, мамандар мұнда тек ақпараттық қолдау көрсетпей, мәселенің шешу жолдарын да қарастырмақ.

Жиынға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Е.Айтбаев, «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р. Сағадиева және еліміздің 8 өңірінен келген бірлестіктің филиал директорлары қатысты.

— Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай біз орталығымыздың жаңа мекен-жайын таныстыруды жөн көрдік. Қоғамдық бірлестік мамыр айында ресми тіркеліп, өз жұмысын бастады. Бүгінде еліміздің 14 өңірінде бөлімшелер ашылып, ерекше балалар мен олардың ата-анасына көмек қолын созу мақсатында тынымсыз еңбек етіп келеміз. Ал, Шымкент қаласындағы филиал шілде айында ресми тіркеліп, тамыз айынан бастап жұмыс істеп отыр. Қазақстанда түрлі мақсатта құрылған үкіметтік емес ұйымдар жетерлік. Алайда, ерекше баланың анасы ретінде ондай баланың және оған қарап отырған ата-ананың қоғамда түрлі кедергілерге кезігетіні белгілі. Біздің мақсатымыз — ерекше балаларды жас ерекшелігіне, диагнозына қарай бөлмей тіркеп, олардың оңалту, емдеу шараларына көмек беру. Сонымен қатар, ерекше балалардың басым көпшілігі толық отбасынан емес. Иә, баласының денсаулығына анасын кінәлап, айырылысып кетіп жататындар да жетерлік. Туған-туысының демеуінсіз, жұмыссыз, ерекше балаға қарап отырған анаға да жан-жақты қолдау қажет. Тағдырлас жандарды тәжірибе алмастырып, олардың өздерін ары қарай дамытуына жол ашпақпыз. Біздің орталық осы мәселелерді кешенді шешудің жолдарын қарастырып отыр, - дейді бірлестік төрайымы Рауана Сағадиева.

Жиынға Маңғыстау, Орал, Өскемен, Алматы, Астана, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы филиалдардың жетекшілері келіп, басқосу барысында тәжірибелерімен бөлісті.

— Шілде айының соңынан бастап белсенді жұмыс істеп келеміз. Шымкент қаласында ресми тіркелген көмекке мұқтаж 7156 бала бар. Бүгінге дейін орталыққа 200 ата-ана мен 320 бала тіркеліп үлгерді. Біздің жұмысымыздың маңызын түсініп, қолдау білдіріп отырған жергілікті билік өкілдеріне алғысымыз шексіз. Екі ай ішінде 13 басқармамен меморандумға отырып, ата-аналарымыз бен балалар алғашқы көмектерін алып үлгеріп жатыр. Мәселен, 3 жылдан астам баласының дерті бойынша мүгедектігін растайтын құжатын реттей алмай жүрген келіншектің құжатын рәсімдеуге көмектесіп, бұйыртса балаға мемлекет қаржысына 8 ота жасау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта да ата-аналардан көмегімізді аяп қалмаймыз, - дейді «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» РҚБ Шымкент филиалының жетекшісі Гүлмира Үсенбекова.

ТҮРКІСТАН ӘКІМІ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен "Отырар" мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады.

Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды,

І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Т.Бокин көшесінде қолға алынған абаттандыру мәселесін тұрғындармен келісе отырып жүргізу ескертілді.

Қала аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жайы қозғалып, тұрмыстық қалдықтар тастаған мекемелерге тиісті шара көру қажеттігін атап өтті.

Отырар мөлтек ауданындағы құрылыстарға қатысты мердігерге де біршама ескертулер айтып, тапсырмалар жүктеді.

Берілген тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, сапасына бақылау жүргізу әкімнің орынбасарларына бекітілді.

Отырар: аудан әкімдігі 45 қарияны киелі орындарға апарып, зиярат жасатып қайтты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында рухани астанамыз Түркістан қаласында болғанда көптеген ірі-ірі мәселелерді көтерген болатын. Солардың бірі де бірегейі туризм саласы. Аталған салаға ең бір қолайлы аймақ деп Түркістан облысын да атаған еді. Қазіргі күні кез-келген дамыған мемлекеттің қазынасын осы туризм арқылы толтырып отырғанын білеміз.

ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ САЛА МЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев қатысты.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек, Түркістан каласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстар және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс бөлімше бастығы аға лейтенант Русланжан Садықов пен Ауған соғысының ардагерлері, әскери жетекшілер және жас сарбаздар да оқушылармен пікір алмасты.

Жастардың бойына отаншылдық, рухани сабақтастықты дәріптеу мақсатында өткен шара барысында патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар тарих беттерінде оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен ерліктің үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және қаһарман офицерлердің өнегелі өмір жолдары бейнеролик арқылы дәріптелді.

Ерлік сабағымен қатар шара соңында жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өткізілді. Әскери ардагерлер мен ұстаздар жас сарбаздардың Қазақстан әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.

АРЫС: "Жолда жүру ережесін сақтайық" тақырыбында оқушыларға арналған түрлі іс-шараларды ұйымдастырылуда

Түркістан облысы, "Арысқаласыныңадамиәлеуеттідамытубөлімі" мемлекеттікмекемесінеқарасты " 8 В. Комароватындағыжалпыортабілімберетінмектебі" коммуналдықмемлекеттікмекемесіндесыныпжетекшілер "Жолдажүруережесінсақтайық" тақырыбындаоқушыларғажолдажүруережелерінсақтауғаарналғантүрлііс-шаралардыұйымдастырыпөткізді.

Мақсаты: 1. Оқушылардыжолдажүруережесіментаныстыру, осы «Жолдажүруережесінсақтайық» аттытақырыпбойыншабейнелеуәдісінтүсіндіру, бағытберу.

2. Жолқауіпсіздігінестесақтауға, білугежолережесінің

сақтау, ойлау, суреттеудағдыларындамыту.

3. Оқушылардыкөшедедұрысжүріп, жолережесінсақтауғатәрбиелеу.