Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 09:22

АҚШ-та 105 жастағы қазақ Әсия Сардарбек қайтыс болды

АҚШ-та 105 жастағы қазақ Әсия Сардарбек өмірден озды. Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсия Сардарбек 1916 жылы Мойынқұмда (Жамбыл облысы) дүниеге келіп, Кеңес өкіметінің қуғын-сүргінінен екі рет аман қалған. Ол алғаш рет 1920 жылдардағы ұжымдастыру кезінде әкесімен бірге, екінші рет Кеңес Одағы Ауғанстанға әскер кіргізгенде қашуға мәжбүр болған.

Өмірінің соңғы кезеңінде 105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-тың Вирджиния штатындағы қарттар үйінде тұрған.

Бірнеше жыл бұрын "Алматы" телеарнасы Әсия Сардарбектің тарихын баяндаған болатын.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 2838 рет