Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы орайда облыстық мәдениет және халық шығармашылшығы орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбы бойынша сауалнама өткізді. Жемқорлықтың салдарымен күрес қана емес, оның алғы шарттарын жою үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндірмелері жайлы кең көлемде айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында әлі де талай жұмыстар атқарылу керегін баса айтып, сауалнамадағы сұрақтарды жан – жақты талқылады.
- Пара беру дегеніміз – қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.Біз сыбайлас жемқорлық пен пара беруге немқұрайлықпен қарамаймыз және пара беруді жою мақсатында жасалатын барлық жүйелі әрекеттерді күшейтуге септігін тигізетін қарым-қатынастарды орнатуда әділ және кәсіби түрде әрекет етеміз.- Біз сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы барлық заңдарды қолдаймыз. Дегенмен, біз 2010 жылғы сыбайлас жемқорлық туралы Ұлыбритания заңына бұрынғыша бағынамыз және өз мемлекетімізде де, шетелде де сол заңдарды орындаймыз. Бұл саясаттың мақсаты: (а) сыбайлас жемқорлық пен пара беруге қарсы саясатты қолдаудағы біздің және қол астымызда жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттерін анықтау; (ә) қызметкерлерімізді сыбайлас жемқорлық пен пара беру жағдайларын анықтау және олармен күресу жолдары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. - Сыбайлас жемқорлық пен пара беру қылмысына қатысы бар тұлғалар 10 жыл бас бостандығынан айырылады. Ал егер сыбайлас жемқорлыққа біздің қатысымыз бар екені анықталса, бізге шектеусіз мөлшердегі айыппұл салынып, мемлекеттік келісімшарттар тендеріне қатысу құқығынан айырылып, өз абыройымызға нұқсан келтіруіміз мүмкін. Сондықтан, заңның бізге бекіткен жауапкершіліктеріне мұқият мән береміз.
Парақорлық әділдікті жойып, зұлымдықтың жайылуына әкелетін ең негізгі себептердің бірі. Мысалы, мемлекеттік қандай да бір құжаттарға жауапты адамның пара алу арқылы біреудің құжатын алға шығарып, кезегі келген адамның ақысын аяқ асты етуі, дәрігерлердің пара алу арқылы сау адамға анықтама жазып беруі, құрылысқа жауапты адамның заңсыз ғимараттарға рұқсат беруі немесе рұқсат етілмеген құрылысқа пара алуы арқылы көз жұмуы сияқты істердің барлығы әділетсіздік деп танылады.
Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен қырық еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) ірі мөлшерде;
3) бірнеше рет жасалса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Парақорлыққа делдал болу (368-бап).Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 368-бабында көрсетілген.Осы қылмыстың обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.
Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.
Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.