Сәрсенбі, 27 Наурыз 2024 15:32

Душанбеде тыйым салынған орындарға қоқыс тастайтындар тәулік бойы бақылауға алынбақ

Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитеті Душанбедегі 50 нүктеге бейнебақылау камераларын орнатып, қоғамдық орындарда қоқыс тастағандарды тәулік бойы қадағалайтын болады.

Душанбе қаласының қоршаған ортаны қорғау бас басқармасына қарасты бейнебақылау камераларын бақылау орталығы іске қосылды. Орталықтың жабдықтары мен камералары тәулік бойы жұмыс істейді, жазбалар бақылау үшін мәліметтер базасында сақталады.

Мұндай экологиялық шара табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын, әсіресе қалдықтарды тыйым салынған орындарға тастағандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Тәртіп бұзғандар ұсталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бастама 2024 жылы жарияланған «Экологиялық білім беру жылы» аясында жүзеге асырылмақшы.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 3073 рет