ШЫМКЕНТ: 8,7 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.

Басқарма басшысының мәліметінше, қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандығы мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайын. 2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 17,4 шақырым жылу желілерін жөндеуге 5,0 млрд теңге қаржы қаралған болатын.

Жергілікті бюджеттен қаралған 3,2 млрд теңгегенің 8,7 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Ал республикалық бюджеттен қаралған 1,8 млрд теңгеге 2 жобаның (қайта құру) құрылыс жұмыстары толық орындалды.

– 9 айдың қорытындысы бойынша Тұран шағынауданы (2-3 кезек), Бозарық 74 га, Асар-2, Сәуле, Ақтас-1 және Арғымақ шағынаудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 5 085 абонент табиғи газбен қамтылды. Жыл сонына дейін 3 елді мекен – Ақтас-2, Ақжар және Нұртас шағынауданы (1 120 абонент) табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 94 % - дан 96 % - ға өседі.

Жалпы қысқы жылыту маусымына толық дайынбыз. Бүгін түнгі сағат 00:00-де жылу беруді бастаймыз, – деді Мақсат Қабделұлы.

Сонымен қатар, шаһарда электр жарығымен қамтамасыз ету бағытында 3 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 20 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Сапалы ауыз сумен қамту бойынша жыл қорытындысымен 6 нысан пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

ШЫМКЕНТТЕ «АРМАНДА» БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте «АРМАНДА» атты республикалық форум өтті. Шілде айында Астана қаласынан бастау алған бұл форум қоғам қайраткерлерін, меценаттарды және барлық білмекке мүдделі қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіріп отыр. Шараның негізін қалаушы әрі ұйымдастырушысы – психология ғылымдарының кандидаты, медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяров.

Шымкент қаласында өткен форумда көпшілікке Нұрлан имам ретінде танылған Нұрлан Байжігітұлы, белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы және продюсер Жан Мұқанов спикерлік етті.

Ұйымдастырушылар «АРМАНДА» білім, бизнес форумы тек арман туралы ғана емес, білім, мақсат, әрекет, қозғалыс, қуат, еңбек және нәтиже туралы шара екендігін айтады.

– Әрбір адам өмірде болатын жағдайларға дайын болуы керек. Өз басымнан да қиын кезеңдер өтті. Сол кезде түйген ойларым мен өмірден алған сабағымды көпшілікке жеткізсем деген оймен форумда қозғайтын тақырыбымды «Әйелдің жаны емес, қабілеті қырық» деп алып отырмын. Байқағаным, әсіресе, әйел адамдарға осындай мотивациялық дүниелер керек екен. Мәселен, елімізде өз ісін ашқысы келетін әйелдер көп. Сол үшін бизнесті неден бастау керек, қалай бастау керек деген сұрақтар көбірек туындайтынын білдім. Сондықтан, олар үшін өзекті мәселелерге көбірек тоқталып, барынша нәтижелі етуге тырыстым. Форум Түркістан, Қызылордада да өтті. Сондықтан жоба аясында республиканың он жеті өңірін аралаймыз, әр қалада спикерлер ауысып отырады, – деді тележурналист, форум спикері Ләйлә Сұлтанқызы.

Форумда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер – білім беру, отбасы құндылықтарын сақтау тақырыптары қозғалып, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша пікірталас алаңына ұласты. Форумға келген жастар мен студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тіпті кәсіппен айналысып жүрген жастар сол жерде бизнестегі дұрыс қадамды тәжірибе жүзінде іске асырып та көрді.

Айта кетейік, форумның іс-шаралары бұған дейін Астана, Қызылорда, Түркістан қалалрында өткен. Мұнан кейін де еліміздің бірқатар қалалары мен өңірлерінде өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қатар спикерлер форум аясында өңірлердегі балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барады.

 

Отырар ауданы: кітаптар пункті ашылды

Кәсіби маман болып, біліктілігін үздіксіз арттыруға тырысатын әр адам өзін дамытуға уақыт пен мүмкіндік таба алуы керек. Ал, адамды тәрбиелейтін бірден бір құрал ол - кітап. Қоғам алдында белгілі бір міндеттемелері бар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуден бастап халықаралық қатынастарға дейінгі салаларда мемлекеттік саясатты айқындайтын және оны іске асыратын мемлекеттік қызметшілер үшін бұл өте қажет.

Отырар ауданында жастарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Елімізде әр жыл сайын күзде және көктемде осындай қасиетті азаматтық борыштарын өтеуге тиісті жастарды салтанатты жағдайда әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтіп жатады.

Отырар ауданында «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы ашылды

Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді.

Отырар ауданы: тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Бүгін ауданда «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығының аумағында шартты түрдегі өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу жаттығу жиыны өтті.

Отырарда «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» жастар форумы өтті

Бүгін Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен форумға құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесі, жергілікті тұрғындар, ұстаздар, студенттер мен оқушылар, БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділері, жалпы 400-ден аса жас қатысты.

Отырар ауданы: қоғамдық бақылау және қабылдау жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылаулар жүргізу ұсынылған.