Түркістан облысы: Арыста «Әже – ұлт ұйтқысы» атты мерекелік шара өтті

Арыста «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Шара қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орайластырылды. Мерекелік кешке шаһар басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге Түркістан облысынан келген қадірлі қонақтар қатысты.

Түркістан облысында 57 елді мекенге газ тартылады

Түркістан облысында 1,5 миллионнан астам халық табиғи газбен қамтылған. Биыл 103 нысанның құрылысына 16,5 млрд.теңге бөлінді. 68 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, 122 мыңға жуық тұрғын мекен еткен 57 елді мекенге газ тартылады. Қалған 35 нысанның құрылысы келер жылы аяқталады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сала басшыларымен аймақты газдандыру деңгейін арттыру мен бұл саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Оларды шешу жолдары ұсынылды.

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

Биыл 5 қараша күні Түркістан облысында Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев хабарлады.

Түркістан: құрылыс нысандарының сапасын бақылау күшейтілді

Түркістан облысы аумағындағы жеке қаражат есебінен салынып жатқан кейбір құрылыс нысандары тарапынан сәулет, қала құрылысы қызметі саласында заң талаптары өрескел бұзылуда. Бұл туралы өңірде жүргізіле бастаған кешенді мониторинг барысында анықталды.

Түркістан облысында 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған

Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқаны белгілі. Алайда өзекті мәселелер де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында тұрғын үй саласындағы жұмыстар сараланып, кемшіліктер талқыланды.

Түркістан облысында өнеркәсіп саласында 14,3 мың адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.

Түркістан: жылыту маусымына дайындық және жылыжайларды көмірмен қамту мәселесі қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімдігі аппаратының апталық мәжілісінде жылыту маусымына дайындық барысы және жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жылыту маусымына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды.

Отырар ауданында «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы ашылды

Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді.

Сауран ауданы: комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

 «Сыбайластықпен күрес ұдайы жүргізілуі тиіс». Бұл туралы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі коммисия отырысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ербол Жанғазиев баса айтты.