Түркістан: көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылықты анықталды

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 4 шілде күндері аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат - жол қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту, қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

"Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 4 тәулік ішінде полицейлер 1412 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 6 дерек жылдамдықты арттыру және 62 жайт маневр жасау ережелерін бұзу жайттары болды. Сондай-ақ ұялы телефон қолданғаны үшін 289 жүргізуші, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 216 заң бұзушылығын, 70 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 32 жайтты анықтады. Ал айыппұл тұрағына 40 автокөлік қойылды.

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ сақтауын қамтамасыз ету бойынша осындай жеделдетілген іс-шараларды алдағы уақытта үздіксіз жүргізе бермек.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: 11,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер ұсталды

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу нәтижесінде облыстың 3 ауданының аумағында балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан күдіктілердің жолын кесті. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов жеткізді:

"Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, Түркістан облысының 7 тұрғынынан тұратын алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған адамдар тобын ұстадық, олардың бірі бұрын сотталған. Күдіктілер балық аулауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, яғни қайықтар, костюмдер, электр қондырғыларын қолдана отырып, табиғи ресурстарды өндіруді табыс көзіне айналдырған.

Белгілі болғандай, браконьерлер түнгі уақытта Шардара және Көксарай су қоймаларында, табиғат қорғау инспекторларының жоқ сәтін біліп, заңсыз балық аулаған. Содан кейін олар екі автокөлікпен заңсыз ауланған балықтарды Шымкент қаласының базарларына апарып сатқан. Ақшасын өзара бөлісіп отырған.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандардың заңсыз балық аулаудың 3 жайтына қатыстылығы дәлелденді. Ал келтірілген шығын көлемі 11,5 миллион теңгеден асады. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде, 2 автокөлік, 3 қайық, 4 қайық қозғалтқышы, 10 қармақ, 6 балық аулау костюмі, 2 радиостанция және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 120-дан астам балық аулау торлары мен 1,5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіледік.

Бүгінде 3 күдіктіні қамауға алдық, топтың қалған мүшелеріне қатысты "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді ҚР ҚК 335-бабы "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша жүргізудеміз. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп түйіндеді полиция полковнигі Қ.Сахов.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

Ордабасыда 8 бас жылқының етін алдап алған әйел ұсталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан «жылқы еттерін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін» - деп, сеніміне кіріп, 8 бас жылқы етін алып кеткен. Арада 1 жылға жуық уақыт өтсе де, ол созбалыққа салып, сол күйі еттің ақшасын қайтармаған. Жәбірленушіге келген шығын 2 500 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол бұрын сотты болған орта жастағы әйел. Күдікті әйел еттерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Мүліктеріңізді бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

                                                                                                                                                        «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

«Сергек» камераларының тиімділігі талқыланды

ІІМ басшысы Марат Ахметжанов “Сергек” компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар жол қауіпсіздігі мен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және түрлі қылмыстарды ашуда бейнетіркеу камераларының тиімділігін талқылады.

Жол қауіпсіздігі мәселесі – қазіргі уақытта ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көлік құралдарының саны артып, олардың жылдамдық сипаттамалары жаңарып, жолдардағы қозғалыс қарқындылығы өсіп келеді. Жыл сайын елімізде жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан ЖКО-да екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңға жуық азамат жарақат алады. Кездесуге қатысушылар осы мәселені шешу жолдарын талқылап, “Сергек” камераларының тиімділігін мұқият зерделеді. – “Сергек” көптеген бұзушылықтарды тіркейді, сыбайлас жемқорлықты азайтады. Мысалы, Шымкентте өткен кезеңмен салыстырғанда “Сергекті” орнатудың арқасында жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері жиі анықталатын болды. Ішкі істер органдары мен “Сергек” компаниясының ынтымақтастығы қоғам игілігі үшін, – деді Марат Ахметжанов. Министр атап өткендей, еліміздің үшінші мегаполисінде “Сергек” камераларының арқасында жолдардағы өлім-жітім екі есеге азайды.

“Сергек” жүйесінің келесідей ерекшеліктері бар: жылдамдықты оптикалық анықтау, машиналарды іздеу, тәуліктік бейнебақылау, бейнежазбаларды сақтау және талдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, басқа камералармен және мемлекеттік жүйелермен байланыс. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында және “Сергек” камераларының көмегімен жол-көлік апатынан болатын өлім-жітім мен қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі айтарлықтай азайды. “Sergek Development” директоры Қайрат Ахметовтың айтуынша, бұл жүйе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Түркістан, Тараз, Семей және Өскемен қалаларында іске қосылған және алдағы уақытта ел бойынша бейнетіркеу камераларының санын арттыру жоспарлануда. Айта кету керек, “Сергекпен” анықталған бұзушылықтар үшін салынған барлық айыппұлдар жергілікті бюджетке түседі. Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және бейнетіркеу жүйелерін орнату бойынша полицияның, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамның ортақ жауапкершілігі еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін тиісті түрде сақтауға септігін тигізеді.

Түркістанда 1000-ға тарта азамат көші-қон заңын бұзған

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, өңірге заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатында «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Түркістан облысының полицейлерімен аталған профилактикалық шараның 4-тәулігінде Қазақстан Республикасына келу, болу және кету Ережелерін бұзған 949 шетелдік пен ел азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 670-і шетелдік, 279-ы Қазақстан Республикасының азаматтары. Ал 79 шетелдік сот шешімдерімен ел аумағынан аластатылды.

Бұдан басқа 151 шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылса, 25 шетелдік қабылдап-тарату мекемесіне орналастырылды.

Ал өзге елдің азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен -225, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған - 44 Қазақстан азаматы анықталып, ӘҚБтК-нің 518-бабы «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы», 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Республиканың заңнамасын бұза отырып тарту» талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар сарыағаштық полицейлермен ҚР ҚК-нің 392-бабымен 1 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Сайрам: 10-нан астам қару иесіне хаттама толтырылды

Түркістан облысының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау, сондай-ақ қару иелерінің оларды сақтау тәртібін тексеру. Мәселен, Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері аудан аумағында 338 қару иесін тексерді.

Олардың ішінде қару сақтау ережесін бұзған 8 тұлға анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Сонымен қатар рұқсат беру мерзімінің аяқталу фактісі бойынша 4 адамға ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы 1-бөлігімен «Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзуна» байланысты әкімшілік хаттама түзілді. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері 132 мал қора мен 106 жылыжайды тексеріп, иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Ардагер полицейлер волейбол ойнады

«Өлі риза болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді арқау еткен Түркістан облысының полицейлері әрдайым өмірден өткен қызметтестерін еске алып, тіпті солардың атынан спорттық жарыстар өткізіп отырады. Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Темірландағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Ішкі істер органдарының ардагерлері арасында «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай және өмірден өткен әріптестері Нұржан Дәрмекбайұлы Асыловты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, отставкадағы милиция полковнигі Құдияр Ибраев, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов сөз алып, турнирді ашып берді. Олар Н.Асыловтың өмір жолына тоқталып, оның қалдырған өнегесі кейінгі ұрпақ үшін үлгі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар оның қызмет саласындағы жетістіктерін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан бөлек маңызы зор шараға Ордабасы АПБ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов, команда құрамын басқарып келген, яғни Созақ, Бәйдібек, Отырар, Арыс АПБ-нің ардагерлері, Н.Асыловтың әкесі Дәрмекбай қария қатысты. Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға алғыстарын айтты. Осыдан соң аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бірқатар ардагерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ Ордабасы АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бақытжан Маханбетов, қылмыстың алдын алуда қырағылық танытқан бірқатар полиция қызметкерлерге өз марапаттарын табыстады.

Ал спорттық доданың нәтижесі бойынша І-орынды Ордабасы АПБ-нің ардагерлер командасы, ІІ-орынды Созақ АПБ-нің ардагерлері қанжығаларына байлады. ІІІ- орынды Арыс АПБ-нің ардагерлері иеленді. Жеңімпаз командалар кубок, медальдар, мақтау қағаздары, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында қаза болған ардагердің әруағы үшін құран оқытылып, ас берілді.

 

«Өлі риза болмай, тірі байымас» деген аталы сөзді арқау еткен Түркістан облысының полицейлері әрдайым өмірден өткен қызметтестерін еске алып, тіпті солардың атынан спорттық жарыстар өткізіп отырады. Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Темірландағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Ішкі істер органдарының ардагерлері арасында «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай және өмірден өткен әріптестері Нұржан Дәрмекбайұлы Асыловты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев, отставкадағы милиция полковнигі Құдияр Ибраев, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов сөз алып, турнирді ашып берді. Олар Н.Асыловтың өмір жолына тоқталып, оның қалдырған өнегесі кейінгі ұрпақ үшін үлгі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар оның қызмет саласындағы жетістіктерін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан бөлек маңызы зор шараға Ордабасы АПБ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов, команда құрамын басқарып келген, яғни Созақ, Бәйдібек, Отырар, Арыс АПБ-нің ардагерлері, Н.Асыловтың әкесі Дәрмекбай қария қатысты. Жарыс ұйымдастырушылары қатысушыларға алғыстарын айтты. Осыдан соң аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев бірқатар ардагерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ Ордабасы АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бақытжан Маханбетов, қылмыстың алдын алуда қырағылық танытқан бірқатар полиция қызметкерлерге өз марапаттарын табыстады.

Ал спорттық доданың нәтижесі бойынша І-орынды Ордабасы АПБ-нің ардагерлер командасы, ІІ-орынды Созақ АПБ-нің ардагерлері қанжығаларына байлады. ІІІ- орынды Арыс АПБ-нің ардагерлері иеленді. Жеңімпаз командалар кубок, медальдар, мақтау қағаздары, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жиын соңында қаза болған ардагердің әруағы үшін құран оқытылып, ас берілді.

 

 

                                                                                                                                                        «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Сайрам: Полицейлер сала мамандарымен онлайн кездесу өткізді

«Жақсы әдеттер марафоны!» ұлттық бағдарламасы аясында, «Қарасу» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталықтың қызметкерлеріне вебинар өткізілді. Аталған онлайн форматтағы сабаққа Сайрам ауданы Қарабұлақ емханасының психиатр-нарколог дәрігері Дина Аитова, полиция аға лейтенанты Әділет Әметбеков, Сайрам ауданының имамы қатысты.

Негізгі мақсат - есірткі заттарын қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзіне және басқаларға саналы және жауапкершілікті қарым-қатынасты қалыптастыру, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Шара барысында дәрігерлер мен медбикелерге «Жеңістеріңнің төрт кілті», «Қорқудың қажеті жоқ, білу маңызды» деген тақырыптарда сабақ өтіліп, ақыл-кеңестер берілді.

Яғни балалармен жұмыс істеу кезінде оларға кімде-кім есірткі затын ұсынса бірден заңмен тыйым салынған заттарды қолданудан бас тарту дағдыларын үйрету керектігі туралы ақпарат берілді.

Дәл осындай тақырыппен Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне де вебинар өткізілді.

Бұл онлайн форматтағы дәріске Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Азиза Таспауова, еріктілер тартылды. Мұнда да қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалды.

Вебинар соңында еріктілер, студенттерді денсаулықты сақтайтын мінез-құлыққа, өнер-білім алуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырып, Құрманғазының асыл мұраларының бірі «Балбырауын» күйін орындады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫН КӨРДІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Шымкент қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.

 «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған.

Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады. 

—Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілуде. Оған қоса Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы желтілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде осы жұмыстың нәтижесі қалай болып жатқанын көру үшін өңірлерді аралап жатырмыз, — деді сенатор.

Айта кетейік, халық қалаулысы қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті сұрақтары және оларды шешу жолдары, әлеуметтік мәселелерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш әлеуметтік  орталық Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2021 жылдың желтоқсан айында ашылған еді.

- Шымкент қаласында 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүруде. Оның ішінде  6 мыңнан астамы кәмелет жасқа толмағандар. Біз оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіруміз қажет. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор. Бүгін ашылып отырған әлеуметтік қолдау орталығы аталған міндетті орындауға септігін тигізеді, – деген еді орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Төлебиде «түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтті

Балаларжылынөткізужөніндегііс-шараларжоспарынасай, Төлебиауданыаумағында 2022 жылдың 27-29 маусымаралығында "Түнгіқаладағыбалалар" профилактикалықіс-шарасыжүргізілді. Іс-шарааясындаТөлебиаудандықполициябөлімініңЮвеналдыполициятобыныңқызметкерлері, "Жастарресурстықорталығы" КММ-менбірлесекүндізгіжәнетүнгірейдбарысындазаңдыөкілдерініңеріпжүруінсізтұрғынжайдантысжердесағат 23-тентаңғы 6-ғадейінболуыбойынша 38 жасөспіріманықталып, оныңішінде 4 жасөспірімніңзаңдыөкілдеріне 3 АЕКмөлшеріндеайыппұлсалынды.

Соныменқатар, кәмелетжасқатолмағанадамдарғатемекініжәнетемекібұйымдарын, алкогольөнімінөткізгендүкениесіменсатушыларғақатыстыәкімшілікшарақолданумақсатындақұжаттаржинақталып, сотқажолдануда.

"Құрметтіаудантұрғындары! 2022 жыл «Балаларжылы» аясында, Төлебиаудандықполициябөлімініңжоспарынасай, рейдтікшараларжүйелітүрдеөтеді",- дейді мамандар. 

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат